1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Мектептегі білім беру жүйесіндегі мониторинг жүргізудің ерекшеліктерін түсіндіріңіз



бет37/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ
сөж, сөж, сөж, сөж
33. Мектептегі білім беру жүйесіндегі мониторинг жүргізудің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Мектепте баскару жүйесінің қаншалықты дұрыс бағытта екенін білу үшін басқарудың сараптамалық бағдарламасын жасау керек. Бұл үдеріс жіберілген кемшіліктерге түзетулер енгізуге және білім сапасын көтеруге септілігін тигізеді. Мектептің басқару жүйесі оқу мониторингінің нәтижелеріне сүйенеді. Мониторинг қандай да бір үдеріске ұйымдастырылған бақылау, нақты нәтижелерді салыстыру арқылы болашақта оларды жақсартуға бағыттылған шаралар ұйымдастыру үшін жасалады. Мониторинг жүргізу қазіргі таңда барлық мекемелерде, өндірістің барлық салаларында жүзеге асып жатыр. Мектеп - білім мекемесі болғандықтан, оның негізгі мақсаты - сапалы білім беру. Сондықтан, мектеп мониторингінің негізгі зерттелетін объектісі - білім сапасы. Оқу мониторингісін жасау – мектеп үдерісіндегі шарттардың және білім сапасының өсу (кему) динамикасын жүйелі түрде бақылау, сараптау, бағалау. Білім сапасы туралы мәліметтерді жинау арқылы мәліметтер қоры жасақталады, оларды өңдеп, сақтау арқылы кез келген уақытта білім сапасының қазіргі деңгейін көрсетуге болады. Оқу мониторингінің нақты мақсат-міндеттері, жасалу принциптері, бағдарламасы және зерттелген нәтижелерге қарап, кемшіліктердің жою жолдары айкындалу керек.

Оқу мониторингісінің мақсат-міндеттері:

- Ұжымның жұмысын мониторингке шоғырландыру;

- Мәліметтер қорын жинау;

- Оқушылардың үлгерімі және білім сапасын көтеру;

- Педагогтардың шеберлігін арттыру, баскару жүйесінің сапасын арттыру;

- Мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін педагогикалық кеңесте ортаға салу:

- Мониторинг бағдарламасын бекіту.

Мониторинг жасаудың бағдарламасы:

Зерттеу бағыттарын анықтау.

Мониторинг көрсеткіштерін анықтау.

Алынған мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ететін әдістерді анықтау.Әр бағыт бойынша мәліметтер жинау және оларды өңдеу, сараптау және сақтау технологиясын анықтау.Берілген бағыттар бойынша мониторингке қатысатын мұғалімдердің атқаратын қызметін белгілеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет