БОӘ даму кезеңдері
|
Ғалым-әдіскерлер
|
БОӘ дамуына қосқан үлесі
|
Ең танымал еңбектері
|
XVI – XVII ғасырлар
|
Ф.Бэкон
Гай Плини Секунда
|
Жалпы алғанда мектептік білім беру, оның ішінде биологиялык білім беру Ф.Бэкон (1561-1621) негізін жасаған ғылыми танымның әдіснамасы әсерінен болды.
Жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі туралы еңбегі шығарылған
|
Оның негізгі идеялары мыналар:
– білімнің жалғыз қайнар көзі – сезімдік тәжірибе: барлық білім тәжірибеде негізделеді және сол арқылы (эмпиризм) беріледі; практикалық пайдасы (утилитаризм): «білім – күш»:
– тәжірибе жолымен табылған (индуктивизм), деректерді қорыту арқылы
заңдылыктарды анықтау;
– зейінді тек құбылыстар себебін тануға шоғырландыру (каузализм);
– күрделіні қарапайымға келтіру арқылы тану (редукционизм;)
Барлық осы ережелер бірімен-бірі тығыз байланысты және бір-бірін толықтырып тұрады.
«Жаратылыс денелері»
|
XVIII ғасырдың соңында
|
В.Ф. Зуев
|
жаратылыс тарихы оқытылыушының практикалық мәселелерін
шеше отырып, әдістемені бірқатар проблемаларын айқындап берді:
– ғылым мен оқу пәнінің өзара байланысы;
– мазмұнның ғылымилылығы;
-оқу пәнінің құрылымы (қарапайымнан күрделіге қарай, өлі табиғаттан кімпктерге дейін, онан сон жануарлар мен адамды оқуға);
-оқылатын нысанның монографиялық сипатталуы;
-оқытудағы көрнекілік пен табиғи заттардың рөлі;
-оқытылатын материалға деген кызығушылықтың дамытылуы;
-ғылыми – жаратылыстық білімнің практикалық маңызы (оқудың өмірмен байланысы);
-орта және жоғарғы мектептегі оқыту әдістемеснің өзара байланысы.
Сонымен академик В. Ф. Зуев Ресейде биологияны оқытудың әдістемесіне бастама салды және шын мәнінде онын негізін салушы болып есептеледі.
|
қазбадағы патшалық (өлі табиғат);
текке күнелтетін патшалық (ботаника); (Зуевтің кезеңінде өсімдіктер үсіп кететіндер» деп аталған).
Жануарлар патшалығы (зоология)
|
ХІХ ғасырдың басы
|
Любен
Ч. Дарвин
|
Жаратылыс тарихынын оқытылуында дидактикалық революция жасаған, Любен (1804-73) болды. Ол жаратылыс тарихын оқу максатын тұжырымдады, яғни органикалық дүние жүйесі оқушылардың өздерінің ашуы.
Дарвинизмнің әсерінен жана пәндер – экология мен генетика пайда болды, морфология, физиология және систематика эволюциялық мазмұндалды.
|
эволюция жөніндегі ілім
|
XIX ғасыр соны
|
А.Я. Герд
|
А.Я Герд мектептің оқу жоспарында пәндердің мынадай ретпен бөлінуін ұсынады:
1. Бейорганикалық әлем;
2. Өсімдіктер әлемі;
3. Жануарлар әлемі;
4. Адам;
5. Жердің тарихы.
|
«Мұғалім» журналы
Адам анатомиясы және физиология»
|
1907 ж
|
В.В. Половцов
|
алғаш рет жаратылыстанушы – әдістемешілердің зерттеу бағыттарын анықтайтын бірнеше мәселелерді көрсетті: ғылыми пән мен оқу пәнінін арасындағы айырмашылығы жөнінде, мектептегі оқытуда біртұтастық жөніндегі пікір, оқу пәнінде болжамнын рөлі жөнінде, эволюциялык теорияны оқып үйрену жөнінде жыныс мәселесіне қатысты сауаттылык, мұғалімді дайындау жүйесі жөнінде жаратылыстануды оқытатын мұғалім қандай болуы керектігі жөнінде және т.б Ғалым – ботаник ретінде В. В. Половцов табиғат құбылыстарын түсіндіруде материалистік ұстаным қажеттгін белсенді түрде жақтады
|
«Жаратылыстануды оқытуды жалпы әдістемесі»
|