Үйлестірілген талдап салыстыру әдісі (метод совмещенных аналитических сопоставлений) (авторы проф. А.К. Бернгард). Басты бағалау критериi варианттарда уақытты үнемдеу (вагон-сағат) болып табылады. Тәсілдің мақсаты – ең тиiмдi вариантқа бiртiнде жақындау болды.
Алғашында бастапқы станциялардан ақырғы станцияларға баратын, кез келген жолай станциялардағы үнемделген вагон-сағаты, құрастыру станцияларындағы жинақтауға жұмсалған шығындардан асып түсетін, жалпы жеткілікті шартты қанағаттандыратын (ЖШ) вагон ағындары анықталады. Осылайша іріктелген жөнелтімдер құрастыру жоспарының тиімді нұсқасына енгізіліп, бұдан былайғы есептеулерден шығарылады. Қалған вагон ағындары үшін мүмкін болатын барлық өтпелі ағындардың графигі жасалады.
Олардың ішінен жолай техникалық станциялардан өңдеусіз өтуден келетін үнем барынша көп болатын ең бастапқы деп аталатын ағын анықталады. Егер ол жеке ғана болса, онда құрастыру жоспарының тиімді нұсқасына енгізілуі мүмкін. Егер жеткілікті шартты қанағаттандыратын одан әрі баратын өтпелі ағындар болса, олардың көп үнем беретін біреуі таңдалады. Бұдан кейін бастапқы ағынды едәуір алыс ағынмен алмастырудың орындылығын тексеру үшін бастапқы ағыны бар нұсқа мен таңдалған едәуір алыс ағыны бар нұсқаны салыстырады. Жолай техникалық станцияларда вагон-сағат үнемі көп болатын нұсқа қабылданады.
/ Скоординированный аналитический метод сравнения (метод совмещенных аналитических исследований) (автор проф. А. К. Бернгард). Главным критерием оценки является экономия времени в вариантах (вагон-час). Целью подхода было постепенное приближение к наиболее эффективному варианту.
Первоначально определяются вагонные потоки, идущие от первичных станций к конечным, удовлетворяющие общему достаточному условию (ВШ), при котором сэкономленные вагоно-часы на любых попутных станциях превышают затраты на комплектование на сборочных станциях. Таким образом, отобранные отправления включаются в эффективный вариант плана сборки и исключаются из дальнейших расчетов. Для остальных потоков вагонов составляется график всех возможных переходных потоков.
Из них определяется так называемый первичный поток, при котором экономия от прохождения путевых технических станций без обработки максимальна. Если он только индивидуальный, то может быть включен в эффективный вариант плана сборки. Если есть переходные потоки, идущие дальше, удовлетворяющие достаточному условию, выбирается один из них, обеспечивающий большую экономию. Далее сравнивают вариант с исходным потоком и вариант с выбранным значительно более дальним потоком для проверки целесообразности замены исходного потока на более дальний. На попутных технических станциях принимается вариант, при котором вагон-час постоянно больше.