1. Жүргізуші: Ауылым той деп бүгін жар саламыз, Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз



Дата10.04.2020
өлшемі38,5 Kb.
#60698
Би

Фанфары

1. Жүргізуші:

 Ауылым той деп бүгін жар саламыз,

Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.

 2. Жүргізуші:

Қош келіпсіз, қонақтар,ауылыма

 Сән-салтанат әкелген ауылыма.

 Армысыздар,ата-ана,ағайындар,

 Жиналған мектебімнің сауығына

Бүгін мектеп ұстаздары, оқушылар және ата аналар үлкен қуанышқа кеңеліп, бір марқайып қалды.

Бұған себеп болған үлкен мереке шахмет кабинетінің ашылуы. Бұл арнайы жабдықталған кабинет елі үшін аянбай еңбек етіп, халық қамын ойлайтын жандардың арқасында қолжетімді болды.

 2. Жүргізуші:

Ауыл қамын ойлап жүрген ағалар,

 Біздер бармыз өздеріңді бағалар.

 Қуанышты сыйлай білген сіздерге,

Шексіз риза, ата-ана , балалар - дей отырып сөз кезегі жұбайы Сахариева Бахтикамал Икеновна мен қарындасы Сахариева Бикамал Икеновнаға беріледі.

 2. Жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

 Болсын солай әрбір күнің әр айың.

 Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,

 Мерекеңіз құтты болсын ағайын деп сөз кезегі інісі Кайдар Каппасұлына беріледі.

Жүргізуші: Бекенов Кайрат Қалымұлының қысқаша өмірбаянын оқиды.

Бекенов Кайрат Қалымұлы Доңгілағаш ауылының тумасы. Бекенов Қалым, Сағитқызы Күләннің отбасында 1947 жылдың алтыншы шілдесінде дүниеге келген. Бүкіл өмірін жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған. Ұстаздық жолын 1965 жылы оныншы қарашада Абай мектебінде денешынықтыру пәні мұғалімі болып бастаған.1967 жылдың бірінші қыркүйегінде Шоқан Уалиханов атындағы педагогикалық институтының физика математика факультетіне қабылданып, 1971 жылдың он бесінші тамызында бітіріп шығады. Дипломын қолына алып ИТК- 29 мекемесіне физика пәні мұғалімі болып тағайындалады. 1972 жылдың жиырма үшінші маусымында Совет Армиясы қатарына шақырылып Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып елге оралады. 1973 жылдың бесінші мамырынан бастап, бұрыңғы Көкшетау ауданындағы мектептерде физикадан сабақ берді. 1978 жылдың жиырма сегізінші тамыз күні Гранитный ауылының сегіз жылдық мектебіне директор болып тағайындалды. 1980 жылы жиырма бесінші тамызда Қызылсая орта мектебіне директор болып ауыстырылды. 1987 жылы төртінші қаңтардан бастап облыстық білім басқармасының бұйрығымен Абай орта мектебіне директор болып ауысты.Туған елінде 1996 жылы зейнетке шыққанша еңбек етті. Содан кейін де Көкшетау қаласында «Бурабай» «Автомех» колледждерінде физика пәнінен сабақ беріп, жас үрпақтарды тәрбиелеуге өз үлесін қосты. АО ПКК «Рауан» вице президенті, ОАО «Көкшебау» директоры болды. Өкінішке орай 2013 жылы ақпан айының екінші жұлдызында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды. Қайрат Қалымұлы қаланың қоғамдық өміріне белсене араласты. Аудан, облыс білім басқармаларының атынан жақсы еңбегі үшін көптеген алғыс хаттар алған. Болашақ ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек еткен ел ағасы.

Отбасында екі ұл бір қыз тәрбиелеп өсірді. Ұлын ұяға, қызын қияға ұялатқан ардақты әке балаларының оқып, жоғары білім алуына жағдай жасады. Қайрат Қалымұлының қызы Әсел Қайратқызы әке жолын қуып, Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернатының директоры болып еңбек етіп жүр. PhD докторы. 2017 жылы «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Жүргізуші: Бүгінгі қуаныштың басты себебі болып, үлкен үлес қосқан Әсел Қайратқызына құттықтау сөз кезегі беріледі.

Жүргізуші:

Ағайын шашу шашайық,

 Ән мен жырға басайық,

 Құтты болсын мереке,

 Арта берсін береке дей отырып ортаға лента қию рәсіміне достары шақырылады.

Жаңа өмірдің жемісін теріңіздер,

Балалардың жақсылығын көріңіздер.

Рахмет сізге жаны жомарт демеушілер,


Ұмытпай жиі-жиі келіңіздер деп көңілді сарынмен жиналған қауымға үлкен алғысымызды білдіреміз. Ел аман жұрт тыныш болсын ағайын. Келесі кездескенше!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет