№1 Лекция тақырыбы: Бастауыш сыныптарда тіл дамыту әдістемесінің мақсаты және міндеттері



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата10.03.2022
өлшемі255,97 Kb.
#134935
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
1 (1)
10,11,12, Экзаменационные тесты, Ar-N=ch-r 16. А жне б осылыстары келесі схема згерістеріндегі, Казакша Зат алмасу Еркінқызы Дана, ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТАРЫ НЕМІСТЕР, 2, Мухаммед Хайдар, мкт


№1 Лекция тақырыбы: Бастауыш сыныптарда тіл дамыту 
әдістемесінің мақсаты және міндеттері 
 
Лекцияның мақсаты мен міндеттері:
Студенттерге қажетті ұғымдар мен түсініктердің мән мағынасын ашып кӛрсету. 
Бастауыш сынып оқушыларына бастауыш сыныптарда тіл дамыту әдістемесінде 
қарастырылатын материалдарды оқып–үйретуге, оларды осы пән арқылы 
тәрбиелеу және дамытуға қажет болатын теориялық, әдістемелік мәлімет беру.
Негізгі ұғымдар:
нормативтік-құжаттар, мемлекеттік стандарт, тұжырымдама, 
баланың кұқығын қорғау конвенциясы, бағдарламалар мен оқу-әдістемелік 
құралдар.
Лекция мазмұны:
Бастауыш сынып мамандарын даярлаудағы маңызды саланың бірі тіл 
дамыту теориясы мен әдістемесі курсы болып табылады. Оның жоғарғы оқу 
орындарында басты мақсат студенттерге ана тілінің лингводидактикалық және 
психофизиологиялық 
негіздерді 
терең 
ұғындыру 
және 
балалармен 
ұйымдастырылатын жұмысты тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білуге даярлау. 
Курсты оқу процесінде әдістемелік ойларды, шынайы педогогикалық ситуацияны 
дұрыс бағалай білу қабілеті, теориялық білімдерін түрлі жағдайларда қолдануы 
қалыптасады.
Мектепте тілді оқыту ісінде ана тілі пәнінің үлесі орасан зор. Ана тілі пәні 
бойынша оқушыларды ӛмірге баулу жӛніндегі міндеттер тілдің негізгі қоғамдық 
қызметіне, комунакативтік (байланыс, қатынас құралы ретінде) және экспрессивтік 
(әсер, ықпал етуге дәнекер болу) қызметіне қарай жүзеге асырылады. Олай болса, 
ана тілі пәні балалардыауызша да, жазбаша да толық сауатты, тілді еркін пайдалана 
білетіндей етіп шығаруды түпкілікті нысана етіп ұстанады. 
Тілге берілетін анықтамалардың негізгісі - тілдің коммуникативтік 
қызметі мен экспрессивтік қызметі бойынша берілген нұсқасы. Коммуникативтік 
қызметі жағынан алғанда «Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы.» Ал 
экспрессивтік қызметі жағынан алғанда, «Тіл-ойдың тікелей шындығы ... 
практикалық шын сана», ойды қалыптастырып жарыққа шығарушы құрал. Тілдің 
бұл екі функциясы айрылмастық бірлікте, бірінсіз бірі жоқ. 
Тілді меңгеру сӛз мағынасын білумен шектелмейді, қоршаған ортадағы 
заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін адам санасында белгілі бір 
ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды ұғынуда бүтін логикалық 
ойлау операциялар жүйесі түзілген, адам соның жәрдемімен белгілі бір ұғымға 
қатысты зат не құбылысты және олардың арасындағы айырмашылықтары мен 
ұқсас қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз тілде ойлану мүмкін емес. 
Қазіргі заманда ӛз ойын анық айта алатын, шешен сӛйлей білетін ұрпақ 
тәрбиелеп ӛсіру-бүгінгі күн ұстаздарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. 
Заманымыздың заңғар жазушысы, ғасыр ғұламасы атанған атанған М. Әуезовтің 
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім», – деген сӛзінің 
маңызы ешқашан жойылмақ емес, себебі кез-келген мемлекет мәдениетінің даму 
деңгейін, рухани мазмұнын, интелектуалдық қуатын айқындайтын бірден бір 
кӛрсеткіш-білім берудегі жүйелілік және сапалылық. 
Оқушының ой-ӛрісінің, сана-сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш 
сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын 
арттырып, ӛмірге кӛз қарасын қалыптастырса, ой-ӛрісін кеңейтіп, сӛздік қорын 


байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді.Біздің 
жарқын болашағымыз – ӛскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас 
ұрпақ-ӛркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана 
мемлекетіміздің кӛсегесі кӛгереді, егеменді ел баянды болады.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат. Қазіргі таңда оқыту мен білім 
беру саласы оқушылардың жеке басын дамыту мен сапалы білім беру мақсатында 
оқытудың жаңа мазмұнын , тиімді әдістерін үнемі іздестіруді талап етіп отыр. 
Бастауыш сынып жасындағы балалардың сӛздік қорын байытып, тілін 
дамыту әдістемесі оқушының тұлғалық ерекшелігін дамытуда ерекше орын алады. 
Бастауыш сынып оқушыларының сӛздік қорын дамытып, сӛз мәдениетін 
қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз кездейсоқ іске асырылмайды. 
Бастауыш сынып кезеңі – баланың қалыптасатын кезеңі. Олай болса, тіл тазалығы, 
ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келетінінің бірі. Сӛздік қор әдетте 5 
жастан бастап барынша молаяды. Бала тілінде синоним, антоним, бейнелеуіш 
сӛздер пайда болады да еш қиындықсыз зат есімдерге жұрнақтар қосып, сӛздерді 
түрлендіре айта алады. Кішкентайынан сӛздік қорын байыту үшін сұраққа толық 
жауап беріп, қате айтса, жіберген қателерін қайтып қайталамайтындай етіп түзетіп 
отыру. Ертегі, әңгіме, ӛтірік ӛлеңдер шығаруларын қолдау.Ӛтірік ӛлең, жаңылтпаш 
баланың тілін сындыруға, дыбыстарды дұрыс айтуға мәжбүрлейді, кейіннен 2,3 
сыныпта баланың тілі , сӛздік қоры жақсы дамиды.
 
Оқушылардың тілін дамыту сауат ашудың бірінші сабағынан басталып, 
оқуды, грамматика мен емлені үйретуге арналған сабақтарда үзбей жүргізіліп 
отырады. 
Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі бағдарламасы мынандай үш тараудан 
тұрады: 
1. Сауат ашу, сыныптан тыс оқу және тіл дамыту: 
2. Оқу (сыныпта, сыныптан тыс) және тіл дамыту: 
3. Фнетика, грамматика, емле және тіл дамыту. 
Кӛріп отырғандай, тіл дамыту осылардың бәрінің басын біріктіретін негізгі мәселе 
ретінде қарастырылады. Мұның ӛзі оқушыларды түсініп оқуға, еркін сӛйлеуге және 
сауатты жазуға үйретуді кӛздейді.
Алайда қазақ тілі пәніне арналған бағдарламалық материалды оқытуға 
айрықша кӛңіл бӛлінгенімен, осы берілген грмматикалық тақырыптарды оқыта 
отырып, әр тіл материалын игертілу ерекшеліктеріне қарай, тіл дамыту жұмысын 
қалай жүргізу керек деген мәселе ӛз шешімін таппай келеді. 
Алдымен тіл дамыту дегеніміз не? Дамыған тіл деп қандай тілді атаймыз? 
Оның алғы шарттары қандай, енді соған келейік. 
«Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лин-гвистикалық, 
психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және 
оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында 
ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі 
— сӛйлеуді зерттейді. 
«Тіл» дегеніміз белгілі бір ұлттың ішкі заңдылықтарын қалыптасып, жүйеге 
түскен қатынас құралы екені белгілі. Ал даму деген ұғымды кӛпшілік әдебиеттерде 
қарапайым түрден күрделі түрге кӛшу деп түсіндіреді. Психика (сӛйлеу) даму үшін 
жаңа мен қатар бұрыннан қалыптасқан негіздер болуы шарт.


Қазақтың кӛрнекі психологі М. Мұқанов психиканың дамуында кӛнеден 
қалған негізді инвариант (лат - ӛзгерілмейтін) оған тіректелетін жананы 
«ӛзгерілгіш» деп атады. 
Бұл туралы М.Мұқанов былай дейді. «Психика үнемі ӛзгеріске ұшырайды, 
бірақ оның құрамы бәрі бірдей ӛзгермейді, оның кӛп және аз мӛлшерде дамуға 
ұшырайтын қасиеті бар. Сонымен қатар, аз ӛзгерілетін қасиеттері (инвариант) 
психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептеледі». 
Тіл дамыту мәселесінде де осыны айтуға боладьь Яғни баланың сӛздік қоры 
игерген тіл единицаларының негізінде (су, сушы, сулық суару) молаяды. 
Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған бағдарлама: «...тіл дамыту жұмыстарында 
оқушының сӛздік қорын, сӛз байлығын толықтыру, ӛз ойын анық дұрыс етіп 
ауызша, жазбаша жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл нормасында жатық, әдепті 
сейлеуге дағдыландыру»,—десе, М. Балакаев: «...сӛз байлығын молайту, сӛз 
тіркестерін, сӛйлемдерді дұрыс түсініп, дұрыс құрай білу, сӛздердің орфоэпиялык 
нормаларын сақтап, дұрыс оқу-қазақ тілі пәнін меңгертуде оқушылардың бәріне 
бірдей қойылатын ортақ талаптар», - деп анықтайды. 
Ал Аханов тіл дамытуды: «Айтайын дегенді дәлмедәл, ашық айқын және 
әсерлі түрде жеткізіп беру ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын, кӛркемділігі мен 
үнділігін, 
сан сырлы 
мағынасы 
мен 
ӛткірлігін, 
эмоциональды 
болуы 
мен эксперсивті қызметін жан-жақты меңгеру», деп біледі. 
Ш.Уәлиевтің пікірінше, балада сӛз мәдениеті қалыптасады, егер «алдымен 
әдеби тілдің грамматикалық лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялык 
нормаларын меңгерсе, сонымен бірге, бейнелеуіш, кӛріктеуіш амал-тәсілдерді, 
қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білсе», — 
дейді. 
Бұл пікірлерден мынандай қорытынды жасауға болады. Тіл дамытуды тіл 
білімінің заңдылықтарына сүйне жүргізу қажеттігіне саяды. Шын мәнінде солай 
ма? «Тіл дамыту, дейді X.К.Арғынов, — баланың ойлау процесімен байланысты әрі 
психологиялық фактор, әрі тіл білімін зерттеу объектілерінің бірінен саналады. 
Баланың тілін да-мыту жеке сӛздердің басын біріктіріп сауатты сӛйлеуге (жазуға) 
баулу - психология, тіл ғылымының заңдылықтарымен тығыз байланысты 
құбылыс». 
Бұл пікірді Б.В.Беляев та қолдайды. «Белгілі бір тілді меңгертуде тіл біліміне 
сүйенбей, сол тілде ойлай білуге үйрету қажет», — дейді. 
Тіл- тәрбиенің басты тірегі. Қазіргі заман талабына сай ұл мен қыз ӛсіру, оларға 
білім беру- әр ұстаздың басты мақсаты. Ана тілі арқылы жас жеткіншектерді 
халқымыздың 
озық 
ойымен, 
әдебиетімен, 
мәдениетімен, 
тіршілігімен 
таныстырамыз. Осының бәрін біліп қана қоймай, бала оны жеткізе де білуі керек. 
Сондықтан әр сабағымда бала тілін дамытып, сӛздік қорын байытуға әр түрлі 
тәсілдерді қолданамын. 
Оқулықтарында берілген тапсырмаларынан басқа қосымша тапсырмалар 
қолданылады. Мысалы бейнесӛз шешу, мәтінді аяқтау, «Мақалды тауып оқы», 
«Керекті сӛзді тап», «Қандай әріпті жоғалттым» және тағы басқалары. Заттың атын 
білдіретін сӛздерді ӛткенде «Кім тез табады?» ойыны сабақ соңында ойналады. 
Берілген шашыранды әріптерден атақты адамдардың есімдерін құрастыру. 
Тіл байлығын дамытуда қиял, ұшқыр ой қалыптастыру қажет. Мұнда 
оқушыға ертегі,әңгімені жалғастырып айту және аяқтау тапсырылады. Оқушы 
қиялға ерік бере отырып оқиғаны жалғастыра отырып шығармашылық жұмыс 


істейді. Ӛз бетінше іздену-шығармашылық және ӛз ойын жеткізе алудың кӛзі. 
Берілген тапсырманы түрлендіру бойынша жұмыс түрлерін, мысалы мәтінді ӛңдеу, 
диалог құрастыру, ӛз ойынан ӛлең, ертегі, әңгіме құрастыру да оқушының ойы 
арқылы тілін дамыта түседі. 
Мақал –мәтелдер мен тұрақты тіркестерді ұдайы үйретіп отыру-мұғалімнің 
күнделікті жұмысының бір түрі. Үйренгендерін ұмытып қалмау үшін оны сӛздік 
дәптеріне жаздырып, әр тоқсанда соларды кӛбейту кестесі тәрізді жатқа жаздырып, 
бақылау жұмыстарын алуға болады. 
Оқушының оқыған әңгіме ертегісіне сараптаудың жолдары: 
-түсінгенін әңгімелеу 
-сұрақтарға жауап беру 
-кейбір үзінділерді жатқа айтқызу 
-оқыған шығармасы бойнша таныс емес сӛздерді сӛздік дәптерге жазып отыру 
-кейіпкерлер іс-әрекетіне баға беру 
–әңгімелердің ұқсастығын салыстыру 
–ең соңында сол шығармаға ұқсас әңгіме жаздыру. 
Бала – біздің болашағымыз. Болашақ ұрпаққа заман талабына сай білім беру 
талап етіледі. Бұл мақсат орындалу үшін бағдарламадан тыс қосымша тапсырмалар 
беру абзал. Алғашқы күннен бастап тілін дамыту үшін ӛлең, жаңылтпаш 
т.б.тапсырмаларды ата – ананың кӛмегімен жаттау қолға алынғаны дұрыс.
Сюжетті суреттер бойынша сұрақтар жауап арқылы әңгімелеу, ӛз отбасы 
туралы әңгіме құрастыру, осы тақырып бойынша дайын мәтіндерді оқып беріп, 
суретін кӛрсету.Баланы ӛз ойын анық айтып, дұрыс сӛйлеуге үйрету. Тереңдетіп 
оқыту арқылы сӛздік қорын байыту үшін, әр оқушының сӛйлеу деңгейін, ойлау 
қабілетін, шығармашылығын зерттеуді қажет етеді. Бұл тұста оқушылардың жазу 
сауатын да есепке алу керек.Тек диктант түрлері грамматикалық ережелерді әр 
оқушының қалай меңгергендігін және жазу сауатының қандай дәрежеде екендігін 
байқатады. 
Әр сабақтың тақырыбына байланысты диктант түрлері жүргізіледі. 
Диктанттардың ең күрделісі – шығармашылық диктант. Бұл оқушылардың ойлау 
қабілетін, сӛздік қорын, білім деңгейі мен ӛздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін 
арттырады.Оқушылардың ойын жазуға үйрететін тағы бір әдіс – «Ӛз ұйқасын тап», 
«Әңгімені ары қарай жалғастыр» деген тапсырмалардың әсері зор.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет