3.Б.Е.Райковтың әдістемелік еңбектеріне қысқыша сипаттама беріңіз? Профессор Борис Евгеньевич Райков (1880-1966) әдістемесінің негізгі мәселелері және тарихы жөнінде көп жұмыстарын, зоология оқулығын, практикалық сабақтарға, экскурсияға көмекші құрал жасады және сонымен қатар «Жаратылыстану мектепте», (1918-1929), «Тірі табиғат», (1924-1930) журналдарының редакторы, жаратылыстану әдістемесінің кафедрасының негізін қалаушы, (Петроград, 1922, А.И.Герцен ат. пединститут) жаратылыстану тарихының білім беру қоғамының төрағасы (1921-1930) болды. 1918 және 1920 жылдары биологиядан алғаш рет бағдарлама шығарылып, В.В.Пловцовтың оқулықтары мен әдістемелері қайта баспадан шығарылды.
Алғашқы бағдарламаларда негізгі назарды мазмұнына емес, оқыту әдістеріне көп бөлді. Мұғалімдерге көмек үшін 1935 жылдан бастап «Биология және химия мектепте» журналы шыға бастады, ал 1937 жылдан 1941 жылға дейін Б.В.Всесветскийдің редакциялық етуімен «Биология мектепте» журналы, 1946-1948 жылдары Б.Е.Райковтың редакциялығымен «Жаратылыстану мектепте» журналы қайта шығарылды. Кейін бұл журнал Москваға ауыстырылды, редакция құрамы өзгертіліп және журналдың аты «Биология мектепте» болып шығарылды.Ғылымның дамуына байланысты мектеп биологиясында жаңа эксперименттер мен демонстрацияларды енгізудің қажеттілігі туындады. Биологияны оқыту әдістемесінде жаңа объектілермен өсімдіктермен, жасушалармен тәжірибелер жүргізуге әдістемелер жасалынды, техникалық құралдар қолданыла бастады. Алғашқы жылдары мектептегі пәндер жүйесінде сабақтың әдістемелік мәселесін шешіп алу керек болды. Бұл мәселені шешу үшін оқу, тәжірибені жалпылау және экспериментальді сипаттағы зерттеу керек болды. Сондықтан да сабақтың әдістемесін ашатын оқулықтар кейінірек шығарылды.
Мұнда экскурсия негізгі ерекше тақырыптар бойынша сабаққа тәуелсіз жүретін болды, ол оқылатын тақырыптардың құрамына еніп, өтіп кеткен және өтілетін сабақтармен байланысты болды. Үй тапсырмасының ерекше әдістемесі пайда болды: білімді қайталайтын, бекітетін және экспериментальді сипат алды. Кластан тыс жас натуралистердің сабақтары курстар бойынша (ботаника, зоологяи, физиология, дарвинизм) жіктеледі. Қоғамдық пайдалы еңбек, құстар күні, орман, бақша аптасы, ғылыми кештер белгілі бір тақырыптарды өткеннен кейін өткізілді. Осы оқытудың формалары сабақпен және өзара бір бірімен тығыз байланыста болды.Осылай биологияны оқытудың формаларының жүйесінің мәселелері шешіле бастады. Осылардың негізінде ұйымдастырудың әдістемелік жүйесі тірі мүйіс бұрышы және оқу – тәжірибе үлескілері пайда болып, олар мектептің оқу тәрбие міндеттеріне бағынады