1. Халықаралық жария құқық Халықаралық жүйенің түсінігі және оның құрамдас бөліктері. Халықаралық құқықтың кодификациясы және прогрессивті дамуы


Мемлекеттердің сыртқы қатынас органдарының жіктелуі



бет21/23
Дата04.10.2022
өлшемі73,83 Kb.
#151643
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ГОС

28. Мемлекеттердің сыртқы қатынас органдарының жіктелуі.
Сыртқы қатынастар органы деп мемлекеттің басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыруға көмектесетін мемлекеттік органдарды айтады.
Бұл органдар мемлекет ішіндегі және шет елдік деп екіге бөлінеді.
Сыртқы қатынастар органдарының мемлекет ішіндегі түріне:
1. Елбасы;
2. үкімет басшысы;
3. Сыртқы істер министрлігі мен ведомствасы;
4. Парламент.
Елбасы – сыртқы қатынастар жөніндегі жалпы басқаруды жүзеге асыру уәкілдігіне ие. Дүниежүзілік аренада еліміздің өкілі болып, халықаралық шарттарға қол қояды.
Парламент – сыртқы қатынастар мәселелері бойынша жалпы басқаруды өрбітіп, мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бағытын белгілеп, халықаралық шарттарды бекітеді.
Үкімет – мемлекеттің саяси және экономикалық мәдениетін анықтайды. Сыртқы қарым-қатынас мәселелері жөнінде үкімет қызметіне мемлекеттің атынан жолдау беру, үкімет делегацияларын қабылдаулар жатады.
Сыртқы істер ведомствалары, сыртқы істер министрліктері– бұл мемлекеттің сыртқы саяси қызметін жүзеге асыратын негізгі арнайы орган. Дипломатиялық делегациялардың қызметіне басшылық жасап, Парламент отырысында қарастыруға, маңызды сыртқы саяси мәселелерді ұсынады. Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынас жүргізуін қамтамасыз етіп, шет елдік елшілерді қабылдау рәсімдеріне қатысады.
Сыртқы қатынастардың шет елдік органдары. Олар екі категорияға бөлінеді: тұрақты, уақытша. Тұрақты органдар – бұл өз елінің шетелдегі өкілі болып күнделікті қызметті жүргізетін органдар /елшіліктер, өкілдіктер/.
Уақытша органдарға әртүрлі делегациялар, салтанатты жиындарға қатысушы жеке өкілдер жатады. Егер мемлекет тарапынан халықаралық салтанатты рәсімдерге арнайы уәкіл жіберілмеген болса, онда сол мемлекеттің елшісіне төтенше елші ретінде сол рәсімдерге қатысуға уәкілдік беріледі.
30. Халықаралық құқықтағы азаматтық мәселелері. Азаматтықтан айырудың заңдылығы.
Азаматтық мəселелері осы заманғы халықараяық құқықта үлкен маңызға ие. Азаматтық деп жеке тұлғаның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысын айтады, ол мемлекетке қатысты белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болумен, сондай-ақ мемлекеттің жеке адамға қатысты құқықтары мен міндеттерімен сипатталады. Азаматтық, ең алдымен əрбір мемлекеттің ішкі құқығының институты болып табылады. Сонымен бірге, бұл халықаралық жария құқықтың да институты. Азаматтық мəселелері XX ғ. басында-ақ, ұлттық заңдардың толық монополиясына айналған еді. XX ғ. аяғына таман азаматтық мəселелердің көпшілік бөлігі халықаралық құқық нормаларымен қамтамасыз етіле бастады. Мысалы, конвенциялық нормаларда мемлекеттер азаматтықты бекітудің келісілген, икемді тəртібін белгілейді. Азаматтықты қабылдау шарты мен рəсімі мемлекеттің дербес құқықтық саласына жататынына қарамастан, бірыңғай (бір ізге салынған) ережелер бар, оған сəйкес, мемлекеттер белгілі бір ережелерді ұстанады.
Азаматтық институты буржуазиялық революциялардың дамыған кездерінде пайда болды. "Қол астындағы азамат" түсінігі кейбір мемлекеттердің заң актілерінде əлде де сақталып қалды. Қолданыстағы азаматтық туралы заңдарда азаматтық алудың екі түрлі əдісі бекітілген: тууына байланысты (филиация) жəне қол астына алу тəртібінде (қалыптасу). Бірінші жағдайда азаматтық алу жеке адамның еркінен тыс болса, ал екіншіде - адамның азаматтық алуға еркі немесе келісімі, сондай-ақ заңмен бекітілген құқықтық шарттар болуы керек. Тууына байланысты азаматтық алуда екі қағида қолданылады -"қандық құқығы"- тууына байланысты азаматтық алу жəне "топырақ құқығы" - туған жеріне байланысты азаматтық алу.
"Қандық құқық" қағидасы Еуропа елдерінің аумағында (Австрия, Италия, Финляндия, Швеция, Норвегия, Дания жəне басқалары) əрекет етеді, "Топырақ құқығы" қағидасын латын- американдық мемлекеттердің заңдары басшылыққа алады. Кейбір елдердің азаматтық туралы заңдарында аталған екі қағида да əрекет етеді (АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан жəне басқалары). Қазақстан Республикасының азаматтық туралы 1991 ж. Заңының 10-бабына сəйкес, біздің мемлекет "қандық құқық" қағидасын қолданады.
Азаматтыа алу дегеніміз - мүдделі адамның өтініші бойынша белгілі бір мемлекеттің азаматтыққа қабылдауы. Азаматтыққа алу тəртібі мен шарты мемлекет заңдарымен айқындалады.
Азаматтыққа алу тəртібінде мынадай жағдайларда азаматтыққа қабылданады:
• бір мемлекет азаматының (азаматшасының) басқа бір мемлекеттің азаматшасымен (азаматымен) некеге отыруы;
• азаматтығы жоқ немесе басқа бір мемлекеттің азаматы болып табылатын баланы бір мемлекеттің азаматының асырап алуы;
• оптация (бір мемлекеттен екінші мемлекеттің қарамағына көшкен жердің халқының қай мемлекеттің азаматтығын өзі таңдап алуы). Оптация құқығы халықаралық шарт негізінде немесе бір тарапты тəртіпте жүзеге асырылады. Оптация кең мағынасында - азаматтығы бар адамның азаматтықты таңдауын білдіреді. Алайда, оптация басқа да нысанда болуы мүмкін, яғни адамның жаңа азаматтықты алуы жəне бұрынғысынан бас тартуы.
Азаматтыққа алу кезінде нақты елдің заңдарында көзделген белгілі бір жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы, Американың азаматтық туралы заңында азаматтыққа қабылдау үшін отырықшылық шектелімі ретінде 5 жыл, ағылшын тілін білу, адал болуға ант ету сияқты талаптар көзделген. АҚШ заңдарында егер адам коммунист жəне атеист болса, азаматтыққа қабылданбайтыны көрсетілген. Францияда азаматтық алу үшін сол елде бірнеше жыл өмір сүру керек жəне кандидаттың моральдық қасиеттері биік болуы керек; өмірбаянында қайыр тілеу, жезөкшелікпен айналысу сияқты элементтер болмауы тиіс. Кейбір мемлекеттердің заңдарында кəсіби шектелім қойылған, нақтырақ айтқанда, мысалы, Швейцария заңында кəсіптік шектелім көзделген, Мəселен, ірімшік қайнатушы немесе сағат жөндеуші мамандығы барларға артықшылықтар беріледі.
Мемлекет аумағының бір бөлігі басқа мемлекетке өткен жағдайда азаматтықтың ауысуы мүмкін, яғни ол сессия деп аталады. Мұндай жағдайда азаматтық алудың екі түрлі əдісі болады:
• екі азаматтықтың бірін ерікті түрде таңдау;
•азаматтықтың автоматты түрде өзгеруі - трансферт – бір мемлекеттен екінші бір мемлекетке ететін аумақтың халқын беру, соған орай бір азаматтықтан екінші азаматтыққа өту.
Азаматтықтан мəжбүрлеп айыруға келер болсақ, оның тізбесі Заңның 21-бабында берілген:
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте əскери қызметке, қауіпсіздік қызметіне, полицияға, əділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік екімет жəне басқару органдарына орналасуы салдарынан;
2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінуі жалған мəліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нəтижесінде алынса;
3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дəлелсіз себептермен бес жыл бойы консулдық есепке тіркелмесе айырылады.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, басқа мемлекеттердің азаматтары асырап алған бала, егер олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын болса, сондай-ақ баланың бірге тұратын ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, тұрақты тұруға республикадан тыс жерлерге кетіп қалса, асырап алушылардың өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыға алады.
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңның 5-тарауында Қазақстан Республикасы Президентінің жəне ішкі істер органдарының, сыртқы істер министрлігінің, елшілік өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өкілеттіктері айқындалған.
Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтініші бойынша Азаматтық туралы Заңның талаптарына сəйкес, оның Қазақстан Республикасы азаматтығы қалпына келтірілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет