32. Диагностикалық бағалаудың мақсаты. Диагностикалық бағалаудың оқыту мен оқудағы кездесетін қиындықтарды болжау және оларды болдырмаудың әдісі ретінде талдаңыз
Диагностикалық бағалаудың мақсаты пән бойынша тақырыпты немесе тарауды оқуды бастарда оқытудың мақсатына қатысты оқушының алатын орны туралы ақпарат алу болып табылады. Диагностикалық бағалау мұғалімге оқушының сұранысы бойынша оқу жоспарын өзгертуге немесе алдағы уақытта оқып- үйренуде туындайтын қиындықтарды жеңуді болжауға көмектеседі.
Білім берудегі диагностиканың міндеттері:
-білім алушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (білім алуға әзірлігі, психикасының қызметі, дамуы) ;
-оқыту үрдісінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білуі ой жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);
-тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін адамгершілікке сенімін, адамгершілігін).
Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді. Білім алушының еңбегі педагогтың еңбегімен бірге талданып, білім алушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділіг зерттеледі. Педагогтың жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру білім алушының «оқығым келмейді» деген пікірмен санаспайды. Диагностика арқылы білім алушылардың білім, іскерліктері тексеріліп бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып, одан арғы жұмыстар болжанады. Диагностика үшін көптеген әдістер жіне әдістемелер қолданылады. Мысалы, дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, білім алушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл ойды, т. б зерттеу, жеке білім алушылармен жұмысты жобілім алушы әдісі қолданылады. Қазіргі мектепте қолданылатын диагностика-педагогикалық қатынастар жүйесіндегі білім алушыны (сыныпты) жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығы.Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы ізгілікке қызмет етіп, мектепте жақсы қарым-қатынас орнатады. Диагностика білім алушыларды «орташа», «үздік» деп бөлмей, олардың мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық қорытындылар дәл, толық болу керек. Барлық педагогтер гуманистік идеяларды мойындағанда ғана диагностика арқылы әрбір білім алушы туралы ақпараттар жиналып, оның қабілетін, дарындылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |