17. Халықаралық құқық субъектілері. Халықаралық құқық субъектілері екі топқа бөлінеді: алғашқы жəне туынды. Алғашқы топқа тəуелсіздігі бар мемлекеттер: өз тəуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттар кіреді. Соңғылары өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығын жүзеге асырады. Субъектілерінің бұл екі тобы алғашқы топқа жалпы белгілері-тəуелсіздігі арқылы біріккен. Мемлекетте ол белгі- мемлекеттік болса, өз тəуелсіздігі үшін күресуші ұлттар мен халықтарда –ұлттық белгі болады. Екінші топқа халықаралық ұйымдар мен мемлекет тəріздес құрылымдар кіреді. Жеке тұлғалар халықаралық құқық субъектілерінің ерекше тобын құрайды.
Халықаралық субъектілерінің 1-ші қатарында мемлекеттер тұрады. Мемлекет бұл-саяси биліктік сипаттағы күрделі ұйым. Жалпы, мемлекеттің өмір сүруі үшін келесі төрт жағдайлардың болуы қажет. Біріншіден,мемлекеттің халқы, яғни нәсіліне, тіліне және діни көзқарасы мен басқа да жағдайларға қарамастан қоғамда бірге өмір сүретін екі жынысты адамдар тобының болу қажеттігін айтамыз. Екіншіден, осы халықтың өмір сүруі үшін жері, аумақтың болуы. Үшіншіден, мемлекетте үкімет, яғни елді басқаратын бір немесе бірнеше тұлғалардан тұратын халықтың өкілдері болуы қажет. Төртіншіден, сол үкіметтің егемендігі . Егемендік – бұл жер бетіндегі қандай да бір билікке тәуелсіз, ең жоғарғы билік.Үкіметтің егемендігі өз мемлекеті шегінде немесе одан да тыс қандай да билікке тәуелсіз болуы. Егемендік – мемлекеттің өз аумақ шегіндегі жоғарғы билігі. Сондықтан да мемлекет қазіргі қауымның саяси ұйымы болып табылады. Мемлекет үстінен оған бұйрық беретін жоғарғы билік жоқ. Мемлекеттер бір-біріне бағынбайды.Осы жерден біз мемлекеттің егемендігін көре аламыз. Егемендік-мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде міндетті, керекті белгісі
Жалпы, мемлекет негізінде толық егеменді болу қажет. Әдетте кейбір мемлекеттерде толық егемендіктің болмауына байланысты оларды жартылай тәуелді мемлекеттер деп атайды. Мұндай мемлекеттерге басқа мемлекеттің сюзеренитетіндегі (франц. сөзі-билік астындағы ) немесе федеративті мемлекеттерге мүше болып табылатын мемлекеттер жатады. Мұнда әрбір мүше мемлекеттердің өз жоғарғы билігі мен өз құқықтары болғанымен, әдетте, бұл билік пен құқық басқа мемлекеттің билігі мен құқығына тәуелді болады. Сондықтан да жартылай тәуелді мемлекеттер халықаралық құқық субъектісі болу, болмауы даулы мәселе болып табылады. Жартылай тәуелді мемлекеттердің халықаралық құқық субъектісіне толық мүше бола алмауына дау жоқ. Әдетте, оларды халықаралық қатынасқа мүлдем араласа алмайды деу қате болар еді. Өйткені олар кейбір халықаралық құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Мысалы, көбіне олар дипломаттық өкілдер немесе консулдарды жіберіп не қабылдайды, сауда немесе халықаралық басқа да келісім шарттарға отырады
Мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде үш түрге бөлінеді:
1. Унитарлы мемлекет
2. Конфедерация
3. Федерация
Халықаралық ұйымдар – бұл халықаралық құқықтың ерекше түрдегі субъектісі болып табылады. Оның құқық субъектілігі мемлекеттердің құқық субъектілігіне ұқсамайды,өйткені олардың мүшелері-мемлекеттер, сондықтан халықаралық ұйымдар туынды субьектісіне жатады. Қазіргі жағдайда ең үлкен әмбебап ұйымдар болып БҰҰ саналады.
Халықаралық ұйымдар өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру барысында құқықтар мен міндеттерге ие болмайды. Сонымен қатар олардың өздерінің жеке шекарасы болмайды.Халықаралық ұйымдар тек қана халықаралық шарттардың негізінде жұмыс істейді.
Халықаралық ұйымдар субъект болады, егер оның қатысушы – мемлекеттері халықаралық құқықтар мен міндеттерімен қамтамасыз етсе. Егер мемлекет халықаралық құқықтың қағидаларының нормаларына сәйкес барлық құқытық қатынастардың субъектісі болса, ал халықаралық ұйымдар тек оның қызметімен анықталып және құрылтай құжатына сәкес келетін құқықтық қатынастардың субъектісі бола алады. Бірақ құқытар мен міндеттердің көлеміндегі айырмашылықтарға қарамастан ұйымдар халықаралық құқық ішінде қызмет істейді және халықаралық құқық субъектілігімен қамтамасыз ететін белгілері болады. Халықаралық ұйымдар “мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау” қағидасын ұстануға міндетті. Сонымен қатар мемлекеттердің өзара теңдігі “халықаралық міндеттерді орындау” қағидаларын да ұстанады. Халықаралық ұйымдардың дауларда мәжбүрлеу құралдары мен шешу құралдарын таңдауда құқықтары шектеулі. Халықаралық ұйымдар БҰҰ-ның Халықаралық сотының отырысында тарап бола алмайды,олар тек кеңес ала алады. Халықаралық ұйымдар сонымен қатар халықаралық жеке құқықтың немесе ұлттық құқықтың субъектісі бола алады.
Егер халықаралық ұйымдар өз міндеттерін орындамаған жағдайда жауаптылыққа тартылады. Кез келген халықаралық ұйымдар мүше мемлекеттердің бастамасымен өз жұмысын тоқтатуы мүмкін. Мысалы, Ұлттар Лигасы негізіде өз жұмысын 1939-жылы тоқтатты.
Жеке тұлғалардың халықаралық құқықсубъектілігі туралы мәселе заң әдебиеттерінде көптен бері қарас-тырылып келе жатыр. Батыс ғалымдары халықаралық органдардан қорғау алуға мүмкіндіктері барына сілтеме жасап, индивидтерді халықаралық құқықтың субъектісі деп танып отыр. Сондай-ақ Еуропа Одағы мемле-кеттерінің жеке тұлғалары талап-арыздарымен Еуропалық сотқа жүгіне алады.
КСРО кезіндегі заңгерлер идеологиялық ұғымның салдарынан индивидтерді халықаралық құқықтың субьектісі ретінде мойындамаған. Бірақ 80-жылдардан бастап индивидтің халықаралық құқық субьектісі ретінде көптеген әдебиеттер пайда бола бастады.
Индивидтің халықаралық құқық субъектісі ретінде танылуы не танылмауы осы субъектіге қойылған мінездемеге байланысты. Егер индивидті халықаралық құқықтың субъектсі десек-онда бұл тұлғаға халықаралық құқықтың нормалары тікелей әсер етеді, яғни халықаралық құқық нормалары субъектінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Жеке тұлғаларға тікелей әсер ететін көптеген халықаралық құқықтық нормалар бар. Мысалы,1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт,1989 жылғы баланың құқықтары туралы конвенция т.б. Бірақ қалай болғанымен де жеке тұлғаны халықаралық құқықтың толық субьектісі ретінде қарастыра алмаймыз.
Халықаралық құқықтың туынды субъектілеріне тағы да діни-саяси және саяси-аумақтық бірліктерді жатқызуға болады. Олар халықаралық шарт немесе халықаралық тану негізінде өзінің халықаралық құқықтық мәртебесіне ие болады. Оларды еркін қала деп атайды. Мысалы: Краков 1815 жылы Венада өткен және қабылданған трактат бойынша Россияның, Австрияның және Пруссияның қарамағындағы еркін, тәуелсіз және бейтарап қала деп жарияланды. 1919 жылға Версальдағы бейбітшілік шарты бойынша Данцигке ерекше мәртебе”еркін мемлекет”берді.
Қазіргі уақытта арнайы халықаралық құқықтық мәртебеге ие мемлекетке ұқсас құрылым болып Ватикан табылады. Ватикан-Рим католик шіркеу орталығы ретінде құрылған. Одан басқа тағы да мемлекетке ұқсас құрылым-Мальтийский орден. Бұл екеуінің де резиденция-сы Римде орналасқан. Бұл екеуі де әлемдегі көптеген елдермен дипломатиялық қатынасқа түседі және бұлардың БҰҰ-ның, Юнесконың, МОТ-тың жанында өкілдіктері бар. Ватикан БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемелерінің мүшесі болып табылады және бірнеше елдермен екі жақта шарттар жасасқан.