1 картотека Бақылау: Қарды бақылау. Мақсаты


Мақсаты: Ауладағы жолды қардан тазалау. Еңбекқорлыққа баулу. Картотека № 11



бет5/9
Дата21.12.2022
өлшемі28,29 Kb.
#163850
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 картотека кыс
Сож-5 (3), Сож-5 (3), әлеу, ТЕСТЫ В2 1курс осенний семестр(1), «Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім» эссе, ҚАЗ.ТАРИХ 500 СҰРАҚ (қазан айы), Рентгендік сәулелер. Есептер шығару
Мақсаты: Ауладағы жолды қардан тазалау.
Еңбекқорлыққа баулу.


Картотека № 11


Бақылау: Мұзды бақылау.
Мақсаты: Мұзды көрсете отыра сипаттау. Қыс мезгілінде өзендер мен
көлдердің бетін мұз басатындығы жөнінде түсінік беру.
Еңбек: Тайғанақ жерге құм себу.
Мақсаты: Балаларды бірлесіп жұмыс жасауға баулу. Өздеріне берілген тапсырманы
тиянақты орындауларын қадағалау.
Жеке жұмыс: Жаңа жыл туралы тақпақ жаттату.
Жаңа жыл,жаңа жыл,
Жаңа жылда-жаңа нұр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Мақсаты: Еске сақтау қабілетін дамыту, сөздерді
қатесіз дұрыс айтуға үйрету.
Ойын: «Тышқан мен мысық».
Мақсаты: Шапшандыққа, жылдам шешім
қабылдауға үйрету.
Картотека № 12


Бақылау: Қырауды бақылау.
Мақсаты: Қырау туралы түсінік қалыптастыру. Талға, сымға тұрған
қырауды көрсете таныстыру.
Жұмбақ: Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. (Қырау).
Еңбек: «Таза алаң».
Мақсаты: Ойын алаңындағы қарды тазалау. Тазалыққа
баулу. Еңбексүйгіштікке үйрету.
Жеке жұмыс: Аппақ, аппақ қар аппақ,
Қар жамылған дала аппақ.
Қырау, қырау тал аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Мақсаты: Қыс мезгілінің бейнесін сипаттай білуге
үйрете отырып, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қимылдық ойын: «Шымшық доп».
Мақсаты: Топтасып, тату ойнауға шақыру.
Ойынға қызығушылығын арттыру.


Картотека № 13
Бақылау: Торғайды бақылау.
Мақсаты: Қыста құстардың көпшілігі жылы жаққа ұшып кетеді,торғай қыстап қалатын
құс,оның қысқы тіршілігі туралы түсінік қалыптастыру, құстарға қамқор болуға баулу.
Еңбек: Құстарға жем шашу.
Мақсаты:Қыста құстарға аяз қорқынышты емес, аштық қорқынышты болатынын
түсіндіру. Оларға қамқор болу, аяушылықпен қарауға баулу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет