1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізудің маңызын талдаң



бет38/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ
сөж, сөж, сөж, сөж
34. Білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізудің маңызын талдаң

Кез келген білім мекемесі оку үдерісінің дұрыс жүруіне, мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім деңгейіне жетуге оқу себептілігін арттыруға, оқушының денсаулығы мен жеке тұлға ретінде дамуына талпынады. Мектепте баскару жүйесінің қаншалықты дұрыс бағытта екенін білу үшін басқарудың сараптамалық бағдарламасын жасау керек. Бұл үдеріс жіберілген кемшіліктерге түзетулер енгізуге және білім сапасын көтеруге септілігін тигізеді. Мектептің басқару жүйесі оқу мониторингінің нәтижелеріне сүйенеді. Мониторинг қандай да бір үдеріске ұйымдастырылған бақылау, нақты нәтижелерді салыстыру арқылы болашақта оларды жақсартуға бағыттылған шаралар ұйымдастыру үшін жасалады. Мониторинг жүргізу қазіргі таңда барлық мекемелерде, өндірістің барлық салаларында жүзеге асып жатыр. Мектеп - білім мекемесі болғандықтан, оның негізгі мақсаты - сапалы білім беру. Сондықтан, мектеп мониторингінің негізгі зерттелетін объектісі - білім сапасы. Оқу мониторингісін жасау – мектеп үдерісіндегі шарттардың және білім сапасының өсу (кему) динамикасын жүйелі түрде бақылау, сараптау, бағалау. Білім сапасы туралы мәліметтерді жинау арқылы мәліметтер қоры жасақталады, оларды өңдеп, сақтау арқылы кез келген уақытта білім сапасының қазіргі деңгейін көрсетуге болады. Оқу мониторингінің нақты мақсат-міндеттері, жасалу принциптері, бағдарламасы және зерттелген нәтижелерге қарап, кемшіліктердің жою жолдары айкындалу керек.

Оқу мониторингісінің мақсат-міндеттері:

- Ұжымның жұмысын мониторингке шоғырландыру;

- Мәліметтер қорын жинау;

- Оқушылардың үлгерімі және білім сапасын көтеру;

- Педагогтардың шеберлігін арттыру, баскару жүйесінің сапасын арттыру;

- Мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін педагогикалық кеңесте ортаға салу:

- Мониторинг бағдарламасын бекіту.

Мониторинг жасаудың бағдарламасы:

Зерттеу бағыттарын анықтау.

Мониторинг көрсеткіштерін анықтау.

Алынған мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ететін әдістерді анықтау.

Әр бағыт бойынша мәліметтер жинау және оларды өңдеу, сараптау және сақтау технологиясын анықтау.Берілген бағыттар бойынша мониторингке қатысатын мұғалімдердің атқаратын қызметін белгілеу.Мониторинг жасауда белгілі бір талаптар қойылады, оларды мониторинг жасаудың принциптері деуге де болады:

Мәліметтердің дұрыстығы. Керек мәліметтер нақты және мектеп әкімшілігіне пайдалы болу керек.

Мәліметтерді салыстыратын мүмкіндіктің болуы. Кез келген үдерістің тек қазіргі деңгейі ғана емес, ондағы өзгерістердің себептерін зерттеу керек болады.

Болжамдық. Нәтижелерге сүйене отырып, болуы мүмкін өзгерістерге болжам жасау.

Оқу мониторингісі болғандықтан, басты назар білім сапасында болмақ. Білім сапасын көтеруге әсерін тигізетін бірнеше факторларды атауға болады:

1. Оқушылардың денсаулық жағдайы.

2. Мектептің материалдық базасы.

3. Педагогтардың шеберлігі.

4. Үйірмелер, спорт секцияларының жұмысы.

5. Оқушылардың сабаққа қатысымы.

6. Тәрбие жұмысы.

7. Оқушылардың дұрыс тамақтануы.8. Баланың отбасындағы жағдайы және т.с.с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет