1 II. Негізгі бөлім



бет1/4
Дата10.11.2022
өлшемі31,91 Kb.
#157448
  1   2   3   4
Байланысты:
Сапалық және сандық әдістерге түсінік
эссе философия, Мақала, 22090958393, Абай эссе, 10 А,Ә,Б, патан 11 алия, диас фарм9

Жоспар
I. Кіріспе
Аналитикалық химия..............................................................................................1
II. Негізгі бөлім
2.1 Сапалық және сандық талдау әдістері…………………….............………………………2
2.2 Аналитикалық реакциялар.………… ……………………………….…………………………..…5
2.3 Реакциялардың сезгіштігі………………..…….…………………….………………………………6
III. Қорытынды…………………………………………………………………………………………..……7
IV. Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………………………………8

I. Кіріспе
Аналитикалық химия – заттардың химиялық кұрамын және құрылысын
анықтайтын әдістер туралы ғылым.
Аналитикалық химияның міндеттері:
-зерттелетін өнімнің табиғатын түсіндіру;
-оның формуласын анықтау;
-құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін білу;
-негізгі компоненттің құрамын анықтау.
Аналитикалық химия бұл білімді қалыптастырып жəне оны бір жүйеге келтіретін пəн ғана емес, ол қоғам өмірінде практикалық мəні өте зор ғылым.
Химиялық анализді тиімді түрде жүргізбейінше табиғатты қорғау жəне денсаулық сақтау жүйелері мен қауіпсіздік комплекстерін іске қосу жəне жандыру, оларды одан əрі дамыту мүмкін болмайды.
Аналитикалық химияда қолданылатын əдістер табиғи зат неден тұрады, оның құрамына қандай компоненттер кіреді, олардың сандық мөлшерлері мен концентрациялары қандай деген сұрақтарға толық жауап бере алады. Сонымен қатар аналитикалық химияның мақсаты анализ əдістерінің қолданылу мүмкіншіліктері мен метрологиялық аспектілерін анықтау жəне əртүрлі объектілер анализінің əдістемесін жасау болып табылады. Аналитикалық химия бұл таңғажайып ғылыми ізденістердің үлкен бір орталығы деуге де болады.
Аналитикалық химия химиялық, металлургиялық және кен өндіру өндірістеріндегі технологиялық үрдістерді химиялық бағалау және бақылауда маңызды роль атқарады. Химиялық талдау өндірістің шикізаты ретінде пайдалынатын қазбаларды зерттеуде өте қажет. Сондай-ақ әр түрлі өндіріс ошақтарындағы ғылым және жаңа техникалық, химиялық мәселелерді шешу үшін физикалық, химиялық, физика-химиялық әдістер өте кеңінен қолданылады.

1



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет