1 Иммунологияның зерттеу бөлімдері және оларға түсінік


) Комплемент жүйесінің классикалық белсену механизмін түсіндіріңіз



бет29/38
Дата27.08.2022
өлшемі137,49 Kb.
#148276
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Байланысты:
1 Èììóíîëîãèÿíû? çåðòòåó á?ë³ìäåð³ æ?íå îëàð?à ò?ñ³í³ê

44) Комплемент жүйесінің классикалық белсену механизмін түсіндіріңіз.
Реакцияның иммундық жауаптағы мақсаты: қан плазмасындағы ферменттік жүйе, реакцияның иммундық жауаптагы мақсаты компоненттердің С5-9 деген лизистік кешен түзіліп,антигендерді ыдырату.
Иммунологиялық реакция механизміне қатысатын барлық факторлар: эстераза ферменті,конвертаза фементі,инактиватор,С1, С4, С4а, С4б, С2, С2а, С2b, С4b, С3, С3а, С3b, С4b2а, С5-С9, С5а, С5b, С6 және С7, С5b678 комплексіне С9.
Белсендірілген С1 түзілуі және С4 белсендірілуі
С4 екі фрагментке ыдырайды – С4а (ерігіш күйде) және С4б (жасуша мембранасында орналасады және эстераза ферментінің қасиетіне ие болады)
Эстераза ферменті С2 компонентті белсендіреді
С4б (магний иондарының қатысуымен) С2 компонентін екі фрагментке ыдыратады – С2а және С2b
С2а компоненті С4b компонентіне бірігіп, комплементтің 3-ші компонентінің конвертазасы ферментін түзеді
С3-конвертаза (С4b2а) С3 компонентін С3а және С3b фрагменттеріне ыдыратады.
С3а ерігіш күйде болады, ал С3b комплементтің классикалық та, альтернативті де жолмен белсенуінің негізі болап есептеледі
Инактиватор (С3b-инактиватор немесе фактор I) С3 компонентінің шамадан тыс белсенуін тежейді
Белсендірілген С3b компоненті С4b2а комплексімен байланысып, комплементтің 5 компонентінің конвертазасы ферментіне айналады
Комплемент жүйесінің терминалды (соңғы) С5-С9 компоненттерінің (мембранаға шабуыл жасаушы (МШК) жинақталуы басталады
С5-конвертазы (С4b2а3b) әсерімен С5 компоненті С5а (майда фрагмент) және С5b (ірі фрагмент) фрагменттеріне ыдырайды
С5а ерігіш күйде, ал С5b мембранаға шабуыл жасаушы комплекстің алғашқы компоненті болып табылады және С6 және С7 компоненттеріне рецепторлары болады
С6 компоненттен бастап комплемент жүйесінің ақуыздары ары қарай ыдырамайды
С5b67 комплексі нысана-жасушаның мембранасына бекітіледі
Мембранаға бекітілген С5b67 белсенді комплекске С8 қосылады
С5b678 комплексіне С9 компонентінің қосылуы нысана-жасуша қабырғасының цитолизін күшейтеді
С5b6789 комплексі жасуша мембранасының липидті ақуызында ұзындығы шамамен 15 мм және диаметрі 8-12 мм цилиндрлік тесіктерді пайда етеді, бұл электролиттер мен судың бұзылған мембрана арқылы жасуша ішіне енуіне ықпал етіп, жасушаның осмостық лизистенуіне алып келеді
Осы иммунологиялық реакцияның механизмінің бұзылыстарында немесе факторларының жетіспеушілігінде қалыптасатын патологиялық жағдайлар: иммундық тапшылық,иммундық кешен аурулары, жұкпалы ауру, ісік аурулары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет