Адамның кез келген қызметіндегі қажетті элементтер бақылау жəне бағалау болып табылады. Олар адамның қызметін реттейді, оған процестің қаншалықты сəтті өтуі жəне қиындықтары туралы ақпарат береді. Бұл өз əрекеттерімізді реттеуге мүмкіндік туғызады. Бақылау — бақылауға алынатын объектіні стандарттармен, нормалармен, критерийлермен салыстыру процесі. Бағалау — бақылау нəтижелерінің ауызша немесе жазбаша көрінісі.
Көптеген жағдайларда білім беру процесіндегі іс-əрекеттерді бақылау мен бағалаудың дəстүрлі тəжірибесі төмендегілермен сипатталады: сабақта жалғыз ғана бақылаушы мен бағалаушы мұғалім, оқушылар жəне ата-аналар тиісті биліктен айырылған; оқу нəтижесі ғана бағаланады (білімді меңгеру процесі назарсыз қалады); бақылаудың мазмұны (бағаланатын) жиі жасырын түрде қалады; сабақтарда көп уақыт бақылау жүргізуге жұмсалады (белгілерді қою қажет); тек балдық немесе рейтингтік баға қолданылады; кейде бағалар оқушыларға қысым көрсету құралы ретінде пайдаланылады.