1 II. Негізгі бөлім



бет2/4
Дата10.11.2022
өлшемі31,91 Kb.
#157448
1   2   3   4
Байланысты:
Сапалық және сандық әдістерге түсінік
эссе философия, Мақала, 22090958393, Абай эссе, 10 А,Ә,Б, патан 11 алия, диас фарм9

II. Негізгі бөлім


2.1 Сапалық және сандық талдау әдістері
Аналитикалық химия екі үлкен бөлімге бөлінеді: Сапалық және сандық талдау.
Сапалық талдау - заттардың қандай элементтерден, иондардан, атом топтарынан немесе молекулалардан тұратынын анықтайды. Талдаудың химиялық әдістері зерттелінетін заттың құрамын анықтау үшін жүргізілетін химиялық реакцияларға негізделген. Заттың химиялық талдауы екі әдіспен жүргізіледі: “құрғақ әдіс” және “дымқыл әдіс”.
Талдаудың “құрғақ әдісі”- бұл заттардың қайнау, балқу және жалынды бояу кезінде жүргізілетін химиялық реакциялар.
Талдаудың “дымқыл әдісі”- бұл электролиттердің ерітіндісінде жүргізілетін химиялық реакциялар. Анықталатын зат суда немесе басқа ерітіндіде алдын-ала ерітіледі.
Сапалық анализде қолданылатын реакциялар келесі талаптарға сай болу керек: тез немесе лезде өтеді, реакция тәжірибеде қайтымсыз болу керек, сыртқы өзгерістің болуы, жоғары сезгіштігі мен арнайылығымен ерекшеленеді.
Қосарласып кездесетін элементтерді немесе иондарды анықтауда бөлшектеу және жүйелік анализ әдістері қолданады:
Бөлшектеу әдісі белгілі бір жағдайда әрбір ионды өзіне тән арнайы реакциялармен табу үшін, кедергі келтіретін басқа иондарды ығыстыруға негізделген. Бұл әдіс өте қарапайым, бірақ та арнайы реакциялардың аз болуынан оның қолдануы шектеулі.
Жүйелік әдісте кездесетін иондарды топтық реагент көмегімен белгілі аналитикалық топтарға бөлуге негізделген. Содан соң әрбір аналитикалық топтардан иондарды арнайы реакциялармен ашады. Иондар қоспасына топ реагентін кезектілікпен және қатаң тәртіпті сақтай отырып қолданады.
Топқа бөлуде мына операциялар қолданады: тұндыру, сүзу, центрифугалау, суалту, сорбциялау, экстракциялау, дистилдеу, айдау, кристалдау т.б.
2
Химиялық бөлу әдісінде тұндыру процесінің негізінде тотығу-тотықсыздану, ион алмасу және комплекс түзу реакциялары жатады.
Сандық талдау — аналитикалық химияның зат құрамындағы жеке бөліктердің сандық қатынасын анықтайтын әдістер жөніндегі бір саласы. Химиялық сандық талдау – заттардың сандық құрамын анықтауға негізделген.
Сандық талдаудың міндеті – қосылыстың құрамына кіретін химиялық элементтердің мөлшерін және анализденетін заттың құрам - бөліктерінің сандық қатынасын анықтау. Сандық талдау әдістерінің – химиялық, биологиялық, геологиялық, медициналық, экологиялық т.б. зерттеулер жүргізуде маңызы зор. Талдау әдісі - қоршаған орта объектілері: топырақ, су, ауаны ластайтын заттардың мөлшерін, құйманың, минералдардың, металлдардың, медициналық препараттардың, ғарыштық обьектілердің, тағамдық өнімдердің, айналада болатын улы заттардың, тыңайтқыштардың, және т.б. заттардың құрам – бөліктерінің мөлшерін анықтауда кеңінен қолданады. Сандық әдістер зат құрамының тұрақтылық заңына, зат массасының сақталу заңына және эквиваленттік заңға негізделген.
Сондай-ақ талдау әдістері талдауға алынған заттың массасына немесе мөлшеріне байланысты макро, полумакро, және микро әдістер болып та классификацияланады. Макроәдіс кезінде заттың (0,5-1г) немесе ерітіндінің (20-50мл) мөлшері зерттеледі. Полумикроәдіс микро- және макроанализдер арасында орын алады. Талдау үшін 10-20 есе аз зат алынады (0,01г дейін). Өйткені бұл әдісте заттың аз мөлшері қолданылып, микропробиркалармен, сағаттық және заттық шынылармен жұмыс жасалады. Микроәдіс арқылы талдау жасау кезінде бір-екі тамшы ерітінді, ал құрғақ заттың 0,001-ға дейінгі мөлшері алынады. Мұндай реакциялар сағаттық шыныда немесе фарфор пластинада жасалынады. Зерттелінетін зат өте аз мөлшерде алынатындықтан, ол жоғары сезімтал реакцияларда ғана іске асады.
Химиялық әдістердің негізіне химиялық реакциялардың бірнеше типтері: қышқылды – негіздік, тотығу – тотықсыздану, тұнба түзілу және комплекс түзілу жатады.
3
Сандық анализ химиялық, физикалық және физика-химиялық әдістерге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет