1-жүргізуші: Қайырлы күн аяулы ұстаздар мен құрметті студенттер! Бүгінгі «жаратылыстану ғылымдары әлеміне саяхат» апталығының жабылу салтанатына қош келдіңіздер. 2- жүргізуші



Дата20.04.2022
өлшемі21,6 Kb.
#139949
Байланысты:
ЖАБЫЛУЫ


1-жүргізуші: Қайырлы күн аяулы ұстаздар мен құрметті студенттер! Бүгінгі «жаратылыстану ғылымдары әлеміне саяхат» апталығының жабылу салтанатына қош келдіңіздер.
2- жүргізуші: Химия, математика, физика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Апталықты бірге қорытындылауға,
Шақырамыз сіздерді.
1-жүргізуші:  «жаратылыстану ғылымдары әлеміне саяхат» атты онкүндігінде студенттердің алған білімдерін бүгін жинақтайтын кез келген сияқты.
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңен кетпейді-деп Төле би атамыз айтқандай жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын оқушыларды осы залдан ойынға қатысуға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Білгенге білім байлық бағасы артық,
Салмағы сан жетпейді қорғасыннан.
Үйренсең өнер білім өшпес мұра
Таусылмас тау кенінің қордасындай.
Ортада химия, физика және математика пәндері бойынша тапсырмалар бар. Кімде кім әрі жылдам, әрі дұрыс орындайтын болса, сол оқушылар жеңімпаз атанып марапатталады.
1-жүргізуші:
Химия пәнінен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапты әріптерді құрастыру арқылы табады.
2-жүргізуші:
Физика пәнінен үстелдегі қажетті заттар арқылы эксперименттік тапсырмалар орындау керек.
1-жүргізуші:
Математика пәнінен берілген сандардың квадраттарын табу керек.
2-жүргізуші:
Дайын болсақ бастайық. Студенттерімізді қолдап, қошеметтеп отырайық!


1-жүргізуші:
Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын.
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Химия пәнінен: /сұрақ-жауап/

  1. Көмір қышқыл газының формуласы қандай?

  2. Пропанның формуласы қандай?

  3. Судың химиялық құрамы?

2-жүргізуші:
Физика – тілдесер табиғаттың тілі екен ғой, 
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,
Салғаннан айтылған сөз ішілген ас, 
Бәрінің бағынары физика ғой.
Сондықтан табиғаттың сырын терең,
Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем.
Демесең болсын егер еңбегің еш,
Негізі бар ғылымның физика,
Жалықпай оқып үйрен тек қана,
Білімнің есігін ашты көзін тауып,
Ньютон, Эйнштейн, Архимедтер.
Физика пәнінен: /эксперименттік тапсырма/

  1. Берілген стақан, қатты қағаз және тиынды пайдалана отырып тәжірибе жасау. Стақан ішіне тиынды түсіру керек.

  2. Шарға стақанды жабыстыру керек. / шар және стақан/

  3. Тиынды ақшаның үстіне қойып, оның центрін табу керек?

1-жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанған, 
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған, 
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа! 
Жасықтан емессің сен қаталдансың 
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін 
Нағыз пән математика атанғансың 
Жас достар, Мұны жақсы ұғайық 
Математика ғылымы Құрметтеуге лайық 
Дүниедегі құбылыстың мәніне 
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде 
Мүмкін емес есептерсіз түсіну 
Есебіңіз дүние кілті әлі де. 
Математика пәнінен сандардың квадратын табу керек.
162 = 142 = 92 = 212 =
112 = 232 = 72 = 122 =
2- жүргізуші: Ән...........................................................
Мықты болсаң- алдағыны басып оз.
Мықты болсаң- арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң- шоқалаққа сүрінбе,
Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда
Мықты болсаң- бөгеттерді бұзып өт!
Мықты болсаң- заманыңды көктеп өт!
1-жүргізуші: «жаратылстану ғылымдары әлеміне саяхат» апталығының жоспарына сәйкес математика, химия, физика пәндерінен болған олимпиадада орын алған студенттер марапатталады.
марапаттау сәті........
2 жүргізуші:
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Құрметті көрермен сау тұрындар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
1 жүргізуші:
Көңіл бөліп бұл кешке ,
Келгендерге мың алғыс,
Шын сезінген көрермен,
Кездесеміз әлі біз –дей келе «жаратылстану ғылымдары әлеміне саяхат» он күндігінің жабылу кеші өз мәресіне жетті, келгендеріңізге көп рахмет! Қош сау болыңыздар.
Әрбір тілде сөйле Әлемді таң қылып.
Ана тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер бабаң ,байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет