6. А.Я.Гердтің жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі бағытындағы еңбектері қандай? Жаратылыстануды оқыту әдістемесінің XIX ғ. мектебінде дамуы. А.Я. Герд, В.В. Половцов, Д.Н. Кайгородов, К.П. Ягодовский сынды ғалымдардың сол кездегі Ресей мен оның құрамындағы халықтардың жаратылыстану әдістемесінің дамуына ықпалы. Қазақ ҚСР-ының жалпы білім беретін мектептерінде биологияны оқытуға арналған алғашқы Х.Д. Досмұхамедов пен Ж.М. Күдериннің оқу кұралдарының әдістемелік сипаттамасы. Б.Е. Райков, И.И. Полянский, Б.В. Всесвятский, П.И. Боровицкий, Н.А. Рыков, Н.М. Верзилин, В.М. Корсунская, Б.Д. Комиссаров, И.Д. Зверев, Т.М.Мұсақұловтардың жалпы және кәсіптік білім беретін мектептерде биологияны оқыту мен тәрбиелеу теориясының дамуына косқан үлестері. Биологиялық білім беру дамуының XX ғ. 2-жартысындағы үрдістері. Кеңестік кезеңдегі қазақстандық авторлар, олардын жарық көрген еңбектері. Отандық «Табиғаттану» оқулықтары мен әдістемелік құралдарының алғашқы авторлары: Т.М. Мұсақұлов, Б.В. Мұқанов, С.Жұмабаев, А.Көрғұлин, К.Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, Ә. Бірмағанбетов. Биология оқулықтарын қазақ тіліне рәсімдеуде еңбек сіңірген қазақстандық ғалымдар мен редакторлар (М.Бәйімбетов, Қ.Құрманов, А.Жиенбаева, Қ.Қайым, Г.Шаменов, Ж.Байжанова, А.Көрғұлин, Р.Әлімкұлова, А.Темірәлиева, Ұ.Сайымбөлекова, А.Османова т.б.), олардың отандық биологиялық білім берудің дамуына қосқан үлесі. 1786 жылы Зуев фамилиясын кӛрсетпей «Ресей империясындағы халық училищелеріне арналған жаратылыстану тарихының сызбалары» атты оқулық шығарды. Осы жылдан бастап жаратылыстануды оқытудың авторы барлық негізгі әдістемелік міндеттерді шешуге тырысты. Оқулықта В.Ф.Зуев жаратылыстануды оқытудың бірізділігін қалыптастырды. 1. Қазбалар патшалығы (ӛлі табиғат) 2. Ӛсімдіктер патшалығы (ботаника) 3. Жануарлар патшалығы (зоология) В.Ф.Зуев оқу пәні ретінде жаратылыстанудың негізін қалады.
Биология ғылымында систематика (жүйелеу) кең тарала бастады, сондықтан да К.Линнейдің «Табиғат жүйесі» үлкен назарға ілінді. . Жаратылыстануды оқуда ойлау қабілетін және танымын тәрбиелеу туралы терең ойлар айтқан атақты ботаник профессор А.Н.Бекетов (1825-1902) болды. 1866 жылы «Мұғалім» журналында «Жаратылыстану ғылымдарын оқытудың әдістері» атты жас мұғалім А.Я.Гердтің мақаласы шықты. Оның пікірі бойынша, оқытудың мазмұны қазіргі ғылыми деңгейге сай болуы керек және ғылыми дүниетанымды тәрбиелеу керек деді. А.Я.Герд Ч.Дарвиннің Ресейдегі алғашқы ізбасарларының бірі болды. Профессор К.Ф.Рулье (1814-1858) ғылымда ағзалардың қоршаған ортаға күрделі қарым – қатынастары, түрлердің өзгеруі туралы мәліметтеріне қойды. Ол бірден биология ғылымындағы жүйелеу мен морфологияға сыни қарады. Рулье жалпылайтын және түрлендіретін фактілер есебінде органикалық әлемнің эволюциясы идеясын Дарвиннің «Түрлердің шығуы» еңбегін жарыққа шығаруынан бірнеше жыл бұрын ұсынды. Рулье биолггия ғылымында оқығанға назар аударуды және организмнің қоршаған ортамен, мүшелердің құрылысының функциясымен байланысы негізінде зерттеуді дамыту керек деді.К.Р.Рульенің оқушысы – профессор А.П.Богданов 1862 жылы орта мектепке арнап «Зоология және зоологиялық хрестоматия» оқулығын шығарды. В.В.Пловцов ғылыми материалисті дүниетанымды тәрбиелеу мәселесін қозғады. Осы жылы В.В.Пловцовтың жетекшілігімен алғаш рет әдістемелік «Мектептегі табиғаттану» атты журнал шықты. В.В.Пловцов жаратылыстанудан Тенишев училищесінде және қыздар Педагогикалық институтында жаратылыстану әдістемесінен дәріс оқыды. 1904 жылдан бастап В.В.Пловцовтың жетекшілігімен жоғары оқу орындарында жаратылыстану әдістемесі ғылыми пән ретінде қабылданды. Профессор Борис Евгеньевич Райков (1880-1966) әдістемесінің негізгі мәселелері және тарихы жӛнінде кӛп жұмыстарын, зоология оқулығын, практикалық сабақтарға, экскурсияға көмекші құрал жасады және сонымен қатар «Жаратылыстану мектепте», (1918-1929), «Тірі табиғат», (1924-1930) журналдарының редакторы, жаратылыстану әдістемесінің кафедрасының негізін қалаушы, (Петроград, 1922, А.И.Герцен ат. пединститут) жаратылыстану тарихының білім беру қоғамының тӛрағасы (1921-1930) болды. 1918 және 1920 жылдары биологиядан алғаш рет бағдарлама шығарылып, В.В.Пловцовтың оқулықтары мен әдістемелері қайта баспадан шығарылды. ХІХ ғ. жартысында халыққа білім беруді ұйымдастырушы қазақтың ұлы ағартушысы Ыбрай Алтынсарин болды (1841-1889). 1857 ж. Семенов-Тянь-Шаньскийдің нұсқауымен Ш. Уәлиханов орыс Географиялық қоғамының, мүшесі болып сайланады. 1859 ж. алғында Ш. Уалиханов Петербургке келеді, мұнда ғалымдар оны ержүрек саяхаттанушы және зерттеуші ретінде қарсы алады. Бас Штабтың әскери-ғылыми комитетінің тапсырысы бойынша Уәлиханов Орталық және Азияның карталарын – «Балхаш көлі мен Алатау жоталарының арасындағы кеңістіктер картасы», «Қытай империясының батыс өлкесі картасы» және т.б. құрастырады.