1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Блум таксономиясының тарихы. Блум таксономиясының салаларына сипаттама беріңіз, мысал келтіріңіз



бет39/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ

35. Блум таксономиясының тарихы. Блум таксономиясының салаларына сипаттама беріңіз, мысал келтіріңіз.

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылыПенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.

Б.Блумның білімді толық меңгеру теориясы (Learning for mastery, 1970) жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушы нəтижелерінде 90% айырмашылық болатынын түсіндіретін негізгі үш факторды анықтайды. Бірінші фактор оқушылардың жаңа тапсырмаларды шешуді меңгеріп, оқу үдерісіне бейімдей алатын түрлі білімі мен қабілеттерін диагностикалауды болжайды. Бұл нəтижелердің қорытынды айырмашылығын 50%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Екінші фактор болашақта оқуды ынталандыруға ерекше əсер ететін, алғашқы келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған эмоционалдық қолдау көрсетуді болжайды.Нəтижесінде жетістік қорытындысының айырмашылығын 25%-ға дейін қысқарту мүмкін болады. Үшінші фактор оқу ортасы мен уақытты есепке ала отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде жеке қолдау мен марапаттауды ұсынады. Осылайша, қорытынды нəтиженің 25% ерекшелігі қысқаруы мүмкін. Білімді толық меңгеру теориясы жиынтық бағалау кезінде балдарды есепте əдістемесі мен баға қою механизмін анықтаудың негізі болып табылады. Тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудағы балдардың түрлі əсер етуі тоқсанның соңына дейінгі қорытынды бағаны жақсартуға мүмкіндік береді. Тоқсан барысынд оқушылар алғашқы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық жұмыста төмен балл алса, онда қорытынды нəтижені жақсарту мүмкіндігі сақталады. Оқу бағдарламасындағы негізгі бағыт болып табылатын Б.Блумның (1956) таксономиясы қолданылады. Оқу мақсаттарының таксономиясы (Блум, Кратволь, 1956) ойлау дағдыларының алты деңгейін болжайды:

Білу – өтілген материалды дəйек, жағдай, негізгі тұжырымдар мен жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды дəлелдеу.

Түсіну – материалды бір түрден екінші түрге ауыстыру, материалды интерпретациялау,оқиғаның барысын болжау.

Қолдану – ережелерді, жаңа білімді түрлі нұсқада қолдану.

Талдау (анализ) – толық объектіні ұсақ бөліктерге ажырату, оның мəнін түсіну жəне меңгеру үдерісі.

Жинақтау (синтез) – бұрынғы жеке түсінікті толық біріктіру үдерісі.

Ақпаратты жаңа үлгідегі элементтердің түрлі əдістерімен біріктіру немесе альтернативті шешім ұсыну арқылы жүйелеу.

Бағалау – анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде объектінің жетістіктері,кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен басқа да сипаттарын анықтайтын үдеріс.

Таксономиялық тəсіл оқу мақсаттары ойлау дағдыларының деңгейлеріне сəйкес бағалау критерийлерін құрастыруға мүмкіндік береді. Критериалды бағалау жүйесінде бағалау критерийлері ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша үш топқа бөлінген: білу жəне түсіну; қолдану; жоғары деңгейдегі дағдылар (талдау, жинақтау жəне бағалау).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет