рамиздер
,1992ж 4 маусым ҚР-ның Мемл. Туы мен елтаңбасы қабылданды.Ту авторы:Ш.Ниязбеков,Елтаңба авторы:Ж.Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.1992 ж 11 желтоқсанда әнұранның мәтіні бекітіліп,2006ж 6 шілдеде гимн қабылданды.Авторы:Н.Назарбаев,Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Сөзін жазған:
Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
президент жолдауы
17 қаңтар 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын аудан тұрғындары арасында түсіндіру және насихаттау мақсатында Ақтөбе облысы әкімі жанындағы ақпараттық-насихаттық тобының құрамында топ басшысы Көшербаев Әкімгерей Кәдірбекұлы-Қ.Р.Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің директоры, Уәли Асқар Зинешұлы- облыстық құрылыс басқармасының өндіріс бөлімінің бастығы, Штаин Антон Георгьевич «Возрождение» этномәдени бірлестігінің мүшесі Хромтау ауданының Абай селолық округінде ауыл тұрғындармен кездесу өтті. Облыстық ақпарттық насихат тобымен бірге аудан әкімінің орынбасары Н.Ізтілеуов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы С.Ельдесов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Ж.Ракишева, аудандық «Хромтау » аудандық газетінің тілшісі Л.Ким аталған елді мекенінде кездесуге қатысты. Жиынға 42 ауыл тұрғыны жиналды.
Достарыңызбен бөлісу: |