Химиялық талшықтары өңдіру технологиясы үш сатыдан тұрады.: 1. балқыған немесе ерітінді күйіндегі иіретін полимерді дайындау;
2. талшықты формаға келтіру (иіру);
3. өңдеу (əшекейлеу).
Медициналық талшықтарға жатады: 1. Антимикробты (бактерицидті)
2. Гемостатикалық
3. Тігісті
4. Анестезиялық
5. Радиоактивті жəне қабынуға қарсы талшықтар.
Медицинада қолданылуы: жасанды күретамырлар мен сіңірлерді жасауда қолданылады. Медицина саласында полимерлік материалдардан медициналық аспаптар, арнаулы ыдыстар жəне дəрілік препараттарды ораушының түрлі көріністерін дайындауда қолданылады. Хирургияда жүректің қақпақтарын, стоматологиялық протездер мен көз хрустальдарын жасауда қолданылады.
*32. Каучук және резеңке өндірісін сипаттаңыз. Каучук пен резинаның медицинада қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз.* Каучук — эластикалық, су және электр өткізбеушілік қасиеттерімен сипатталатын табиғи немесе синтетикалық эластомерлер, оларды вулканизациялау арқылы резеңкелер мен эбониттер алуға болады. Резеңке (лат. resina «шайыр») — каучукты вулканизациялау арқылы алынған эластикалық материал.
Каучук табиғи және жасанды деп 2-ге бөлінеді.
. Табиғи каучук көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтті шырындарында болады. Табиғи каучукты гевея ағашынан алады.
Жасанды каучук, этил, метил спирті, мұнай, табиғи газ, бутадиен, стирол, изобутилин сияқты органикалық заттарды полимерлеу арқылы алады
Каучуктың аса маңызды қасиеті — оның майысқақтығы. Температура жоғарылағанда — каучук жұмсарып жабысқақ, ал температура төмендегенде — қатайып морт сынғыш болады. Каучукты вулканизациялап,күкіртті қосып,қыздырып,резеңкеге айналдырады.130-140С қыздырады. Резеңкені медицинада медициналық бұйымдарды жасауға қолданады.
33. Биотехнология ұғымына анықтама беріңіз. Тарихы және кезеңдері. Биотехнология ғылымының - дәрілік препараттар өндірісіндегі рөлі. Биотехнология дегеніміз - адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысында жаңа өнім алу;
Биотехнологияның мақсаты - өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің штаммаларын шығару.
Биотехнологияның негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.
Биотехнологияның пайда болуымен даму тарихында ғылыми пән ретінде голланд ғалымы Е. Хаувинк 5 кезеңді ажыратты:
1. Пастер ғасырына дейінгі эра. Сыра, шарап, нан өнімдері және сыра ашытқыларын, ірімшік алғандаағы спирттік және сүт қышқылды ашытуды қолдану. Сірке қышқылын және ферментативті өнімдерді алу.
2. Пастер ғасырлық кезеңі - этанол, бутанол, ацетон, глицерин, органикалық қышқылдарды, вакциналарды өндіру.
3. Антибиотиктер кезеңі – тереңдетілген ферментация жолымен пенициллин және басқа антибиотктерді алу.
4. Меңгерілетін биосинтез кезеңі) – микробты мунаттар көмегімен амин қышқылдарын өңдіру. Тазартылған ферменттік препараттар алу.
5. Жаңа биотехнология кезеңі – биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық және генетикалық инженерияны қолдану.
Биотехнологиялық процесстің негізгі сатылары:
• шикізатты дайындау;
• дайын өнімді бөліп алу;
• өнімді тазарту;
• өнімді сақтау
Биотехнологиядабиохимия,микробиология,молекулалықбиология,генетикағылымдарының жетістіктерінің нəтижесінде өте бағалы биологиялық белсенді заттар — гормондар, ферменттер, витаминдер, антибиотиктер, органикалық қышқылдар — сірке, лимон, сүт жəне кейбір дəрі-дəрмектер алынады.