4 Римдегі тәрбие мен білім беру
Римдік тәрбие мен білім беру бүкіл римдік мәдениет сияқты гректік үлгілерге негізделген, бірақ өзінің тарихы бар. Рим тарихының бастапқы кезеңінде римдік тәрбие мен білім беру патриархалды және ашық түрде тәжірибелік сипатта болды; ауылдық тәрбие мен білім беруге үлкен назар аударылды. Б.з.д. ІІ ғасырдан бастап Римде гректік білім беру жүйесі бекітіледі.
Грециядағы сияқты, тәрбие және білім беру үрдісі үйде оқыту (үйге ұстаздарды шақыртып сабақ оқу) және қоғамдық түрдегі (жеке меншік немесе мемлекеттік мектептер) элементтерді біріктіре алды.
Теңестіруге келмейтін жақсы нәтиже беретін үйде оқыту мен жақсы жеке меншік мектептерде әрі қарай білім алуды тек ақшалы ата-аналар ғана қамтамасыз ете алды.
Ежелгі Италия сауатты ел болған. Халықтың арасында сауаттылық қашан таралған уақытын айту қиын, бірақ б.з.д. ІІ ғасырдың ортасында - ақ армияда құпия сөз (пароль) ауызша түрде емес, жазбаша түрде беріле бастады. Солдаттар, мыңдаған шаруа ұлдары оқи білген.
Бізде орта және жоғарғы рим мектептерін сипаттауға жеткілікті мәліметтер бар. Ол туралы Квинтилиан, Светоний және Сенека көп әңгімелеген. Бастауыш мектептің оқушылары қарапайым және кедей, олардың ұстаздары да қарапайым және кедей болды. Оның профессор атағын алу құқығы болмады – бұл орта және жоғары мектептің ұстаздарының атағы (грамматиктер мен риторлардың); Ол арқа тіреуіші бар кең креслода (кафедра) жайғасып отыра алмайды – ол тек грамматиктер мен риторларға ғана арналған; императорлар профессорларға қамқорлықтар көрсеткен, ал мектеп мұғалімі туралы олар тіпті естеріне де алмайды. Риторлар мен грамматиктер үкімет тарапынан бақылауда болса, ал бастауыш мектеп мұғалімдері үкмет тарапынан бақылауға алынбаған; ол мектеп ашуға ешкімнен рұқсат сұрауға міндетті емес, ешкімге мектеп ісін жүргізуде есеп бермейді, оған ешкім бұйрықтар мен тапсырмалар жібермейді, оның еркіндігі өзінде, ол мектепті өз бетінше ашып, онда өз талғамы бойынша оқыта алады. Осындай ешқандай жағдайы жоқ орынға барушылар аз болды. Онымен тек өмірде жақсы орын таба алмағандар, амалы таусылғандар ғана айналысты. Көбінесе әсекрге жарамаған солдат, кәріліктен немесе сырқаттан еңбекке жарамсыз шаруа немесе қолөнерші, аз да болса қандайда бір ақша табау үшін бастауыш мектеп ашққан. Орта және жоғарғы мектепте ұстаздықпен айналысқан гректер болды. Болашақ оқытушы қатысушылармен өзін ертерек қамтамасыз ету керек. Ол мектеп жасындағы көп балалар бар жерді және бәсекелестікте болмағандай жақын арадағы мектеп жоқ жерді іздейді, ата-аналармен танысып оларды өзінің білімімен, педагогикалық тәжірибесімен таң қалдыруға тырысады. Оны жүзеге асыру қиын емес: себебі, ұстаздан балаларды оқуға, жазуға және санауға үйретуге талап қойылады.
Ақшасы оның шектелген болғандықтан, ол кең және жарық бөлмені іздемейді. Ол ешқандай қолөнерші тұрғысы келмеген қандайда бір қора, жартылай қараңғы шеберхананы қанағат тұта алады. Ал кейде оның осындай орынға да ақшасы болмағандықтан, ол өз оқушыларымен форум алаңында, көшенің шуынана бөліп тұратын матамен жан-жағы қоршалып тұрған ашық ауаның астында да орналаса алады, ол бірнеше орындықтар алып (балалар жазба затттарын тізелерінде ұстап отырып жазған, үстел қажет болған жоқ) және өзіне орындық алды, - міне «мектеп» осылай жабдықталған.
Антик мектебі оқу педагогикалық пәндеріне кедей болды; әліппе, жазбалар, тақта, кітаптар болған жоқ.
Бастауыш мектепте оқу бес жылға созылды, бірақ бұл бес жылды жартысына дейін қысқарту керек. Қалалық мектепте жазғы каникулдар төрт айға созылды: маусымның ортасынан бастап қазанның ортасына дейін; ауылдық мектептікі одан да ұзағырақ болуы ықтимал, себебі ата-аналарға шаруашылықта балалардың көмегі қажет болды. Бұл каникулдарға жылдық мерекелер де қосылды, мерекелік күндер екі айға дейін жетті. Сабақ беру әрекет-әдістері жетілмеген, балалардың ойлауы мен қабылдауына сай келмегендіктен, енді қазір ең түк білмес деген оқушы бірнеше аптада игеретін сауаттылықты римдік оқушылар бірнеше ай бойы меңгерді.
Бастауыш мектептің ұстазының білімі әртүрлі болды. Үлкен қалада, Римде оған қойылатын талаптар жоғары болды, ол тек оларды оқу мен жазуға ғана үйретіп қоймай, грамматикамен таныстырып, род, түр, септеу мен шақтарды айыруды үйретуге, дұрыс есептеуге үйретті. Ал бұл сол кезеңде нақты өңделмеген грамматика болмаған тұста оңай іс болған жоқ.
Римдік тәрбие мен білім беру гректікіне ұқсас, енді біз айтатынымыздай «кешенді» болды. Ол оқушының тек ойының ғана емес, сондай-ақ физикалық дамуына әрекет етуге тиіс болды. Сондықтан теориялық пәндермен қатар гимнастикамен де айналысуға міндетті болды, ал ұлдарға келешекте әскери қызметке дайындық қажет болды.
Теориялық тұрғыдан алғанда білім беру, біздің уақытымызда сияқты «қадам бойынша» болды, яғни бастауыштан және қарапайым білімнен күрделіге өту сияқты болды. Білім алудың бүкіл негізгі элементтері гректерден алынғандықтан, педагогикалық пәндердің атаулары, ұстаздардың аты сияқты гректердікіндей болды.
Алғашқы кездерде оқушы грамматист-мұғалімнің көмегімен сауаттылықтың, есеп пен жазудың негізін игерді, ағаш тақтайшаларда ұшы үшкір таяқшалар арқылы жазған. Бай афиндік ритор Геродтың ұлы Аттика (б.з.д. ІІ ғасыр) піл сүйегінен жасалған таяқшаларда әліппені үйренді, ал материалды мұқият игеру үшін ұстаз үй құлдарының арқаларына әріптерді жабыстырып, оларды кезекпен оқушының алдынан өткізген.
Грецияда жалпы білімділіктің қажетті шарты деп ежелден бері есептелген музыкалық тәрбие беруге римдіктер аз мән берді. Музыкалық білімді – шекті аспаптарды ойнайтын ұстаз-кифарист – лира мен кифарада ойнауды үйретті.
Римдіктер үшін физикалық дамуға гректерге қарағанда үлкен мән берілді: бай адамдардың балалары айналыса алатын спорт залдар – палестралар маман-тәлімгерлермен жақсы жабдықталған болды. Бастапқы физикалық тәрбие беруді – гимнастикалық және спорт сабақтарының жүргізушісі – педотриб жүргізді.
Бастауыш білім алуды аяқтап, яғни ұлдар (шамамен 12 жасында) орта мектептік білім алуға көшеді. Бұл кезеңде олардың мұғалімдері грамматик болды. Грамматикпен олар грек және рим жазушыларын, ақын, философтарын, драматургтерін оқыды. Одан олар әдебиет, оның жанрлары, музыка жайлы білімдер алды. Астрономияны, грамматика мен геометрияны оқу міндетті болып саналды. Мұнда латын әдебиетімен қатар, жастар грек әдебиетімен де айналысып, бәрінен де көп Гомер поэмаларын оқыды.
Көңілі соққанда грамматика мен риториканы тереңдетіп оқудан тұратын білім алуды жалғастыра алды. нақты және жаратылыстық ғылымдардағы оқу, мектепте сол кезде тәжірибе түрінде жүргізілген жоқ, және «стандарттық білім», біз оны қазіргі кезде гимназиялық деп бөлеміз, ол гуманитарлық сипатта болды.
Ең алдымен, ежелгі, ең алғаш грек авторларының шығармаларын дұрыс оқуға және түсіндіруге үйретті. Бірақ, б.з.д. І ғасырдың соңына таман міндетті түрдегі оқу шеңберіне Цицерон мен Вергилий, кейін Овидий мен басқа да авторлар кірді. Шығармаларды талқылауда стилистік анализ, сондай-ақ түсіндірілген мәтіннің моральдық мәніне үлкен назар аударылды.
Оқу барысында оқушы талқылаудағы мәтіндерде болған мәліметтерді игеріп, және осылайша тарихи, мифологиялық, географиялық және басқа да сипаттағы білім алып отырды.
16-18 жастағы білімпаз ұлдар үшін білім алудың үшінші баспалдағы да ашық болды, ол ритор мектебі еді. Мұнда шешендік өнерге, бәстесу өнеріне үйретіп, тарихи, әдеби және саяси тақырыптарға сөз құрауға жаттықтырып, мәнерлеп оқу өнеріне ие болды. Мұндай мектептерді қамтамасыз ету қымбатқа түскендіктен, олар үлкен қалаларда орналастырылды.
Ритор ораторлық өнер мектебі Греция мен Римде (Цицероннан кейін) білім алудың жоғарғы шыңы болып есептелді. Мұнда оқушы сөз құрау өнерін үйренді. Ең алдымен грек және рим риторикасының үздік үлгілерінде, кейін тәжірибеде үйренді. Оқушылар сөз құрау мен оны айтуда жаттығып, сынаушы аудитория алдында шығуға үйреніп, аяқ астынан шығарылған және шындыққа жанаспайтын тақырыптарға ойдан шығаруға жаттықты. Шешенді тәрбиелеу қалай өту керек жайлы Квинтилианның «Шешенді тәрбиелеу» және «Шешенге білім беру» деген арнайы трактаттарында көрсетілген.
Мұндай білім тек маман риторлар немесе заңгерлерді өздік өмірге дайындық жүргізгені түсінікті. Атақты философ Сенека бірде: «біз өмір үшін емес, мектеп үшін оқимыз», - деп айтқан.
Бірақ, антик қоғамы басқа аумақтарда да мамандық дайындық үшін мүмкіндіктер берген. Мысалға, медициналық мектептер болған; құрылыс өнеріне нақты шеберлілікке үйренуге болды. Философияға немесе басқа ғылымдардың түрлеріне дарыны бар адам өз талабын нақ солай қанағаттандыра алды.
Римде гректік гимнасияларға ұқсас түрлері болды. Гимнасиялар – риторикалық дайындық философия мен нақты ғылымдарды терең оқумен бірге жүретін арнаулы мектептер; Мұнда ритор мектебінен кейінгі ұлдар білімдерін жалғастырды.
ІХ ғасырда білім беретін жүйе қалыптасып бітті. Мектепте оқу циклі екі байланысушы кезеңдерден – тривиум мен квадривиумнан тұрды. Тривиум бастауыш сыныптарда оқытылатын үш негізгі пәндерді – грамматика, диалектика мен риториканы қамтыды. Квадривиум – арифметика, геометрия, астрономия мен музыка – жоғарғы сыныптарда оқытылды. Осы екі бөлік қосылып «жеті ерікті өнерді» құрады. Латын мектебін бітірушілер орта ғасырдың білімді адамдарының қатарын толықтырды.
Достарыңызбен бөлісу: |