Маржиналдық талдау әдістемесі бойынша есептерді жүргізу келесі шарттар қатарын сақтауды талап етеді:
1) шығындарды ауыспалы және тұрақтыға бөлу;
2) ауыспалы шығындар өнімді өндіру (сату) көлеміне пропорционалды өзгереді;
3) тұрақты шығындар өнімді өндіру (сату) көлемінің релеванттік (маңызды) шегінде өзермейді, яғни кәсіпорынның өндірістік қуаты мен өнім сұранысы жағынан анықталатын кәсіпорынның іскерлік белсенділігі диапазонында;
4) қарастырылатын уақыт кезеңінде өнімді өндіру мен өткізудін теңдігі, яғни дайын өнім запастары өзгермейді;
5) өндіріс тиімділігі, өнім бағасының деңгейі және пайдаланылатын өндірістік ресурстар зерттелетін уақыт аралығында маңызды өзгерістерге байланысты болмайды;
6) түсімнің түсуі өткізілген өнім көлеміне пропорционалдығы.
Ауыспалы шығындарөнімді өндіру мен сату көлеміне
байланысты.Бұлар: өнімді өндіру мен өткізуге
ресурстардың тікелей шығындары (тікелей еңбек ақы,
материалдар, шикізаттар электроқуаты шығындары
және т.б.).
Тұрақты шығындар,өнімді өндіру мен сату көлемінің
динамикасына байланыссыз. Бұлардың бір бөлігі кәсіпорынның
Өндірістік қуатымен байланысты (амортизация, жалға
төлемдер, басқарушылық және әкімшілік персоналдың еңбек
ақысы және шарауышылық шығындары), басқа бөлігі - өнімді
өндіру мен сатуды ұйымдастыру және басқарумен байланысты