1. Жалпы ережелер



бет26/71
Дата24.04.2017
өлшемі12,36 Mb.
#14794
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71

Жұмыс үлгілері.

1) Маховиктер, тістегершіктер, тісті доңғалақтар, жалғау муфталары және басқа бөлшектер-квадратты, дөңгелек және фасонды тесіктерді Н7-Н9 бойынша тарту;

2) Кілтек ойықтары - астарларды қолдана отырып, бірнеше өткелге Н7-Н9 тарту.

488. Тартушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі конструкциялы тартқыш станоктарында 6 квалитет бойынша көп сатылы тартқыштардың жиынтығын қолдана отырып,трапеция қалыпты ішкі құлыптарды, сондай-ақ әр түрлі тартқыштардың жиынтығын және арнайы құрылғыларды қолдана отырып, терең тесіктерді созу. Тартқыш жиынтықтарын қолдана отырып, дискілерде ойықтарды созу. Станокты баптау.

Білуге тиіс: әр түрлі созғыш станоктардың құрылғысын, кинематикалық тәсімдерін және оларды дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және оларды қолдану ережесін, созу кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, созғыш станоктарды баптау тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері.

Кронштейндер сияқты бөлшектер, ЗВ мен ЗМ типті қорытындылардан жасалған корпус - Н7-Н8 квалитет бойынша эвольвентті тесіктерді созу.


Арнайы станоктарда бұранда кесуші


489. Арнайы станоктарда бұранда кесуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұранда кескіш және бұранда домалатқыш станоктарда оларды баптай отырып, 7-8 квалитет бойынша бөлшектер мен бұйымдарда сыртқы және ішкі үшбұрышты әрі жартылай бұрышты бұрамаларды кесу және домалату. Кесу режимін технологиялық карта бойынша белгілеу.

Білуге тиіс: бір типті бұранда кескіш және бұранда домалатқыш станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, кесілетін бөлшектің диаметрі бойынша бұрандаойғыштар мен плашкаларды іріктеу және орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, бөлшектер мен құралдарды салқындату ережесін және тәсілдерін.


490. Арнайы станоктарды бұранда кесуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бұранда кескіш және бұранда домалатқыш станоктарда 5 квалитет бойынша бөлшектер мен бұйымдарда сыртқы және ішкі үшбұрышты әрі жартылай бұрышты бұрандаларды кесу және домалату. Әмбебап және арнайы құрылғыларды қолдана отырып, бұранда кескіш әрі бұранда домалатқыш станоктарда күрделі бөлшектерде әр түрлі пішінді бұрандаларды 7-8 квалитет бойынша кесу, 5 квалитет бойынша домалату. Станоктарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін, бұрандалардың элементтері мен түрлері, бұрандаға қойылатын стандарттарды, кескіш құралдың геометриясын және қайрау ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.


491. Арнайы станоктарды бұранда кесуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап әрі арнайы құрылғыларды қолдана отырып, бұранда кескіш және бұранда домалатқыш станоктарда күрделі бөлшектерде 5-квалитет бойынша әр түрлі пішінді бұрандаларды кесу. Бөлшектерді өңдеудің технологиялық жүйелілігі мен кесу режимін технологиялық карта бойынша белгілеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың құрылғысын, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін.


Бұранда фрезерлеуші


492. Бұранда фрезерлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бапталған бір типті бұранда фрезерлеу станоктарында 8-10 квалитет бойынша қарапайым бөлшектерде сыртқы және ішкі бұрандаларды фрезерлеу. Бөлшектерді ортада, оправада, патронда және арнайы құрылғыларда орнату.

Білуге тиіс: бір типті бұрама фрезерлеу станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принциптерін, едәуір кең таралған құрылғылар мен қондырғылардың, бақылау-өлшеу құралдарының атауын, міндетін қолдану шарттарын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін, өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануын.

Жұмыс үлгілері.

1) Болттар, бұқтырмалар, тығындар, шпилькалар, штуцерлер-сыртқы бұранданы фрезерлеу;

2) Гайкалар, сақиналы бұрамалар мен төлкелер, муфталар-ішкі бұранданы фрезерлеу.

493. Бұранда фрезерлеуші 3-й разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бірнеше станокқа бір уақытта қызмет көрсете отырып, бұранда фрезерлеу станогында 7-10 квалитеттер бойынша күрделілігі орташа бөлшектерде түрлі-түрлі пішінді сыртқы және ішкі бұрандаларды фрезерлеу. Технологиялық карта немесе шебердің нұсқауы бойынша станоктарды баптау және өңдеудің жүйелілігі мен режимін белгілеу. Белгілі бөлшектерді өңдеуге арналған және бапталған арнайы жартылай автоматты немесе автоматты станоктарда 7-8 квалитет бойынша күрделілігі орташа бөлшектерде әртүрлі пішінді бұрандаларды фрезерлеу.

Білуге тиіс: бұранда фрезерлеуші станоктардың құрылғысын және баптау ережесін, әр түрлі бұрандалы фрезерлер мен құралдардың құрылғысын, бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану ережесін, бұрандалардың элементтерін, түрлерін және оларды өлшеу тәсілдерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Біліктер – бұрандаларды фрезерлеу;

2) Төлкелер, отын сорғысының жұдырықша біліктерінің тістегершіктері -бұрандаларды фрезерлеу;

3) Гильзалар – сыртқы және ішкі бұрандаларды фрезерлеу;

4) Бұрамдықтар – бір рет кіретін бұрандаларды алдын ала фрезерлеу.

494. Бұранда фрезерлеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы құрылғыларды қолдана отырып, әр түрлі конструкциялы бұрама фрезерлеу станоктарында 6 квалитет бойынша күрделі бөлшектерде түрлі-түрлі пішінді сыртқы және ішкі бұрандаларды фрезерлеу. Бұрандаларды фрезерлеу үшін есептеулерді орындау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті бұранда фрезерлеу станоктарының құрылғысын және кинематикалық тәсімін және оларды дәлдікке тексеру ережесін, бұрандаға қойылатын стандарттарды, бұрандаларды өлшеудің әмбебап әдістері, кескіш құралдың геометриясын және қайрау ережесін, әр түрлі құралдардың құрылғысын және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, шақтамалар мен қондырмалардың құрылғысын, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Цилиндрлердің қалпақшалары – бұранданы фрезерлеу;

2) Бұрама кескіш тарақшалар – бұранданы фрезерлеу;

3) Күршектер – ішкі цилиндрлік бұранданы фрезерлеу;

4) Бұрғылағыш құбырлар – ішкі конустық бұранданы фрезерлеу;

5) Бұрамдық фрезерлер – бұранданы фрезерлеу;

6) Бұрамдықтар – көп кіретін бұранданы алдын ала фрезерлеу.

Бұранда ажарлаушы


495. Бұранда ажарлаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгілі бөлшектерді немесе құралдарды өңдеу үшін бір типті арнайыландырылған бұранда ажарлау станоктарында 8-10 квалитет бойынша сүйір бұрышты бұранданы ажарлау. Ажарлағыш шарықтасты теңгеру.

Білуге тиіс: бір типті бұранда ажарлағыш станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принциптерін, едәуір кең тараған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын, бақылау-өлшеу құралдардың құрылғысын, бір рет кіретін бұрандалар үшін ауыспалы тістегершіктерді есептеу және іріктеу ережесін, ажарлағыш шарық тастардың сипаттамасын және қолдану шарттарын, бұрандалардың элементтері мен түрлері, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері.

1) Бір рет кіретін бұрандасы бап бұрандалы калибрлер (тығындар)-бұранданы алдын ала ажарлау;

2) Қолды және машиналы бұрандаойғыштар-бұранданы алдын ала ажарлау.

496. Бұранда ажарлаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әмбебап және арнайы бұрама ажарлағыш станоктарда 8-10 квалитет бойынша әр түрлі пішінді бұранданы ажарлау. Технологиялық карта немесе шебердің нұсқауы бойынша станоктарды баптау және кесу режимін белгілеу. Материалға, пішінге, кесу қадамына және кедір-бұдырлықтың қажетті квалитеті мен параметрлеріне қарай ажарлағыш шарықтастарды іріктеу. Кез келген пішін бойынша ажарлағыш шарықтастарды түзету. Белгілі бөлшектерді немесе құралдарды өңдеу үшін бапталған арнайыландырылған бұрама ажарлағыш станоктарда 7-8 квалитет бойынша күрделі пішінді бұрандаларды ажарлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін бұранда ажарлағыш станоктардың құрылғысын, баптау ережесін және оларды дәлдікке тексеру ережесін, әр түрлі құралдардың құрылғысын және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін, қалыпты бұрандаларды ажарлау үшін ауыспалы тістегершіктерді есептеу және іріктеу әдісін, ажарлағыш шарықтастарды қалып, қаттылығы, түйіршіктілігі және байламдығы бойынша сипаттамасын, температураның ажарлау кезінде бөлшектердің өлшеміне әсерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Бір рет бұрандаға арналған бұрандалы тарақтар-бұрандаларды ажарлау;

2) Ұсақ сүйір бұрышты бөлшектер, құрылғылар – бұрандаларды ажарлау;

3) Үш шашақты бұранда ойғыштар-сыртқы диаметрі бойынша бұранданы ажарлау.

497. Бұранда ажарлаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті бұранда ажарлағыш станоктарда 7-8 квалитет бойынша күрделі пішінді бұрандаларды ажарлау. Станоктарды баптау және станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша бөлшектерді өңдеудің технологиялық жүйелілігін және кесудің тиімді режимдерін айқындау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті бұранда ажарлағыш станоктардың құрылғысын және кинематикалық тәсімін, әр түрлі құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережелерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, кез келген адымды және пішінді бұрандаларды ажарлау үшін ауыспалы тістегершіктерді есептеу және іріктеу ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Сыртқы және ішкі бұрандаларға арналған бұрандалы тарақтар-бұрандаларды ажарлау;

2) Дискілі фасонды кескіштер- шаблон бойынша пішінді ажарлау;

3) Бір және көп кіретін бұранда домалатқыш роликтер - шаблон бойынша пішінді ажарлау;

4) Айналмасоғудың өзекшелері – бұрандаларды ажарлау.

498. Бұранда ажарлаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті бұранда ажарлағыш станоктарда 6 квалитет бойынша күрделі құралдарда, бөлшектерде және құрылғыларда әр түрлі адамды және пішінді бұрандаларды ажарлау, сондай-ақ 6-7 дәлдік дәрежесі бойынша бұрамдық фрезалардың тістерін ажарлау және қатарлау. Бұранданың кез-келген пішіні бойынша ажарлағыш шарықтастарды іріктеу, орнату және түзету. Бірнеше люнеттерді қолдана отырып ажарлау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті бұранда ажарлағыш станоктардың, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру ережесін, ажарлағыш станоктардың сыныптамасы мен сипаттамасын және өңделетін металға, бұранда адымына және қажетті өңдеу тазалығына қарай қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшей және реттеу ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Бұранда қапсырмалар мен фрезаларға арналған бақылау барабандары – бұранданы ажарлау;

2) Бринелль пресінің бұрандалары – бұранданы ажарлау;

3) Ішкі бұрандаға арналған көп кіретін дискілі тарақтар-радиусты келтірумен бұрандаларды ажарлау;

4) Бұрандалы калибрлер (сақиналар) - бұранданы пішінді ажарлау;

5) Бұрандалы конустық калибрлер (тығындар)-бұранданы пішінді ажарлау;

6) Бұрандалы цилиндрлік калибрлер (тығындар)-бұранданы толық пішінді ажарлау;

7) Бір және көп кіретін метрлік және арнайы бұрандалары бар көшіргіштер-бұранданы ажарлау;

8) Конустық бұрандаойғыштар – бұранданы пішінді ажарлау;

9) Метрлік және дюймді бұрамасы бар қолды және машиналы бұрандаойғыштар – бұранданы пішінді ажарлау;

10) Көп кіретін ара секілді және трапецеидалды бұрамасы бар бұранда ойғыштар – бұранданы пішінді ажарлау;

11) Бұранда фрезалар- бұранданы пішінді ажарлау және қатарлау;

12) Модульдік бұрамдық фрезалар-бұранданы пішінді ажарлау және қатарлау.

499. Бұранда ажарлаушы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті ажарлағыш станоктарда 1-5 квалитет бойынша бағалы құралда, бөлшектер мен құрылғыларда әр түрлі адымды және пішінді күрделі бұрандаларды ажарлау, сондай-ақ 4-6 дәлдік дәрежесі бойынша бұрамдық фрезаларды ажарлау және қатарлау. Бұранданың кез-келген пішіні бойынша ажарлағыш шарықтастарды іріктеу, орнату және түзету. Қажетті есептеулерді орындаумен станокты баптау.

Білуге тиіс: әр түрлі бұранда ажарлағыш станоктар мен қолданылатын құрылғылардың конструкциясын және дәлдікке тексеру ережесін, ажарлағыш шарықтастардың сыныптамасы мен сипаттамасын және өңделетін металға, бұрама қадамына және қажетті өңдеу тазалығына қарай қолдану ережесін, станок анықтамалығы мен паспорты бойынша кесу режимін айқындау ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Ажарлағыш және басқа да станоктар мен машиналарға арналған көп қолданылатын бұрандалар – бұранданы кесу;

2) Көп кіретін трапецеидалды бұрандалары бар калибрлер (тығындар)-бұранданы толық ажарлау;

3) Көп пішінді домалатқыштар – пішінді ажарлау;

4) Кедір-бұдырлау фрезерлеуге арналған фрезалар-көп кіретін бұранданы пішінді ажарлау;

5) Координатты қырнағыш станоктары әмбебап-бұрылатын үстелдердің бұрамдықтары – бұранданы ажарлау.

Бұрғылаушы
500. Бұрғылаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұрғылағыш станоктарында немесе электрлік пневматикалық қол бұрғылармен, диаметрі 2 мм артық бұрғылармен бөлшектерде бір жазықтықта орналасқан тура және бітеу тесіктерді бұрғының бес диаметрге дейінгі тереңдікке кондукторлар, шаблондар, тіректер мен белгілер бойынша бұрғылау, бұрғылап кеңіту, тік-радикалды бұрғылау және көп шпиндельді станоктарда арнайы құралдар мен өлшемдік кескіш құралдарын қолдана отырып, бұрғылау тереңдігі бұрғының 5-тен 10 диаметрге дейін әр түрлі конфигурациялы бөлшектерде тесіктерді бұрғылау. Диаметрі 3-тен 24 мм дейін бұраманы өтпеге және тура кесу. Бөлшектерді центрлеу. Қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектер мен дайындамаларды бір жазықтықта салыстыруы күрделі емес үстелге, тиссаларда немесе қондырғыларда орнату немесе бекіту. Технологиялық карта бойынша өңдеудің және кесу режимінің технологиялық жүйелілігін белгілеу. Жоғары білікті бұрғылаушының басшылығымен тұмсығының биіктігі 400 мм және одан жоғары бұрғылағыш станоктарды басқару.

Білуге тиіс: бір типті бұрғылау станоктарының құрылғысын және жұмыс істеу принципін, олардың маңызды бөліктерінің атауы мен міндетін, жоғары білікті бұрғылаушымен бірлесіп қызмет көрсететін ірі станоктарды басқару ережесін, өңделетін материалдардың атауын, таңбалауын және негізгі механикалық қасиеттерін, едәуір кең таралған құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының атауын, міндетін және қолдану шарттарын, кескіш құралдың міндетін, қайрау және орнату ережесін, майлағыш-салқындатқыш сұйықтықтардың міндетін және қолдану шарттарын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері.

Жұмыс үлгілері.

1) Ішпектер – майлау бойынша тесікті бұрғылау;

2) Төлкелер, кронштейндер – контур бойынша бұрғылау;

3) Қалыпты гайкалар – тесіктерді үңгілеу;

4) Білікше, ось, цилиндр секілді ұсақ және қосалқы бөлшектер;

5) Кереует бөлшектері – тесіктерді бұрғылау;

6) Микалекстен жасалған бұйымдар – тесіктерді бұрғылау;

7) Білікпен жиналған сақина – тесіктерді шплинт бойынша бұрғылау;

8) Планкалар, астарлар, бұрыштар, ілгектер, үшкілдер-тесіктерді контур немесе белгі бойынша бұрғылау және үңгілеу;

9) Күрделілігі 1-2 топ баспа платалары – тесіктерді бұрғылау, үңгілеу;

10) Орындықтар, стакандар және басқа бөлшектер - диаметрі 3-тен 24 мм дейін бұрамаларды өтпеге және тура кесу;

11) Диаметрі 500 мм дейін фланецтер, сақиналар-контур бойынша бұрғылау, үңгілеу, үңгіштеу;

12) Фланецтер мен басқа бөлшектер-тесіктерді теңшелген арнайы станоктарда бұрғылау.

501. Бұрғылаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 8 - 11 квалитет бойынша әр түрлі бөлшектерде тесіктерді бұрғылау, бұрғылап кеңіту, үңгуіштеу және үңгілеу, сондай-ақ 12 - 14 квалитет бойынша күрделі, ірі габаритті бөлшектерде тесіктерді бұрғылау. Әр түрлі конфигурациялы бөлшектерде бұрғылау станоктарында бұрғылау тереңдігі бұрғының 5-тен 15 диаметрге дейін, сондай-ақ арнайы бағыттаушы құрылғыларды қолдана отырып, тереңдігі бұрғының 10-нан 20 диаметрге дейін, сондай-ақ арнайы бапталған станоктарда тереңдігі бұрғының 10 диаметрінен артық терең тесіктер бұрғылау. Күрделі бөлшектерді екі және одан көп жазықтықта салыстырып, бұрыштамаларға, призмаларға, домкраттар мен астарларға орнату және бекіту. Әрбір бұрыш және әр түрлі жазықтықта тесіктерді бұрғылау. Әр түрлі бөлшектерде бұраманы кесу бойынша тесіктерді бұрғылау. Диаметрі 2 мм дейін және 24-тен 42 мм дейін бұрамаларды өтпеге және тура кесу. Әмбебап әрі арнайы құрылғыларды қолдана отырып, станоктарды баптау және бөлшектерді өңдеу мен кесу режимін технологиялық жүйелілігін өздігінен айқындау. Еден көтергіш-көлік жабдықтарын басқару. Жүктерді көтеру, ауыстыру, орнату және салу үшін арқандау және байлау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті бұрғылағыш станоктардың құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін, бақылау-өлшеу құралдарының, қысатын және орнататын аспаптардың құрылғысын және қолдану ережесін, әмбебап әрі арнайы кескіш құралдың геометриясын, қайрау және орнату ережесін, бұрамалардың элементтері мен түрлері, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Токарлық станоктардың артқы тұғырлары – болт бойынша тесіктерді бұрғылау;

2) Біліктер, осьтер – қисық майлайтын тесіктерді бұрғылау;

3) Титан қорытпаларынан жасалған бөлшектер-бұрамаларды бұрама ойғыштармен өтпеге және тура кесу;

4) Метал өңдейтін станоктардың бөлшектері-токарлық станоктардың ауыстоптары, әр түрлі станоктардың шпиндельдері – тесіктерді белгі бойынша бұрғылау;

5) Әр түрлі бөлшектер, тораптар мен пісіру конструкциялары – тесіктерді бұрғылау, пневмо құралмен үңгіштеу;

6) Сағат бөлшектері – тесіктерді бұрғылау, үңгілеу, үңгіштеу;

7) Фильтрлерге арналған сфералық түптер – бұрғылау, үңгілеу, үңгіштеу;

8) «т» және «к» бұйымдарының қақпаларына және кремальер қақпалары мен есіктердің сақиналары – тесіктерді белгілер бойынша бұрғылау, үңгілеу;

9) Кабель қораптары – тесікті бұрғылау;

10) Кеме мойынтіректерінің корпустары мен қақпалары, білік диаметрі 500 мм дейін тірек және білек диаметрі 400 мм дейін тура – парлау үшін болттар бойынша ажырамаларда тесіктерді бұрғылау және кесу;

11) Редукторлардың корпустары мен қақпалары, жиыны-бұрғылау,үңгілеу, үңгіштеу;

12) Кремальерлі қақпалар мен есіктердің корпустары-алынбалы сыналар мен қыспа сақиналарын орнату үшін тесіктерді бұрғылау;

13) Мойынтіректердің корпустары- тесіктерді жанасқан жерлерде шпилька және болттар бойынша бұрғылау;

14) Фильтр корпустары – тесіктерді фланецтерде бұрғылау;

15) Күрделілігі ІII топ баспа платтары – тесіктерді бұрғылау, үңгілеу;

16) Акустикалық плиталар – бұрғылау;

17) Орындықтар, стакандар, фланецтер және басқа да бөлшектер- диаметрі 2 мм және 24 мм-ден 42 дейін бұрамаларды өтпеге және тура кесу.

18) Үштіктер, келтеқұбырлар, фланецті иіндер – фланецтерде тесіктерді бұрғылау;

19) Диаметрі 500 мм артық фланецтер, сақиналар –тесіктерді белгі немесе кондуктор бойынша бұрғылау, үңгілеу, жоңғылау, үңгіштеу;

20) Тіс тәждерімен жанасқан тісті берілістің тістегершіктері – тесіктерді бұрғылау және ұңғылау;

21) Тістегершіктер және ажырамалы шкивтер – жанасқан жерлерде және майлау бойынша бұрғылау;

22) Штампылар – тесіктерді бағыттаушы бағаналар бойынша бұрғылау.

502. Бұрғылаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі жазықтықта орналасқан күрделі бөлшектерде 6-9 квалитет бойынша тесіктерді бұрғылау, бұрғылап кеңіту, үңгіштеу және ұңғылау. Әр түрлі конфигурациялы бөлшектерде бұрғылау тереңдігі бұрғының 15 диаметрінен артық, сондай-ақ арнайы бағыттаушы құрылғыларды қолдана отырып, тереңдігі бұрғының 20 диаметрінен артық, терең тесіктер бұрғылау. Бірнеше қондырманы және тесік осьі бойынша дәл бағытты және тесіктер ортасы арасында арақашықтықты қажет ететін түрлі бұрыштар мен әр түрлі жазықтықтар бойынша тесіктерді бұрғылау. Қол жетпейтін жерлерде бұрамаларды қысқарта кесу, жону және кесу. Әр түрлі жазықтықта құрамды бекітуді және дәл салыстыруды қажет ететін күрделі конфигурациялы ірі бөлшектерді орнату. Диаметрі 42 мм артық және 7-8 квалитеттер бойынша орындалатын бұрамаларды кесу. Күрделі құрылғыларды қолдана отырып, әмбебап әрі арнайы станоктарды баптау ж»не кесудің тиімді режимін белгілеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың кинематикалық тәсімін, дәлдікке тексеру ережесін, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивті ерекшеліктерін және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, әмбебап әрі арнайы кескіш құралдың геометриясын, термоөңдеу, қайрау, жетілдіру, орнату ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Станоктың алдыңғы тұғырлары – тесіктерді бұрғылау және ұңғылау;

2) Бөлшектер, тораптар және пісіру конструкциялары, ірі габаритті күрделі конфигурациялы-тесіктерді бұрғылау және кесу, үңгіштеу және бұраманы кесу;

3) Суппорттардың кареткалары, станок жылдамдықтарының суппорттары мен қораптары - бұрғылау, ұңғылау, бұраманы кесу және қысқарта кесу;

4) Кеме мойынтіректерінің білік диаметрі 500 мм және жоғары тірегінің және білік диаметрі 400 мм және жоғары тірегінің корпустары мен қақпалары- парлау үшін болт бойынша ажырамада тесіктерді бұрғылау және қысқарта кесу;

5) Кеме мойынтіректерінің корпустары мен қақпалардың жиыны-тесіктерді штифтер мен болттар бойынша ұңғылау;

6) Редукторлардың корпустары мен қақпаларының жиыны – тесіктерді цилиндрлік және конустық штифтер бойынша ұңғылау;

7) Бағыттаушы кронштейндер, «ш» және «к» бұйымдарының негізі мен фундаменттері – пневмоқұралмен тесіктерді бұрғылау және үңгіштеу;

8) Көп тесігі бар кабель қораптарының қақпалары мен фланецтері - әр түрлі диаметрлі тесіктерді бұрғылау, радиус жасай отырып тесіктер қысқарта кесу;

9) Матрицалар мен штампылардың пуансондары және үлкен өлшемді және күрделі конфигурациялы кондукторлардың, құрылғылардың негіздері - әр түрлі жазықтықта белгі бойынша тесіктерді бұрғылау;

10) Білік сым өткізгіш муфталардың икемді жиектері – сатылы тесіктерді бұрғылау, үңгіштеу;

11) Дейдвуд сальниктерінің құрсаулары-серіппе бойынша бұрғылау, үңгіштеу және ұңғылау;

12) Күрделілігі IV топ баспа платтары – тесіктерді бұрғылау, үңгілеу;

13) Үлкен өлшемді фундамент плиталары- механизмдерді орнату бойынша белгіде әр түрлі диаметрлі тесіктерді бұрғылау;

14) Токарлық және басқа станоктардың фартуктары-тесіктерді бұрғылау және ұңғылау.

503. Бұрғылаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тесік осьтерінің, олардың арасында берілген бұрыштың, перпендикулярлықты, тесіктер ортасы арасындағы арақашықтықты дәл ұстанып, параллелдігін қатаң сақтай отырып күрделі бөлшектерді әмбебап бұрғылау станоктарында 6 квалитет бойынша бұрғылау, жұқалап ұңғылау. Кесу аумағына майлайтын салқындатқыш сұйықтың берілуі үшін ішкі және сыртқы келтірумен арнайы құрылғылар мен құралдарды (бір, екі, үш кескіш қалпақшалар және тағы басқа) қолдана отырып, арнайы бұрғылағыш-қырнағыш станоктарда 6 квалитет бойынша терең тесіктерді және күрделі бөлшектерді жону. Салыстырып тексеруді, жоғары дәлдікті және әр түрлі бұрыш бойынша кеңістікте олардың бағдарын қажет ететін күрделі құрылғыларды қолдана отырып, күрделі және жұқа қабырғалы бөлшектерді орнату.

Білуге тиіс: әмбебап бұрғылағыш және бұрғылағыш-қырнағыш станоктардың құрылғысын және кинематикалық тәсімін, олардың негізгі тораптарының конструкциясын және тораптарды дәлдікке тексеру ережесін, кескіш құралдарының барлық түрінің геометриясын және қайрау, жетілдіру ережесін, әр түрлі әмбебап және арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет