1. М. Дулатов пен А. Байтұрсыновтың Алаш азаттығы жолындағы ерен достығы мен шығармаларындағы үндестікті дәлелдеп жазыңыз



бет1/12
Дата04.12.2019
өлшемі3,96 Mb.
#52984
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
50 esse Alash

1.М. Дулатов пен А. Байтұрсыновтың Алаш азаттығы жолындағы ерен достығы мен шығармаларындағы үндестікті дәлелдеп жазыңыз.

Алаш идеологиясын қалыптастырушылардың бірі М.Дулатовтың қоғамдық саяси қызметі қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытовтармен тығыз байланысты. Қазақтың зиялы қауым өкілдері сол қоғамның ең өзекті мәселесі отaрлық езгіге қарсы ұлттың санасын оятып, оны қалыптастыру жолында өздерінің шығармашылық қызметтерімен де алға шығып, қалың қазақ халқын соңдарынан ілестіре білді. Қазақ халқының бойындағы ұлттық рухты, сана-сезімді ояту мақсатында, халықтың көзін ашу жолында аянбай күресті. М.Дулатовтың алғашқы үкімет саясатын сынай жазған мақаласы “Біздің мақсатымыз” деген атпен 1907 жылы “Серке” газетінде басылып шығарылды. 1909 жылы Петербургте қазақ халқының көзін ашуға аттанып “Оян, қазақ!” деген кітабын жариялайды. Бірінші басылым 1909 жылы Уфада шығып, 1911 жылы Орынборда екінші рет басылып шығады. Бұл қазақ әдебиетінің тарихындағы ең көп қудаланған шығарманың бірі еді.

“Оян, қазақ!” кітабына енген өлеңдердің атына назар аударсақ: “Қазақ жерлері”,

“Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі”, “Қазақ халқының бұрынғы мәғишаты”, “Өнерменен хасыл болған нәрселер”, “Сайлаулар хақында”, “Мешіт”, “Медресе хақында”, “Қазақ халқына діни бір уағыз”, “Жастарға”, “Терме”, “Таршылық халіміз хақында аз мұнажат”, “Жігіттер”, “Сөз ақыры”, т.б. Негізінен, “қазақ”, “жер”, “өнер”, “дін”, “насихат” деген сөздерге ерекше салмақ берілгені анық көрінеді. Кітаптың алғашқы жолдарын оқып қарасақ:

Міржақып, неге отырсың қалам тартпай, Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай. Шаманды кәдәри хал көрсетсеңші, Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай.

Автордың биік идеялық мақсаты, басты рухани нысанасы өлең жолдарындағы “оян” сөзі болатын. Қазақ-қалмақ, қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихына шолу жасап, Ресейге бодан болғанының, кіріптарлық, қорлық тіршіліктің аянышты суреттерін осы өлең жолдарымен бейнелейді: Аяқ асты болып қазақ қалды ғой, Құр әншейін рухы қалып, жан кетіп. Шаһбазлар басшы болған мілләтқа, Аяғына қан түсті ғой, мән кетіп...

Алаш деп ұран салып, “оян” деп шырылдайды ақын атамыз, философиялықпублицистикалық ойлар айтады. Міржақыптың терең жан күйзелісін, рухани бұлқынысын, ақындық қуатын көрсететін бір топ философиялық-лирикалық өлеңдері бар. Осы туындылардан елім, халқым, қазағым, алашым деп, азаттық деп аһ ұрған азаматтық жүрек лүпілін сеземіз.

Қорытындылай келгенде, әдебиеттің барлық жанрында бірдей қалам тартқан қаламгер қайраткер М.Дулатовтың өмірлік мақсатының биік нысанасы – туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы. Ол қуғын-сүргін көріп, түрме азабын тартып жүрген азапты күндердің өзінде де, ақтық демі біткенше бұл жолдан тайған жоқ. Қазақ жұртының бүгінгі, болашақ буындарын “Алаш” деп ұран салып, келешек үшін арыстанша алысқан М.Дулатовпен бауырындай етіп табыстыратын, айналып келгенде, осы мәңгілік жасайтын асыл қасиеттер.

А.Байтұрсынов сияқты алаш ардагерінің асыл еңбектерін көздің қарашығындай етіп сақтап келе жатыр. А.Байтұрсынов Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Алаш қайреткерлері жасаған ұлы ұлтшылдық дәуірде өзге ұлттан кек алу еді. А.Байтұрсынов ұйқтап жатқан елді оятар ма деп

“Масасын” ұшырған болатын.



2.Ж. Жабаевтың «Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым» деген сөзінің ақын өлеңдеріндегі көрінісі.

Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ шық қыранындай жыр нөсерін селдетті. Оның сөздері ұранға айналып, халық поэзиясының атасы аталды.

Жамбыл Жабаевты, Мұхтар Әуезов “ақындардың ақыны, айдын көлдей ақылы” деп атаған. Ол жастайынан сөз өнерін пір тұтып, бала кезінде-ақ , Сүйінбай Аронұлынан бата алады. Сондықтан да осыдан кейінгі өлеңдерінде “ Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлеймін сыйынбай ” деп ұстазының алдына түспейтіндігін үнемі айтып отырады. Осылайша жастайынан өлең-жырға жақын өскен ол он бес жасынанақ “ жас ақын ”, “жап-жақсы ақын”, “ Жамбыл ақын ” болып, елге таныла бастаған екен. Өзін шалқарда шалқыған аққуға теңеген ақын“ келмеді сасық, шалшық жерде қалғым ” деп жыр маржанын тере білді. Бір жағында қалың бұқара, бір жағында бай мен датқа тұрған ақынның алдында “ кімнің сөзін сөйлеу керек? ”деген замана сауалы тұрды. Қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған ақын бай, манаптарды шеней білді. Ж.Жабаев – қазақ халқы поэзиясының жыр алыбы. Қазақ әдебиеті шежіресінде А.Құнанбаев қазақтың жазба әдебиетінің негізін салған ұлы тұлға болса, Ж.Жабаев кеңес халық ақындарының атасы, XX ғасырдың “Гомері” атанған ақын.

“ Жамбыл деген – жай атым,

Халық - менің шын атым,

Жай – құйрығым, қанатым,

Қазақстан – Отаным ” – деп, парасаттың биігінде пәрменді жырлары жаңғырған қарт жырау жауынгерлік рухтың жаршысы да бола білді. Жамбылды Жамбыл еткен – ең алдымен өз халқының мал рухани мұрасы. Оның бостандық, әділдік, теңдік жайлы ойлары да сол халық жырларымен ауысқан. Ақын мұрасының бағалығы да, өлместігі де сол халқына деген сүйіспеншілігінен, оған деген өшпес махаббатынан.

Ұлы жырау халықтың ғасырлар бойы көкейінде жүрген арманың өлеңмен жеткізе білді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев ұлы Жамбылға адалдық пен адамгершіліктің, әділеттілік пен ізгіліктің алып жыршысы деген тарихи бағасын берді. Жамбыл бабамыздың ұлан-теңіз шығармашылығының мұрасы – халқының шынайы өмірінің айнасы.

“Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, ел бірлігін сақтаған татулықты айт” деп жырлаған Жамбыл шығармашылығынан еліміздің бүгінгі бейбіт тіршілігі мен берекелі бірлігін көргендей боламыз. Сол себепті де, Жамбыл шығармашылығының негізгі идеясы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қарышты қадамдарымен, жасампаз істерімен үндесіп келеді.

Қорытындылай келе, сөз зергері М.Әуезов ақындардың ақыны, айдын көлдей ақылы” деп атаған Ж.Жабаев шығармаларына бүгінде терең бойлап оның әр сөзінің салмағын сезініп, тәуелсіздік тұрғысынан бағыттап келеміз. Жамбыл өмірі – ол халық өмірі, ұлт тарихымен тамырлас тамаша тағдыр. Жамбыл шығармашылығы – Ұлы дала елінің ұлағатты қазынасы.



3.І. Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі тау кескінінде бірде адам мінезі, бірде тұрмыс суреті бейнеленетінін дәлелдеп жазыңыз.

Қазақтың қай – ақын жырауын алсаңда, Қазақстанның кең байтақ жерін, көркем табиғатын, орны ерекше жерлерін, көз татарлықтай сұлулығын паш етеді. Қазақ әдебиетінде өзінің ауыз толтырып, айта алатындай біртуар ақыны — Ілияс

Жансүгіров. Ілияс Жансүгіровтің әйгілі шығармаларының бірі де, бірегейі ол «Жетісу суреттері».

«Жетісу суреттері» шығармасын оқығанда Жетісудің көркемдігін көз алдына елестетпейтін жан жоқ шығар шіркін! Белгілі бір сол әлемге тап болғандайсың. Сол бір жинақтың бір бөлімі «тау кескіні», «тау суреті». Тап бір Тарбағатайдың тарихы ма дерсің. Менің ойымша, ақын бұл тау суретін өзі Жетісуға барғанда жазған секілді. Және сол жердің бар байлығын, бар сұлулығын, бар тұрмыс-тіршілігін, бар жанжануарларын бір өлеңге сидыра білді.Бұл жерде «бірде адам мінеді, бірде тұрмыс суреті» деп бейнеленетін жер өлеңнің мына қатары деп ойлаймын. «Баладай балдырлаған сақау самал Қойнына әжесінің енетіндей»,— деп табиғатты тірі жанға теңеді. Адам мен табиғатты байланыстыру бұл да бір ақынның өнері ме дерсің. Бұл шығармада Жетісу өңірінің жан-жануарға бай екенін аңғарасың. Ақын Жетісуды тамашалағанда уақытың жетпейтіндігін сондай-ақ Жетісуға көзіңнің тоймайтынын қоса айтады.

«Жалпы сын», «Тау суреті», «Жетісуда су суреті» «Жетісу жәндігі» «Жер түгі» деп аталатын тараулардан тұратын бұл шығарма асқан шебердің картиналар сериясынан тұратын кескін өнерінің кемел туындысындай әсер етеді! Бұл шығармадан біз қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы мекен еткен құт мекені – Жетісудың асқар тау, ну тоғай, қоғамын келісті бейнелейтінін көре аламыз. Және де Тарбағатай, Алтай, Жоңғар, Алатау секілді белгілі тауларды сөз суретіне түспегені қалмады. Тау кескінін ақын бірде адам мінезін көрсе, бірде тұрмыс суретін аңғарады. Кейде сұсты, қаһарлы, кейде күлкілі сәулелі бейнелер туады. Әйгілі Қарқара жайлауының суретін былайша бейнелеген. Қарқара қалың қазақ кебесіндей, Албанның албырт – ерке енесіндей. Қарағай қапталдағы, жыныс арша, Қыдырлы малдың құты келесіндей. Қарақара жарасымды жазық жайлау, Текестің көкке өрлеген тік қиясы, Сымынып сол маңайдың төресіндей.

Қорытындылай келе, Ілияс Жансүгіров туралы ұлт жазушы Мұхтар Әуезов:«Мен Ілиясты бұрын да білуші ем, өлеңдерін де оқып жүретінмін. Бірақ оның шын мағынасында, дарынды ақын екенін моцындағаным, сол « Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін»,- деп өзінің тәнті болғанын білдірді.



4.Б. Бұлқышевтың «Менің жастығым адам баласының қызметіне берілді» деген пікірін дәлелдеп жазыңыз.

Баубек Бұлқышев өте аз өмір сүрді.Сол азғантай ғана өмірін адамзатқа арнады.

Бұлай айтатынымыздай Баубуек Бұлқышев не жасады? Соны талдап көрейік.

Ол 1916 туылды. Байқап қарасақ ақын, ұлт азаттық қозғалыс кезінде туылған. Келесі жылы ақпан төңкерісі болды. Бұнымен қатар әлем тарихында І дүниежүзілік соғыс болып жатты. Баубек соғыстан соң, ашаршылықты қазақтардың қалай басқа елге үдере көшкенін көріп өсті. Бойындағы өр намысының жетегінде қазақтарды өзге жаудан қорғайтын адам болғысы келді. Бірақ біршама себептерге байланысты әдебиет өкіліне айналды .Ол алдымен Лениншіл жас газетінде әдеби қызметкер болды. Содан соң Қазақстан пианері газетінде бөлім меңгерушісі болды.Ақырында 1940 жылы кеңес армиясы қатарына шақырылып, Мәскеу училищесінде оқуын бастайды.Араға жыл салып, Ұлы Oтан соғысына алғашқылардың бірі болып қатысты. Оның соғыстағы отаншылдық еңбегі ата-дәстүрінің жалғасы секілді. Себебі, әкесі Бұлқыш Амангелді Иманов бастаған көтерілісіне қатысқан. Бауьектің отанын қорғағысы келгендегі себебінің бірі осы.

«Менің жастығым адам баласының қызметіне берілді» деп соғыста жүрген күндерінің әрбір минутымен, сағатын халық бақыты жолында жұмсаған еді. Ол өмір сүрген заманын қызыға жырлайтын. Міне, өз еліне адам баласының бақытына жас өмірін берген. Баубектің мына жинағы оның дәл өзі сияқты жас лебімен өмір сүру тілегімен кең алған демімен қайрат жігерімен келген еңбекті Баубек былай деп әбден дұрыс болжап жазған екен. «Жақын арада мен бір жас ақынның соғыста өлгенін көрдім. Ол соғыста батырларша алысты да, батырларша өлді. Өлер алдында есіне Байрон түсіп кетті де, жазу дәптерін баспаға тапсыруға бізге берді. Дүниемен қоштасып, кезеңде өлеңдерінің өмір сүруін ойлады. Соны үміт етті. Оның өлгеннен кейін де өмір сүргісі келді. Ол өмірі – жұрт оқитын өлеңдері», - деп еді. Бұл пікірді ақын-жазушы Сейдолда Төлешов қалдырған еді.

Қорыта келгенде, егер біз Баубек Бұлқышевтың мұра қылып, бізге қалдырған өлеңдерімен поэмаларын санамызға тоқуымуыз керек.



5.М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының әлемдік даңққа ие болудағы автор үлесіне сыни көзқарас тұрғысынан талдау жасаңыз.

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман эпопеясының жиырма жылдан артық уақыт жазып екен.Сонда жиырма жыл бойы не жазған. Бұны кейінгі ұрпаққа мұра қылу үшін жасады ма? Әлде, бұның барлығы атақ үшін бе? Менің қазір осы сұрақтарға жауап іздеп көремін.

«Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүниежүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп 20 ғасырдың 40-50 жылдарын Мұхтар Омарханұлы Әуезов туған әдебиетісіздің даму тарихында бұрын соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені « Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебитінде болған емес. Ал енді эпопеяның өзіне тоқталайық. «Абай жолының» бас кейіпкері Абай. Біз ақынның 50 жылғы өміріне куә боламыз. Абайдың адам, адамзат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия қалтарысы мен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес- тартысын ... бәрін түгел шарлап өтеміз

Мұхтар Әуезов бұл роман-эпопеяны жазғаннан соң бірнеше сыйлықтарға ұсынылды. Эпопеяны «Абай» аталған алғашқы екі кітабына КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді. Мұндай сыйлықтарға ие болу оңай нәрсе емес және Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Абай жолын» осы сыйлықтар үшін немесе ақша жазды деп ойламаймын. Мен тіпті Әуезов туралы сыни-пікір айтудан аулақпы және «жиырма жыл бойы сыйлық үшін тер төкті»- деу ақымыақтық болар, сірә! Мұхтар Әуезов «Абай жолын» жан рақаты үшін жазды. Әрі кейінгі ұрпаққа үлгі еткісі келді.



Міне, біз қазір Мұхтар Әуезов жазған «Абай жолының» арқасында, әдеби тұрғыда әлемге танылып отырмыз. Егер біз өткенімізді ұмытпай, қалдырған мұраларын жарыққа шығарсақ Елбасымыз айтқандай рухани жаңғырамыз.

6.З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесіндегі өмірдің шындық құбылыстарының образдар арқылы бейнеленуі ғылымға тән ерекшелік пе, өнерге тән ерекшелік пе?



7.З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесі өнер саласында жазылды ма, ғылым саласында жазылды ма, өнер мен ғылымның тоғысында жазылды ма?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет