1 Жас ұрпаққа тәрбие ж/е білім берудегі Қаз/н тарихы курсының маңызы мен орны



бет19/21
Дата09.04.2023
өлшемі321,5 Kb.
#174040
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
анара тарих шпоры (2)

сатбаев -корнекти галым

Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген.
1920-1941 жылдары Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған. 1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған. 1952 жылы әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған. 1955 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған.
1947 жылы Англияға сапар жасаған кеңес парламентарийінің ішіндегі қазақ ғалымына Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчилль қалжыңдап «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрапты. Сонда академик Қ.Сәтбаев «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап беріпті. Осы бірауыз сөзден ғалымның дене бітімі ғана емес, жан-дүниесінің, халқын сүйген жүрегінің де ірі екенін байқауға болады.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген.


75,.сатбаев атындагы университет
Қазақ ұлттық техникалық университеті — Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында орналасқан техникалық білім беретін жоғары оқу орны. Кеңес Одағы кезінде Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институты деп аталды. 1994 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Қазақ ұлттық техникалық университеті болып қайта құрылды. Белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығына орай, ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22


қыркүйектегі №1436 қаулысы бойынша Қазақ техникалық университетіне Қаныш Сәтбаев есімі берілді. Қазірге Қазақстандағы ең көп студент тәлім алатын университет атануда (19 000 студент). [1]
Бүгін Алматыда Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-да 40 мамандық бойынша техника және технологиялар саласында 180 магистрантқа магистр академиялық дәрежесі берілді.
Сондай-ақ, 50 түлек өте жақсы диссертациялық жұмыстары үшін ерекшеленді.
«Өздеріңізге белгілі Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті әлемнің түрлі елдеріндегі мамандар мен студенттерді біріктіретін халықаралық деңгейде тынбай білім беру және ғылыми зерттеу университеті. Елбасы «Алдағы күнде магистранттар мен PhD докторларын даярлау жүргізілетін болады» -деді. Міне, осыған байланысты біздің оқу орнымыз 2020 жылы халықаралық деңгейдегі зерттеуші оқу орындарының бірі болмақ. Сонымен қатар, алдыңғы қатардағы жетекші оқу орындары дәрежесінен көріну де жоспарда бар. Жоспар бойынша болашақта магистратура және PhD докторантурасы - 30 %, бакалавриат студенттері - 70%, профессорлық оқытушылар құрамында, профессорлар - 35%, ғылым кандидаттары, PhD докторлары - 30% -ды құрауы тиіс» - деп атап өтті Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-дың ректоры Жексенбек Әділов.
Аталмыш оқу орнында магистратура мен докторантураға ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы 3 жылдың ішінде магистратура бөлімінде білім алушылардың саны 9 есеге, PhD докторлары 7 есеге өскен.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет