1. курс туралы жалпы мәліметтер: «Қазақ тілі»



бет1/52
Дата19.02.2022
өлшемі1,45 Mb.
#132445
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Силлабус ҚАЗАҚ ТІЛІ В-2






1. КУРС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:
«Қазақ тілі» пәні барлық мамандандырылу бағытындағы орыс бөлімі студенттеріне арналған. Ол екі тақырыптық бөлімнен тұрады (техникалық аударма, ғылыми-техникалық стильдің арнайы жанрлары) және жалпы білім беретін пән ретінде ресми қарым-қатынасты қазақ тілінде жүргізе білуге, арнайы техникалық әдебиетті аударуға дағдыландырудың белсенді құралы болып табылады. Мәтіндерден жаңа ақпараттар алуға, мамандығы бойынша мәтіндер түзуге, оларды өзгертуге және өз кәсібіне қатысты тақырыптарда сөйлесу дағдыларын жетілдіреді. Бұл пән мамандық тілін үйрену деңгейінде жетекші пәндермен біріктіруге әкелетін мәртебеге ие.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде маңыздылығы мен құндылығын арттыруды, болашақ маман иесінің қазақ тілін қоғамдық өмірдің әлеуметтік-мәдени, кәсіби салаларында қарым-қатынас құралы ретінде қолданып, ұлттық дүниетанымды қалыптастырушы әрі сақтаушы құндылық ретінде бағалаушы көзқарасын қалыптастыруды көздейтін пән мазмұны.
Студенттің қоғамдық маңызы бар мәселелерге байланысты өз пікірін білдіретін, белсенді, әр нәрсеге жасампаздық көзқараспен қарайтын рухани әлеуеті, таным деңгейі терең жан-жақты дамыған тұлғаны дамытуға құрылды. Атап айтқанда, бағдарлама қазақ тілін болашақ маман иесіне әлемді тану құралы, адамзаттық, ұлттық мәселелерді тани білетін, талқылайтын, шешу жолдарын ұсынатын, өз ойын еркін әрі терең жеткізуге көмектесетін қарым -қатынас әрі таным құралы ретінде меңгертуді мақсат еттеді. Сондықтан әр деңгей түрі бойынша ұсынылатын лексикалық тақырыптар қоғамдық, әлеуметтік, мәдени және экономикалық, ғаламдық мәселелерді қамтиды.


Пән оқытушысы:
Бекниязова Д.Д. оқытушы, пед. ғыл. магистрі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет