18. Халықаралық қатынаста нормативті – құқықтық бақылауды пайдаланыңыз / Примените нормативно- правовой контроль в международных отношениях “Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” – республика экономикасының күретамыры – темір жол транспорты жұмысын одан әрі дамыту бағытында ауқымды іс-шараларды жүзеге асыруда. Ең негізгі ұстанымы – сенімділік пен тиімділікке негізделген іргелі компанияның бүгінгі таңдағы басты мақсаты – ел әл-ауқатын, Қазақстан экономикасын өркендетуге сүбелі үлес қосу. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жүк және жолаушы тасымалында, өзге де мәселелерде тиімділік пен нәтижелікке қол жеткізілуде. Ұлттық компанияның республика аймағындағы темір жолдарды бүгінгі заманның жоғары талаптарына, болашақ бағдарламаларға орай одан әрі қуаттандыруға арналған өте күрделі, мол қаржыны қажет ететін бірқатар жобаларының өз шешімін табуы құптарлық жәйт.
Ұлттық компания мамандарының айтуынша, Қазақстан темір жолы қуатының ауқымдылығына көз жеткізу қиын емес. Өйткені, оған нақты әрі салмақты деректер жеткілікті: темір жол көлігінің үлесіне еліміздегі барлық жүк айналымының – 68 пайызы, жолаушылар айналымының – 57 пайызынан астамының тиюі соның айқын айғағы. Республикадағы 14 мың шақырымнан астам жолдың 5 мыңы – қосжолды, ал 4 мыңға жуығы – электрлендірілген. Ырғақты түрде дамып отырған салада өндірістік, қаржылық және техникалық көрсеткіштердің жоғары деңгейге көтерілуінің сыры сала жетекшілері мен мамандардың істі ұтымды ұйымдастыра білуінде болса керек. Ұлттық компания дәйектілікпен іске асырып отырған маңызды мәселелердің арасында республиканың транзиттік-көліктік қуатын ұлғайту да бар. Компанияның еліміздің көліктік рыногында ең ірі және өркендеп өсіп отырған секторға айналуы құптарлық жәйт.
/ "Национальная компания" Қазақстан темір жолы " осуществляет масштабные мероприятия по дальнейшему развитию работы железнодорожного транспорта – важнейшего звена экономики республики. Основной принцип – фундаментальная компания, основанная на надежности и эффективности, главная цель на сегодняшний день – внести весомый вклад в развитие благосостояния страны, экономики Казахстана. Обеспечивая безопасность дорожного движения, достигается эффективность и результативность в грузопассажирских перевозках, других вопросах. Ожидается, что нацкомпания найдет свое решение для ряда очень сложных, трудоемких проектов по дальнейшему питанию железных дорог на территории республики в свете высоких требований современности, будущих программ.
По словам специалистов нацкомпании, нетрудно убедиться в масштабности мощностей Казахстанской железной дороги. Ведь для него достаточно точных и весомых данных: на долю железнодорожного транспорта приходится более 68 процентов всего грузооборота в стране, 57 процентов – пассажирооборота. Из более чем 14 тыс. км дорог в республике 5 тыс. – двухпутные, а около 4 тыс. – электрифицированные. В динамично развивающейся отрасли секрет высокого уровня производственных, финансовых и технических показателей заключается в умении руководителей и специалистов отрасли рационально организовать дело. Среди важных вопросов, последовательно реализуемых национальной компанией,-увеличение транзитно-транспортных мощностей республики. Приветствуется, что компания станет самым крупным и процветающим сектором на транспортном рынке страны.
19. Халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды ұйымдастыру және орындау әдістерін таңдаңыз / Выберите методы организации и выполнения перевозок грузов в международном сообщении
Теміржол көлігінде перспективтік, бір жылдық және шұғыл (айлық және тоқсандық) тасымалдау жоспарлары жасалады. Олар өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өнімдерін шығару және тұтыну, сондай-ақ құрылыс жұмыстары, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы жүк айналымдары жоспарының негізінде жасалынады.
Тасымалдау жоспарын жасағанда еліміздің тасымалдауға мұқтажын барынша және уақытылы қанағаттандыру, халық шаруашылығында тиімді экономикалық және көлік байланысын жасау, көліктің әртүрлі арасында тасымалдау жұмыстарын экономикалық тұрғыдан дұрыс бөлу арқылы көлік шығынының азайту мақсаты қойылады. Бұл үшін вагондардың, кемелердің, автомобильдердің жүк көтеру күші мен сиымдылығын барынша пайдалану; олардың зая жүруін азайту; тасымалдау жұмыстары көлемінің жыл бойында өзгеруін, халықшаруашылығының науқан кезіндегі мұқтажын ескере отырып, мейлінше қысқарту мәселелері жоспарланады.
Тасымалдаудағы жоспарлау жүйесі теміржол, теңіз, өзен, автомобиль және әуе көліктерінде бірдей болады және оларды жасау мерзімі, жолы, бекіту, орталықта және жергілікті жерде жоспарлау, шаруашылық және басқа мекемелерде келісу мәселелері бір уақытта болады.
Көліктің техникалық құралдарды тімді пайдалану және көлік шығындарын азайту үшін тасымалдауды жоспарлау жүк ағындарының бірыңғай бағыты сызба бойынша жүзеге асырылады. Жүк ағындарының бірыңғай бағыттары деп өнім шығаратын өндіріс аудандарын өнімді тұтынушы аудандарға бекітуді айтады.
Жоспарлау кезінде біркелкі жүкті қарама-қарсы бағытта тасымалдауға, жүк ағынының бірыңғай бағыттары сызбасында көрсетілген аймақтардан алысқа тасымалдауға, су, автомобиль, құбыр көлігімен апару тиімді жерге теміржолмен тасымалдауға мүмкіндік берілмейді. Тасымалдаудың ең қолайлы жоспарын жасау үшін математикалық әдістер мен электронды есептеу машиналары кеңінен қолданылады.
/ На железнодорожном транспорте составляются перспективные, годовые и срочные (месячные и квартальные) планы перевозок. Они разрабатываются на основе плана производства и потребления промышленной и сельскохозяйственной продукции, а также строительных работ, материально-технического обеспечения, внутреннего и внешнего грузооборота.
При составлении плана перевозок ставится цель максимально и своевременно удовлетворить потребности страны в перевозках, создать эффективную экономическую и транспортную связь в народном хозяйстве, снизить транспортные расходы путем экономически правильного распределения перевозок между различными видами транспорта. Для этого планируются вопросы максимального использования грузоподъемности и вместимости вагонов, судов, автомобилей; уменьшения их проходимости; максимального сокращения объемов перевозочных работ с учетом изменения в течение года, потребностей народного хозяйства в период кампании.
Система планирования в перевозках будет одинаковой на железнодорожном, морском, речном, автомобильном и воздушном транспорте, и вопросы сроков их составления, пути, утверждения, планирования в центре и на месте, согласования в хозяйственных и других учреждениях будут одновременными.
Для рационального использования технических средств транспорта и снижения транспортных расходов планирование перевозок осуществляется по единой схеме направления грузопотоков. Под едиными направлениями грузопотоков понимается закрепление районов производства продукции за районами-потребителями продукции.
При планировании не допускается перевозить однородный груз в противоположных направлениях, перевозить далеко от зон, указанных в схеме единых направлений грузопотока, перевозить по железной дороге к месту, где выгоден подвоз водным, автомобильным, трубопроводным транспортом. Математические методы и электронные вычислительные машины широко используются для разработки наиболее подходящего плана транспортировки.
Достарыңызбен бөлісу: |