1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология,шикізат,реагент,мақсатты өнім,жанама өнімдер,қосымша материалдар,қалдықтар. Химиялық технология


ЖМҚ туралы жалпы мәліметтер: ЖМҚ классификациясы, қасиеттері, алу әдістері. Медицинада қолданылуы



бет13/15
Дата14.11.2023
өлшемі5,58 Mb.
#191413
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
охт сессия ответ 30 сурак (1)

24. ЖМҚ туралы жалпы мәліметтер: ЖМҚ классификациясы, қасиеттері, алу әдістері. Медицинада қолданылуы
Үлкен молекулалық массасы және өзіне тән бірқатар қасиеттері бар қосылыстарды жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимерлер деп атайды. Бір немесе бірнеше типті құраушы буындары еселеніп тізбектеліп жалғанған молекуланы полимер деп атаймыз. Полимердің құрамынан бір немесе бірнеше құраушы буындарды алғанда немесе қосқанда физико- химиялық қасиеттер жиыны өзгермейді.
Классификациясы
Шығу тегіне қарай: табиғи,жасанды,синтетикалық болып бөлінеді. Табиғиға (целлюзлоза, белоктар,каучук)
Жасанды (нитроцеллюлоза, поливинил спирті, вискоза)
Синтетикалық ( полиэтилен , полипропилен, полистирол, полиамид, фенолды шайыр)
Негізгі тізбектің құрамына байланысты макромолекулалар гомотізбекті және гетеротізбекті болып екіге бөлінеді. Гомотізбекті полимерлердің негізгі құрамы бірдей атомдардан тұрады,қосымша тізбектің құрамы есепке алынбайды. Егер тізбек көміртек атомынан тұрса,ондай полимерлерді карботізбекті деп атайды. Мысалы полиэтилен,полипропилен,поливинилацетат.
Гомотізбекті полимерлер өзара тағы да алифатикалық, ароматикалық,галогендік т.б. болып бөлінеді.
Химиялық табиғатына байланысты: органикалық, бейорганикалық, элементорганикалық болып тағы бөлінеді. Органикалық полимерлер көміртегінен,сутектен,оттектен,күкірттен және азоттан тұрады.
Бейорганикалық кремний, алюминний, стронций, германий т.б. элементтерінен тұрады және оларда органикалық қосымша тізбектер болмайды.
Элементорганикалық полимерлердің негізгі тізбегінің табиғаты бейорганикалық болады да,қосалқы тізбегінің табиғаты органикалық болады да, немесе керісінше.
Құраушы буындардың санына байланысты
Гомополимерлер этиленнен- полиэтилен
Акриламидтен- полиакриламид
Сопополимерлер статистикалық сопополимер, алмасқан сопополимер, блок сопополимер, жалғанған сопополимер.
Жоғары молекулалы қосылыстарды алудың негізгі әдістері
Поликанденсация- қосымша заттар бөле жүретін төмен молекулалы қосылыстардан жоғары молекулалы қосылыстардың түзілу реакциясын айтады. Поликанденсация әдісі бойынша полимер алу үшін әр түрлі химиялық реакциялар қолданылады. Олар этерификациялау, аминдеу, ароматикалық орынбасу, және т.б. Поликанденсация екі функционалдық топтардың әрекеттесуінен жүреді. Поликанденсация реакциясын балқымада, ерітіндіде немесе екі фазаның бөліну шекарасында жүргізіледі. Барлық шығарылатын полимердің ¼ бөлігі поликанденсация әдісімен алынады. Поликонденсация процесі сатылап жүреді: бір молекуладан кейін келесісі қосылып жалғасады. Аралық өнімдері — тұрақты қосылыстар, әрі қарай процесс барысында олардың үнемі белсенділігін арттырып отыру қажет. Ол үшін көбіне температураны жоғарылатады. Сонда әрекеттесуші заттарды біртіндеп қыздырғанда молекулалық массасы да өседі.
Полимеризация деп төмен молекулалы заттардың мономерлердің қосылып,жоғары молекулалы қосылыстарды түзу реакциясын атайды. Реакция нәтижесінде қосымша заттар бөлінбейді, ал алынған полимердің құрамы мономерге сәйкес келеді. Полимеризация процесі кезінде мономерлерде қос байланыстар үзіліп немесе циклдер ашылып,топтар арасында химиялық байланыстардың пайда болуынан макромолекулалар түзіледі. Өндірілетін барлық полимерлердің ¾ бөлігі полимеризация әдісі арқылы алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет