1. М. Дулатов пен А. Байтұрсыновтың Алаш азаттығы жолындағы ерен достығы мен шығармаларындағы үндестікті дәлелдеп жазыңыз


З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесінің өн бойында М



бет2/12
Дата04.12.2019
өлшемі3,96 Mb.
#52984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
50 esse Alash


8.З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесінің өн бойында М.

Әуезовтің өмірі мен қызметінің айрықша дараланатын және өзара сабақтас екі ұғым қандай?

Роман эсседегі басты кейіпкер- М.Әуезов. Қаламгер М.Әуезовтің ұстаздық қызметі, ұстаздық қабілетін нақты шындық оқиғалар арқылы көрсетіп алған соң, ұстаздық туралы монолог түрінде берілетін ойлары мен толғаныстарынан сыр ашады.

Сөйтіп этикалық баяндау лирикалық толғауға ұласады. Роман-эссенің өн бойында М.Әуезовтың өмірі мен қызметінің аясында айрықша дараланатын және өзара сабақтас екі ұғымның орны ерекше: a) ұстаз туралы ұғым; ә)ұстаздық туралы ұғым. Ұстаз бен шәкірт арасында орныққан, ерекше екі қасиет жарқырап көзге түседі: ұстаздың шәкіртке деген ілтипаты және шәкірттің ұстазға деген құрметі. Осы екі қасиет ұстаздың шәкіртке деген шексіз ілтипаты мен шәкірттің ұстазына құрметі, роман-эссенің бір бүтін көркемдік баламасына негіз болған. Қаламгер М.Әуезовтың өмірі мен қызметінің шындықтарын жаза отырып, бүгінгі күнмен тікелей байланыстыра отырып, жас ұрпаққа өткен заманның қатерінен сақтандырып, өсер елдің өркеніне рухани- адамгершілік іргелі ой ұсынады. Ол ойы- ұстазбен шәкірт арасындағы адамгершілік, ұлттық құндылықтарымызды сақтау келер ұрпаққа аманат, парызды жеткізу туралы ой.

Роман-эссенің баяндау жүйесінде орын алған авторлық тұрғының әр алуан позицияларына байланысты кейіпкер обрзы әр түрлі ыңғайда жобаланып, суреттелген. Көркем бейненің барша өмірлік, дүни танымдық, психологиялық, мінез-құлықтық аяларын қамтитын жанды көркемдегіш құралдар, суреттеулер негізінде жүзеге асқан. М. Әуезовтың шынайы өмірлік келбет-мүсінінен көшірімесімен кескіндемелік үзінділер жиынтығы тұтас түрде суреткерпдің қайталанбас қаламгерлік, ұстаздық және биік парасатты адамдық келбетінен айқын елес береді. Жоғарыдағы талдаулардан байқағанымыздай қаһарманның шығармашылық қабілет дарынын сөз еткенде, тұрақты күйдегі суреттеме аса тиімді емес. Тек мұндай кескінділік көз қарастың жазушы стильіне сөз қолданысына қарай белсенділік танытып отырады. Өнер адамын тікелей шығармашылық еңбек үдерісі барысын да бейнелегенде ғана шынайы,көркем, беделді тұлға саналады. Олай болса, кейіпкер жан дүниесіндегі ой тебіренесін, сезім тасқынын тысқары әлемде, эмоциялық-психологиялық көңіл әсерін өрнектейтін басты портреттік тәсіл, сөз жоқ-ең әдемі кескіндеме.

Қорытындылай келе, жазушы М.Әуезовтың өмірімен қызметі туралы жазғаны арқылы елдің болашағына алаңдаушылық білдіреді. Роман арқылы қажымдық сананың тазалығын сақтау, қорғау келер ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды кінәратсыз тапсыруды көздеді.

9.З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесінде ұстаз бен шәкірт арақатынасында ерекше жарқырап көзге түсетін екі қасиетті талдап жазыңыз.

Академик, жазушы Зейнолла Қабдоловтың "Менің Әуезовім" романы 1997 жылы жарыққа шыққан. Көлемі екі жүз жиырма бес беттен тұратын романның тақырыбы мен баств сюжеті қазақ әдебиетінің классигі, заңғар жазушы, академик Мұхтар Әуезовтің өмірбаянына, тағдырына, қаламгерлігіне, ұстаздық қызметіне негізделіп жазылған көлемді прозалық туынды. Ұлы Мұхтар Әуезовтің көзін көріп, дәрісін тыңдаған, сүйікті шәкіртіне,жылдар өте келе дос-інісіне айналған Зейнолла Қабдоловтың дарыны ұлы суреткердің назарын бірден өзіне аударады.

Роман-эссе кейіпкерлерінің бірі-ұстаз, екіншісі-шәкірт. Ұстаз - Мұхтар Әуезов, шәкірт - Зейнолла Қабдолов. Мұхтар Әуезов туралы роман-эссе автрнының берік қалыптасқан мынадай ұғым-түсінігі бар еді. Біріншіден, М.Әуезов-қазақ халқының біртуар,дарабоз, сегіз қырлы, бір чырлы азаматы. Екіншіден , М Әуезов - саңлақ суреткер, көркемсөздің қас шебері, заңғар жазушы. Үшіншіден, М.Әуезов - ғұлама ғалым, ақыл-ойдың кені. Төртіншіден, М.Әуезов - кемеңгер ұстаз,дана,ұлы тәрбиеші.

Зейнолла Қабдоловтың "Менің Әуезовім" роман-эссесі елдің өсер өркеніне халықтың ұлттық асыл құндылықтарын, қоғамдық сананың тазалығын сақтау, қорғау, келер ұрпаққа кінәрәтсіз тапсыруды ұсынған интеллектуалды роман үлгісі.

Қорыта келе, роман-эсседе ұстаз бен шәкірт арақатынасында орныққан ерекше екі қасиет жарқырап көзге түсдеі. Бірі-ұстаздың шәкіртке деген шексіз ілтипаты, екіншісі

- шәкірттің ұстазға деген шексіз құрметі. Осы екі қасиет роман-эссенің бүтін көркемдік болмысына негіз болған.



10.Шернияз бен Махамбеттің өлеңдеріндегі ұқсастықты салыстыра талдап жазыңыз.

Махамбет халық көңілінің тұнығындағы ең асыл – еркіндікті,теңдікті, жақсы тұрмысты аңсаған арманын, ата жауына деген қаны қатқан өші мен кегін, азаматтық антқа берік адалдығы мен арыстандай ерлігін көкке көтере мадақтады. Ақынның қызыл оттай қызулы, қылыштай өткір, селдей серпінді сөздері қараңғыда алдан жарық күнді қармаған қалың қазақтың ат жүрегіне толқу салды, ер көңіліне жел берді.

Ақынның құдіретті сөзінің күні бүгінге дейін сыры кеткен жоқ, сыны түскен жоқ.

Махамбетше айтсақ, «қара қазан қамын ойлап», «ел-жұртын бодандықтан бостандыққа жеткізем» деп, «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, түн қатып жүріп түс қашқан», талай-талай батырлар мен сол бір жайды жырына арқау еткен небір дүлділ ақындардың бағы жанбай, халқы үшін сіңірген еңбегі мен істеген ісі, шығармашылығы терең зерттелу былай тұрсын ауызға алынбай қалғаны қаншама. Солардың қатарында ХІХ ғасырдың әдебиетіне аты мәлім, Махамбет рухында жыр толғап, халықтың қайнаған шерін, бұқара мүддесін өзінше айтсақ, «үйшінің үскісіндей» өткір тілмен жырлап өткен сыншыл да, турашыл ақын – Шернияз Жарылғасұлы да бар. С.Мұқанов айтқандай: «Шортандай жырларынан біз «зар заман» кезінде әлеумет басына түскен трагедияны көрсек, Шернияз жырларынан жеке адамның, әсіресе халық ақынының басындағы трагедиялық жайды ұғамыз» Шернияз өлеңдерінің тағы бір ерекшелігі – бүкіл қазақ жеріне кеңінен таралуы дер едік. Кең таралуының себебі оның өлеңдерінің халық көкейінде жүрген сауалдарға, армандарға дөп келуінен деп білген жөн болар.



11.«Қыз Жібек» жыры мен «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып талдаңыз.

“Қыз Жібек” пен “Қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырлары - қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастандар. Дастандар қос ғашықтың махаббаты мен қайғылы ғұмырын жырлайды.

Бірінші ұқсастық - Махаббат оқиғасында әрқашанда екі ғашықтың арасына түсетін жағымсыз кейіпкер. ”Қыз Жібекте“ ол - Бекежан болса, “Қозы Көрпеш - Баян сұлуда“ ол - Қодар. Бірақ осылардан басқа ғашықтардың тағы бір жауы бар. Біреуінде Баянның әкесі, ал екінші дастанда Қорен хан. Екінші ұқсастық - басты кейіпкерлердің сұлулығы, ақылына көркі сай қазақ қыздарының болуы. Соңғы және басты ұқсастық - екі жырда да трагедиялық махаббат туралы айтылатындығында, яғни ақыр - аяғында басты кейіпкерлердің бірге болмауында, басты кейіпкерлердің өлімінде.

Ал айырмашылықтарына келетін болсақ, Төлеген мен Қозының образында айырмашылық. Қозы кіршіксіз таза махаббат иесі, батыр, адамгершілігі мол жігіт ретінде суреттелсе, автор Төлегенді өзінің барлық ерекше сипаттары арқылы: көрік – келбеті, ақыл-парасаты, мінез –құлқы, ақ жүрек – ақылдығын айтып, шабыттана сипаттайды. Келесі айырмашылық ө Баян Қозының өлімінен кейін өзіне қол жұмсаса, Жібек әмеңгерлік жолмен Төлегеннің інісіне тұрмысқа шығады.

Төлегеннің інісі Сансызбай Төлегеннен аумайды, сондықтан Жібек оны "Төлегеннің өзі" деп қабылдайды. Жібек марқұм болған жарының өсиеті мен ата салтын орындау үшін ғана тимейді Сансызбайға. Ол өзі ғашық болады, сөйтіп, оның Төлегенге деген сезімі Сансызбайға ауысады Қозы Көрпеш Баян сұлу мен Қыз Жібек дастандарының трагедиялық болуы және кейбір жерлерінің ұқсас болуы, қазақ даласында мұндай оқиғалардың көп болғандығын дәлелдейді.

12.Қазіргі ақындар айтысының өткен ғасырлардағы ақындар айтысымен ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра отырып, дәлелдер келтіре талдаңыз.

Бір кісілер «қазіргі ақындар айтысы» мен «өткен ғасырлардағы ақындар айтысының» арасы жермен көктей дейді. Ал бұған басқа кісілер кереғар пікір айтып, ештеңенің өзгермегендігін айтып жар салады. Жүз адам тұрған жерде, жүз түрлі пікір бар демекші, осы тұста өз ойымды айтайын.

Алдымен айырмашылықтарына тоқталайын. Бұрынғы ғасырларда айтыс түрлері өте көп болатын. Оларды: бәдік айтыс, қыз бен жігіт айтысы, өлі мен тірі айтысы және тағы да басқа деп бөліп жеке тақырыптарда айтатын болған. Ал қазіргі кезде айтыстың біраз түрі жойылып қыз бен жігіт айтысы ғана қалып отыр. Содан соң бұрында айтыста тақырып деген дүниені екі айтыскердің өздері тауып алып айтысып отыра беретін. Және оны халық дұрыс қабылдап, қошеметке бөлейтін. Ал қазіргі айтыста ақындарға тақырып беріледі. Айтыскер ақындар сол тақырыптан шыға алмай, ойларын дұрыс жеткізе алмай отырады. Содан кейін бұрыңғы айтыста кім жеңетінін халық қошеметпен шешетін. Қазіргі таңда айтыскер ақындардың өнерін қазылар алқасы шешеді. Былайша қарап отырсақ уақыт еншісінде біраз дүние қалып қойған секілді. Бірақ соған қарамастан өзгермеген дүниелерде жетерлік. Осы тұста ұқсастықтарына тоқталайын. Бұрынғыдай екеулік айтыспен қатар төртеулік айтыс та сақталып қалды. Және екі айтыста да ұлттық киім кию міндеттелген. Бұрынғыдай айтыскер ақындар өздері қалаған ұйқаспен өлең шығара алады. Менің ойымша қазіргі айтыскер ақындардың аузын байлап, құқығын шектеудің қерегі жоқ. Қазіргі айтысты көбінесе ата-анамыз бен ата-әжелеріміз, яғни жалпы үлкен кісілер көріп, тамашалайды. Сол кісілер үшін бұрынғы халық бағалайтын, ешқандай шектеу болмайтын айтысты қайтару керек секілді.

Қорыта келе, қазіргі ақындар айтысының өткен ғасырлардағы ақындар айтысымен ұқсастығы аз, айырмашылығы көп. Ұлттық өнерімізді алдағы уақытта ұлықтап жүрейік. Қазақ халқы ең жақсыға лайықты.



13.Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасынан үзіндіде бейнеленген өмір шындығын дәлелдер келтіре талдап беріңіз.

Шерхан Мұртазаның "Бесеудің хаты" өмір шындығын талдау Ашықта төзіп тұра алмай, Артына мойнын бұра алмай.Тастадым безіп жұртымды,Үйлі жан аштан қырылып. Көме алмай кеттім бұрылып,-деп Шерхан Мұртаза атамыз жырлағандай, өз заманының шындығын ашып көрсетеді.

Шерхан Мұраза аамыз"Бесеудің хаты"драмасын көрке суреттеп жазған,өмір шындығын,қазақ халқының ашаршылық жылдарындағы қайғылы кезеңдер бейнелеп жазған.Кеше ғана бір қойдың етін бірақ асып жеп,қымызды сабасымен ішетін халықтың бүгін бір уыс бидайға зар болып,аштықтан қырылып жатқан бейжай зар болып,аштықтан қырылып жатқан бейжа қарай алмаған.Галашакин мен Ғ.Мүсіреповің түсінбеушілігін халықтың нанын жеп,өз қара басын ойлап,елім демей өзін дегенге қарсы шығып, қазақ халқын сатқан Құрысов жане т.б.б бар ол өтте өзекі мәселені қозғап жазған ол қазіргі таңда да қоғамда болып жатыр Құпия түрде хат мәтінін әзірлеген шындықты бұрмалап,жоғары жаққа кеңестер еліне бәрі керемет деп кеңес берген өлкенің камитетінің төбесінен жат хат жазып жай түскен бұл өлкенің камитетінің төбесінен жай түскен бұл хатты жазған бесеу кім? Бұл бесеу хатынан,бес том кітап жазуға болады.

Мысалы қазіргі заманда ұлтшыл адамдар адамдар азайып жатыр. Ғабит Мүсіреповтің ұлтшылдығын қазір ешкім орнын баса алмас.қәзіргі кезде өмірде де ермін деп ерге жат қылып істеп журген қаншама азаматымыз бар. Бұл заманды түзеуге болар еді алайда пейілі жаман жер бетінде болғанда түзелмесі анық. Гүл өскен жерге тікенекте өседі, періште жүрген жерге, ібіліс құмар. Кім біледі, дүние деген құдіреттің заңы шығар.(234 сөз)



14. Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» повесіндегі Ұлпан образының қазақ қыздарына тән ұлттық мінез сипатын қазіргі қазақ қыздарының бойындағы мінез-құлық қасиеттерімен салыстыра талдаңыз.

Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» повесі көптің көңілінен шыққан туынды болып табылады. «Ұлпан» повесіндегі Ұлпанның қандай ерекшеліктері бар? Неге оны ұлттық символ ретінде қарастырады?

Ұлпан – аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, қоғам қайраткері. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан, өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылыды да, батыл қыз болып өседі. Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақкөңіл. Әрі өз ой пікірін ашық, нақты жеткізетін болған. Ұлпан – кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан еліннің кедей – кепшігіне қол ұшын беретін әйел. Мен Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» бейнесін нағыз ұлттық болмыс деп тани аламын. Ал қазіргі қыздар екі топқа бөлінеді: тәрбиелі, сауатты қыздар және теріс жолға түскендер. Көпке топырақ шашпаймын, қазақтарда сұлу, байсалды, сабырлы, өнерлі, ибалы, инабатты, салмақты, ата-анасының тәрбиесімен өскен қыздар жетерлік. Және бойында «ұлттық болмысқа» тән ерекшеліктер сиреп, тәніне сурет салдырып, шашын алдырып, балағат сөздер айтатын қыздар да жоқ емес. Яғни «Ұлпан» мен арасы жер мен көктей қазіргі қыздардың бойында қыз балаға тән сұлулық, әйелге тән жылулық азайған. Оған себеп әйелдердің тойда, көпшілік орындарда жалаңбас, орамалсыз шығу қазақ әйеліне тән белгі емес-ті. Сондықтан менің ойымша, көпке топырақ шашпаймын, қазіргі заман қыздары «ұлттық болмыстан» алшақтап бара жатқандай.

Қорыта келе «жүз адам тұрған жерде, жүз түрлі пікір бар» - демекші менің пікірім осындай. Меніңше соғыстағы арпалыстар мен нәубеттерге қарамастан бала-шағасына азық іздеп, өмірдің қиыншылықтарына төтеп бере білген Ұлпанның бейнесін қазіргі қазақ қыздары қайталай алмайды.мінез-құлық, қасиеттерімен салыстыра талдаңыз.



15.Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы тарихи тұлғалар

(қазақ хандары, би-шешендері және батырлары) бейнесін сомдаудағы тарихи шындық пен көркемдік шешімнің сабақтастығын дәлелдер келтіре талдап жазыңыз.

Көшпенділер – Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы.

Ілияс Есенберлин «көшпенділерде» тарихи образдарды қалай сомдаған? Оқырмандарға тарихи шындықты қалай жеткізген?

Көшпенділер – Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма – қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қойылған, тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі, партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Шығарма кейіпкерлері – негізінен тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау кезі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар. Алмас қылыш романында – Әбілқайыр хан, Жәнібек хан, Керей хан. Жанталас романында – Қасым хан, Хақназар хан, Абылай хан, Бұқар жырау. Қаһар романында – Асан қайғы, Қазтуған, Кенесары хан, Ағыбай батыр сияқты тарихи, аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер болып табылады. Қазақтың мұндай аумалы-төкпелі кезінде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин болса, осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсынуы жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі – коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді.

Қорыта келе, Ілияс Есенберлин ешқандайда тарихи шындықты бұрмалаған жоқ. Үкіметтен қорыққан баспа жетекшілер және тағы да басқа кітап терушілер қолынан бұрмаланған.

16.С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы отбасылық тәрбие мәселесін қазіргі кездегі отбасындағы тәрбиемен салыстыра отырып талдаңыз.

С.Торайғыров (1893-1920) ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті тұлғаларының бірі.

“Қамар сұлу” романы – С.Торайғыров шығармашылығының жаңа сапаға өткелі тұрғанын, көркемдік-идеялық ізденістерін анық көрсететін шығарма. Онда қаламгердің қазақ қоғамы алдындағы кеселдерді әшкерелеумен қатар, оны жан-жақты бейнелеуге күш салғаны аңғарылады. Осы үшін ол жаңа формаға, күрделі жанрға барады. 1913-1914 жылдар роман жанрының қоғамдық санадағы орны, қызметі туралы әңгімелердің қозғалған шағы.

“Қамар сұлу” романына келгенде, көркем прозада С.Торайғыровтың біраз тәжірибесі бар. “Зарландым” (1912), “Ауырмай есімнен жаңылдым” (1913), “Қазақ ішінде оқыту жайы” (1913), “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан” (1913), “Өлең мен айтушылары” (1913) т.б. шығармалар жазушы қаламының көркем прозада да қарымды екенін аңғартты. Қаламгер орыс прозасының небір үлгілерін, М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамал” романын жақсы білген.

“Қамар сұлу” С.Торайғыров шығармашылығындағы алғашқы көлемді шығармалардың бірі. Оның поэмалары кейін жазылған. Сондықтан да күрделі жаңа жанрдағы бұл романның қаламгер шығармашылығындағы алатын орны да ерекше. Романнан С.Торайғыровтың таланты, дүниетанымы, саяси-әлеуметтік идеялары айқын көрінеді. Бұл роман да өмірде болған уақиғалар негізінде жазылған. Шығарма фабуласын Алтай елінде болған кездерінде ел аузынан алған.С.Торайғыров қазақ қоғамы ілгері дамуына кесел болып отырған кемшіліктердің ірісі ретінде тамақ үшін бәріне көніп, сұмдыққа көз жұмып отырған надан, көнбіс көпшілікті көрсетеді. “Қамар сұлу” романының көркем мазмұнында бадырайып көрініп тұрған дидактика, тәрбиелік мән жоқ. Сюжетті пайдалану тәсілдерінде де ерекшелік мол.

Суреттеуге, әңгімеге, суретті диалогтерге барып отырғанмен мақсат фабуланы жеткізуде. Уақиға мен уақытты да мейлінше тығыздай баяндайды. Суреттеуден гөрі уақиға желісін, оның себеп салдарын көрсету басым.С.Торайғыров өз романдарының арқауы ретінде ақылды, сезімтал жандардың трагедиялық тағдырын алады. Оның бас қаһармандары тұлғалық деңгейге дейін даралана көрсетіледі. Ертеңін ойлаудан гөрі өткенді сақтауды тәуір көрген әлеуметтік топтардың бүр жара бастаған жаңалықтарымен қарым-қатынасы, қақтығысы, күрес жан-жақты суреттеледі. Мақсат мүдделері, ой, сезімдері көрсетіледі. Бірде жаңалықтарды жеңіп, жастарды трагедияға душар қылса, екіншісінде, өздерінің қаусаған сипаттарын сезеді, рухани жеңіліс табады.

Әлеуметтік тұрмыс пен қоғамдық өмірге, салт-санаға ене бастаған жаңалық, күрес идеяларын талдау – С.Торайғыров үшін басты мақсат. Оның ұлттық ерекшеліктері де осы күрес үстінде ашылады. Мысалы, сүймеген адамына ұзатылып, зар жылаған қыздың тойындағы сый-сияпат пен ет аңдыған адамдар бейнесі – қаламгер шығармашылығында өзіндік бояуға ие. Олар үшін нақты жағдайда адам қайғысынан гөрі той сияпаты, қызығы қажеттірек. Жылау мен адам трагедиясы – олар үшін күнделікті уақиға. Оны көп көрген, тойған, көнеген. Солай болған, бола бекрмек деп ойлайды. Оны өзгерту керек-ау деп ойланып жатқан да олар жоқ, жолсыздық, заңсыздық-өмір заңы. С.Торайғыров осы пәлсапаға қарсы қадала жазады.

Трагедияның содан екенін айтады, енжарлық пен көнбістіктің, надандықтың сұрықсыз сипатын бейнелейді.

Қыз бала малды, дәулетті шалға тиюге, байға баруға тиісті. Ол жылайды да көнеді. Ата-бабамыз сөйткен. Одан өзге жол жоқ. Көпшілік психологиясы, пікірі осы. “Қамар сұлу” романында ата баба жолына көнбей күреске көтерілген қыз характері, тағдыры бейнелейді. Қамар көптің бірі, надан, кедей қызы емес. Текті атаның бетінен қақпай өсірген ерке қызы, есті, әдепті қыз. Ата-ана алдына шығып, елдің салтын бұзсам деген ойында да жоқ. Осы жолда сүйгені Ахметке де тоқтау айтады. Қосылуға мүмкіндік болмаса әуре болу, сөзге қалу, түсу мүлде қажет емес дейді.

Алайда, тағдырына Жорға Нұрымның араласуы есті қыз жан дүниесіне, санасына төңкеріс әкеледі. Қамар өзінің хұқының жоқтығын көреді. Салт-сана, әдеп туралы сенімі шайқалады. Ашынады, қарсылық білдіреді, күреске шығады. Бұл күрес біртебірте ұлғайып, өз басынан асып қазақ қыздары проблемасын қозғайды. Қаламгер осы көркем мазмұнға әкелетін сюжет, фабула таңдайды.



17.Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романының көтерген тақырыбы – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Арал теңізінің экологиялық тағдырының ел тағдырымен сабақтастығын дәлелдеңіз.

Бүгінгі қазақ әдебиетінің ардагері ,қазақ прозасының ұас шебері Әбдіжәміл нұрпейісов өз туған жері туралы жазған керемет романының бірі Соңғы парыз романына 20 жылға жуық уақытын сарп еткен туындысы .Қазақ Әдебиетінде жарық көрген бұл роман осы күнге дейін жарық көріп келген романдардан жазылу үлгісімен де ,көркемдік әлеміменде ерекшеленеді.

Шығармадағы идеялық эстетикалық әлем күрделі .Арал теңізінің тартылуы күллі еліміз үшін экологиялық әлеуметтік апат болса ,кейіпкерлер үшін өмірлік ,әлеуметтік моральдық сынық .Аралдың тартылуы кейбіреулер үшін қызметтің өсуіне қажетті мүмкіншілік ,тартылған теңіздің орнына ,мақта егіп ,пайдаға кенелу .Ол үшін туып өскен жер бәріде тасының өрге домалауы үшін аз күндік өмірінің қызығын көру үшін ғана қажет.

Ал кейбіреулері үшін теңіздің тартылуынан зардап шеккен ауыл аймақтың азып тозуы .Халықтың жатса да, тұрсада толғандыратыны теңіз тағдыры ,оның болашағы , сол теңізді. мекендеген елдің ертеңі.

Арал теңізінің тартылуы жергілікті халыққа көлдей зардап әкелді. Арал теңізінің тартылуы балықтың жойылуына ,сол балықпен тамақтанатын көптеген құстардың жойылуына , балық аулайтын жандардың жұмыссыздануына себеп болуда .Ең маңыздысы Арал теңізі адам тағдырымен сабақтас болуда ,яғни денсаулықтың нашарлауы . Қортындылай келе ,талғампаз жазушының Соңғы парыз атты бұл романы суреткердің жаңа да батыл ұмтылысы қоғаммен заман ,адам табиғатына толғана қарап,қәзіргі қазақ әдебиетінің әлемге танытқан асқар биіктігіміз .жалпы ,адам үшін бірінші байлық денсаулық .Сондай ақ ,ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен халқының саулығын ойлады .Қәзіргі кезде аралды құтқару үшін жұмыстар жүргізілуле .Жай ғана Аралым өлеңінің өзі бар дүниенің ащы шындық етіп айтып тұр деп ойлаймын.

Арал ,сен туралы айттым ән Арал,ақ айдыным аңсаған

Арал,оралсаңгы қайтадан

Арал


18.Зейнолла Қабдоловтың «Жалын» романынан үзіндідегі көзқарастар қайшылығы мен адамдар арасындағы психологиялық тартыстың себептерін талдап жазыңыз.

Зейнолла Қабдоловтың “Жалын” романында санадағы тартыстың дамуы арқылы қаһарманның рухани шыңдалуы, азаматтық сезімінің тереңдеуі жақсы көрсетілген. Романның басты қаһарманы – жоғары білімді жас маман Қабен Оразов Ембі мұнай өнеркәсібі жөнінде кандидаттық диссертация қорғамақ болады. Зерттеу тақырыбына байланысты жинаған көп сала ғылыми дерегі, мол мағлұматы бар. Еңбегі жазылып біткен.

Қабен оңай даңқ іздеген атаққұмар жігіт емес, диссертация қорғауды жалаң мақсат тұтпаған, ісін есепке құрмаған. Тындырған жұмысым қоғамның кәдесіне асса екен деп қана тілеген жақсы арманы бар. Міне енді сол арманы жүзеге асқалы қалды. Қабеннің диссертациясы оқыған оппоненттері, оның еңбегін мадақтай бастады. Ғылым жолына адал берілген жігіттің жастығына, тәжірибесіздігіне байланысты, әуелгі беттегі жүрексінуі, қобалжуы бәсеңдеп, көңіліне бір сенім ұялай бастаған еді. Өзіне өзінің сенімі арта түскендей болған. Кенет бір күдік кеп килікті де, көңілді нілдей бұзды, ойнап қорғасындай ауырлатып жіберді. Бейтаныс біреу мұның пәтеріне телефон соғып, - өзің Ембіде болып па ең? Мұндай кәсіпшілігінде жұмыс істеп пе ең? – деп оқыс сауал берді де, Қабеннің диссертациясының өзгелер мақтап жатқан жақсылығына шүбәланғандай болды. Бірақ кім екенін, аты-жөнін айтқан жоқ.

Бұл – біреудің қоқан лоқысы ма? Әлде жасаған бопсасы ма? Сырт көзге солай көрінуі мүмкін ғой. Ал, Қабеннің басына мұндай ой жоламады. Телефон соққан адам есер кісі болмауы керек, Қабенді шошытайын деген ниеті де жоқ шығар; қойған сауалы орынды; кім де болса, іске жаны ашыған азамат болар. Қабен, міне, тек осылай ойлады.

Өндіріс саласына байланысты ғылыми еңбек жасау үшін өндірістің өзіне барып, ондағы жұмыстарға тікелей араласып, бүге-шігесін қалдырмай мұқият зерттеу керек. Ғылыми еңбек сонда ғана, шын мәнісінде, сыннан өтіп, суарылып шығады. Бұл – белгілі ақиқат. Қабен мұны біледі. Ол Ембінің мұндай өндірісіне келіп жұмыс істеген жоқ, бірақ, диссертация тақырыбына байланысты Ембіге бір-екі рет командировкаға барып қайтқан. Әрине, мұның аздық ететіні рас. Қабен бұны да біледі. Және оның жинап әкелген материалдарының негізінде диссертациясын жазып бітіргенше біраз уақыт өтті. Ал қазіргі техникалық өрлеу заманында жаңалықтар күнбе-күн туып жатады. Бүгін ғана ұсынған жаңа үлгіңіз ертеңіне-ақ ескіріп қала береді. Қабен өз диссертациясында тың ұсыныстар айтады. Бірақ сол ұсыныстары уақытына кешігіп қалмас па екен? Қабен мұны да ойлап қоятын. Енді мына бейтаныс адамның телефон соғып, тұтқиылдан қойған сұрауы Қабеннің сол ойын көсеп жіберіп, қоздатып кетті.

Қабен дүдәмалданады. Жан дүние әлемінде сезімдер тартысы басталады. Сол тартыс Қабенді біресе оң жағына қарай, біресе сол жағына қарай аудара жаздап, шайқалтады, бірақ, Қабен ілгері қозғала береді. Көңіліне күдік кіргенмен, бұрынғы сенімі мұны қолынан ұстап, алға қарай жетелейді.

Диссертация қорғалатын күні, ғылыми кеңес мәжілісінде Қабенді сол сенім мінбеге жетелеп шығады. Қабен тиісті өзін мүдірмей айтып шықты. Одан соң ғылыми жетекшісі, оппоненттері мұның диссертациясын мақтап сөйлеп жатты. Бірақ Қабеннің ойына кірген күдігі тарқамады, көңілді қобалжытты да тұрды. Бейтаныс адамның телефонмен қойған сұрағы есінен шықпады. Расында да Ембінің мұнай өндірісінде жұмыс істемеген Қабен, сол өндірісті бес саусағындай білемін деп айта ала ма? Жоқ, айта алмайды. Ендеше осы өндіріс жөнінде диссертация жазуы қалай? Қабенді қинай берген ой осы болды.

Бұған телефон соққан бейтаныс адамның кім екені де анықталды. Ол – атақты мұнайшы Сардар Сұлтанов боп шықты, Ембінің еңбек ері, әйгілі кісі. Ғылыми кеңестің мәжілісінде сөз сөйледі. Ол Қабеннің диссертациясын сынаған жоқ, Ембі мұнай өндірісінің бүгінгі жетістігін, еңбек технологиясындағы жаңалықтарды айтты да, өз көкейінде қорытылған пікірлерін алға тартып, ғалымдардың талқысына ұсынды.

Қабеннің күдігі де өзіне дәл осы арада айқындалды. Ол енді толқыған ойын азаматтық сезімнің еркіне бағындырды да, шұғыл шешім жасады. Ғылыми кеңес кешірім өтініп, диссертациясын қорғауды тоқтату жөнінде ұсыныс қылды. Оның бұл қылығына таңырқаған ғылыми жетекшісінің де, жақын достарының да сөзіне көнбеді, диссертациясын мәжілістің күн тәртібінен алдыртып тастады.

Ол мұны қорқып жасады ма? Жоқ, оның диссертация қорғауына жұрттың бәрі де тілектес боп отырған. Диссертациясы бекімейді деп қауіптенді ме? Жоқ, мұның диссертациясын ғылыми кеңес құптаған, қарсы айтылған пікір болмаған. Ол диссертацияны ойдағыдай қорғап та шығатын еді, мәртебесі де зораятын еді, кандидаттық дипломды алған соң, жалақысы да өсетін еді. Қабен осының бәрін де кейін ысырып тастады. Сардар Сұлтановтың сөзінен кейін диссертациясына көңілі толмады, олқылықтарын сезді. Еңбегін толықтырып, қайта жазуға бекінеді. Және бұл істі Ембінің өзіне барып, мұнай өндірісінің қайнаған ортасында жүріп жазуға аңсары ауады. Қабеннің осы шешімінен оның азаматтық сезімінің тереңдігі танылады.



19.А.Бақтыгерееваның «Наурыз» лирикасындағы ата дәстүрді аңсау, тарихи жадтың қайта оянуын сипаттап талдаңыз.

Ақұштап Бақтыгереева өзінің ғана емес бүкіл халықтың қалын қағазға түсіре білген тұлға. Ол қазақ халқы аңсап жүрген дүниені жазды. Сонымен қазақ халқы нені аңсап жүр екен?

Аяулы ақын апамыз бұл өлеңінде өз ойын көркем тілмен жеткізіп, Наурыз мерекесі суретінен, тарихтың тамырына терең бойлай алатынын байқатқандай. Наурызды бәріміз де асыға күтетіңіміз рас. Алайда бір кездері кесапат заманның кесірінен төл мерекемізді тойлауға тыйым салынған болатын. Сол кездегі заман шындығын бүгесіз жеткізе білген ақын апамыздың ойынан асқан батылдықты байқаймыз. Өлеңнің құрылысына, ерекшелігіне назар аударсақ, ұйқасы да, ырғағы да толық тиянақты. Шумақтағы ойды түйіндеп, қорытындылайтын нақты тұжырым айтылған. Шумақтың ырғағына, дауыс толқынының өзгеру ретінде ұйқас та, бірденбір сәйкес келіп отыр. Осының өзінен-ақ ақынның ұйқасқа, оны түрлендіріп, шумақ өрнегін ұстартып, жетілдіре түсудегі аса қажет құрал етіп пайдалануға қаншалық зор мән бергенін аңғарамыз. Жалпы алғанда «Наурыз» өлеңі өте шебер өрнектелген терең ойлы өлең. Ақұштап Бақтыгереева осындай сыршылдығымен, әуезділігімен, көркемдік қуаттылығымен тез арада оқырман қауымның жүрегіне жол тартты. Қаншама күткен наурызымыз ғой. Біз 1731 жылы Ресей құрамына кіргеніне байланысты біздің өз мейрамымызды өзімізге тойлатпаудан басталды. Содан арада 260 жыл өткенде, 1991 жылы тәуелсіздігімізді алдық. Сол тәуелсіздігімізді алған күні наурызды тойладық. Қыста көктемнің мейрамын тойлау біртүрлі естілгенімен, қазақтар үшін, наурыз мейрамын 300 жылға жуық уақыт сағынып, аңсап сабылып күткен адамдар үшін бұл үлкен қуаныш болды. Басынан бақайшағына дейін ұлттық киім киіп, ұлттық ойын ойнап, қазақ деген ұлттың бар екенін, оның әлі өрістейтінін дәлелдеді. Ақұштап Бақтыгереева «Наурыз» өлеңі арқылы осы уақыттар аралығындағы бар мұңды және бар қуанышты жеткізе білді.

Қорыта келе, дәл осылай Ақұштап Бақтыгереева халықтың атынан, бүкіл халық рухының атынан, қаза болған құрбандар атынан тарихи жадтың қайта оралуы туралы туынды жазып шығарды.



20.С. Елубаевтың «Ақ боз үй» шығармасындағы қазақ халқының басынан өткерген ашаршылық шындықтарын дәлелдер келтіре талдаңыз.



21.Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» шығармасындағы күйдің құдіреті мен күйшінің шеберлігін байланыстыра талдап жазыңыз.

Тахауи Ахтанов – дарынды жазушы. Жазушының баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі – «Күй аңызы». Осы шығармадағы күйдің құдіреті мен күйшінің шеберлігі қалай суреттелген?

«Күй аңызы» - өнер құдіреті жайлы терең дәріптеліп жазылған деп есептеймін. Күй аңызында өмірін өнер жолына арнап, елуге келгенше отбасын құрмаған Естемес күйші мен жас жігіт Оразымбет атты екі кейіпкер жайлы бейнеленген. Әсіресе, Естемес деген күйшінің ауыр қиыншылыққа толы өмірі туралы дәріптелген. Күй және күйші жайлы тебірене жырлайды. Осы әңгімедегі екі кейіпкер ел аралап жүріп, жалғыз ғана үйлі ауылға кез болады. Жапан даладағы үйдің иесі жарлы жан. Жалғыз нарынның ботасы өліп, желіні тондырдай кепкен. Келіп кеткен жолаушыларға тек қана су ұсына алатын еді. Үй иесі өте қарт, жасы келіп қалған, дене бітіміне қарасан аяп кетесің. Себебі, жүдеу келген үстіндегі киімі жамау келген. Бұл шаңырақтың төріне мойын бұрған Естемес күйші еді. Ол сол өңірге аты шыққан даңқты күйші ретінде елге кең жайылған. Ол өзімен бірге Оразымбет деген адамды серік қылады. Жолсеріктің қасында ұзақ уақыт бойы жүргендігінен өте сақ, жұмысқа икемді адам деп санайды. Сол себептен атағы шыққан мықты күйші шығарына сенім білдірген. Және де, «естіп келе жатқан күйлерінді үлгі етіп келе жатқаның дұрыс, ал менің өмірімді үлгі етпеуге тырыс» деп өзінің ақыл-кеңесін айтады. Бұлай айтуынын себебі Естемес күйшінің ауыр тағдыры, өз көкірегіндегі зары, алдамшы бір үміт сәулесіне сенуі баяндалғаны деп санаймын. Осы күйшінің жапан даладағы үйге бас бұрғанын айта кетсем, ол уйде тұрмыс жағдайы төмен қария және бойжеткен қызы тұратын еді. Бойжеткен арудың есімі Жаныл болатын. Ол бойжеткенде қариямыз секілді жүдеу тартқан, жұпыны киінген. Сондықтан жастық салтанаты мен әдемілігі көрінбей қалған. Үй иесі Естемес күйшіге қолқа салады. Күй құдіретімен нарды идіріп көрмек ойларын білдірту үшін «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салындар»-деген сөзбен білдіртуге тырысады. Сөйтіп Естемес күйшінің күйі нарды идіргенімен, жас Оразымбет күйші күйді жалғастырғанда ғана нардың сүті шелекке саулай жөнелді. Осы арқылы Тахауи Ахтанов күй құдіреті мен күйшінің шеберлігін жеткізеді.

Қорыта келе, осы шығармадағы күйдің құдіреттілігі соңшалықты нардың өзін идірген. Осыған қарап отырып күйшінің әрбір күйді жеткізе білетіндігін көре аламыз.



22.Тұрмыс-салт жырларындағы әдет-ғұрыпқа байланысты жазылған жырлар қазіргі таңда көрініс таба ма? Өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.

Қазақ фольклорында тұрмыс-салт жырлары ауыз толтырып айтарлықтай көп. Олардың арасында әдет-ғұрыпқа байланысты жазылған жырлар жетіп жатыр. Сол жырда айтылған әдет-ғұрыптар қазіргі таңда кездеседі ме?

Тұрмыс-салт жырлары – қазақ халқының әдет-ғұрып салт-жораларына байланысты туындаған өлең жырлар. Нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, тағы да басқа дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді. Әдет-ғұрып – белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжымас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы, қазақы әдет-ғұрыптар көшпелі тұрмыстың дәстүрлі дүниетанымынан бастау алады. Табиғаттың еншісіне бөленбеген сахара жұрты өзін қоршаған ортаның ажырамас бір бөлшегі ретінде сезініп, жарық дүниенің жалғыз жаратылысы – Тәңірге табынған, көк аспан – қара жердің киесін қастер тұтып, ата-баба аруағына сиынған. Осы түсінік дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениеттің алғышарты әдет-ғұрыпты адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізгі реттеушісі ретінде қалыптастырады. Ол, негізінен жеке тұлғаларды белгілі бір әлеуметтік және мәдени танымдарға үйретіп, оны ұрпақтан ұрпаққа таратуға жәрдемдесті, жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың мінез-құлқын тәртіпке келтіріп қана қоймай, қауымішілік тұтастық пен ұлттық мүдделікті нығайтуға септігін тигізді.

Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Қазіргі кезде де біраз әдет-ғұрыптар қолданылады. Қазіргі кезде жаңа үйге кірген кезде үйді аластау әдетке айналған. Сонымен қатар қазіргі уақытта аузына түкіру, бие байлау, шашу шашу, тұсау кесу, аяғына жығылу, айдар қою, сәлемдеме, енші, сүйінші, сыралғы, тоқым қағар, сыбаға секілді әдет-ғұрыптар қолданылады.

Қорыта келе, тұрмыс-салт жырларындағы әдет-ғұрыпқа байланысты жазылған жырлар қазіргі таңда көрініс табады. Уақыт қанша құйылсада қазақы әдетғұрыптарымыздан айрылмасақ, нұр үстіне нұр болар еді.

23.Махамбет жырлары – асқақ рухтың үні. Ойыңызды нақты дәлелдермен талдап жазыңыз.

Махамбет-халық арасында келеңсіз құбылыстарды,келелі істерді өлеңіне арқау еткен өр рухты,асқан ақындығына қалың жұртшылық бас иген ақын.Ақын өлеңдері – саяси бағыт.Менің ойымша,Махамбет ақын өзгеде жоқ,өзінде ғана бар құдіретті қасиетімен батырлар тарихында да,ақындар тарихында да жарық жұлдыздай жарқырап жеке тұратын теңдесі жоқдара да,дана тұлғада екі арман кетті,біріншісіелдікғекіншісі-ерлік.

Елдік –қай дәуірдің болмасын асыл үні.Махамбет жырларында егілу,сарнау,зарлау сарыны жоқ.Отаршылдық тәртібі бұғау болып басқакиілгенімен,одан құтылып шығудың реті жоғын көрсе де Махамбет, егілмейді.Бұғауға көнгісі келмей бұлқынады.Жалаулы найза алып,жау тоқтатар күнді аңсайды.Елдік аманы сол-тар қапасқа тап болған халқын еркіндікке жеткізе алмады.Халқын тәуелсіздікке жеткізу жолында ақынның асқақ рухын:

“Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім”-деген жолдардан айқын көруге болады.Ақынның барлық дерлік өлеңдері бостандық пен әділдікті жақтайды,халқына рух береді. Дауылпаз ақынның ерлік арманы сол-ата жаумен қан майданда айқасып,қаруын қапысыз сілтеп,қан кешіп жүріп мерт болмады,бұғып келген қарақшының қолынан қапыда кетті.Осы орайда ақын Сағат Әбдуғалиевтің мына бір өлең жолдары есіме түседі:

“Бөрілермен бөрілерше белдескен,

Сен менен бақыттысың,Махамбет!”.Демек,елі үшін айқасқан ақынның еш арманы жоқ.

Қорытындылай келе,ғасырлар,жылдар алмаса келе талай оқиға көмескі тартары заңдылық.Ал Махамбеттің ісі мен жырларына ондай қауіп төнбек емес.Оның өлең ағыны-өмірдің өзіндей тоқтаусыз.Ақынның жыр-толғауы бір кезеңнің баяны ғана емес,күллі адамзатқа тән азаттық пен теңдіктің өшпейтін ұраны.Махамбет сонысымен мәңгілік.



24.Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» шығармасында бас кейіпкердің алыс жолдың азабына қарамастан шекара асып келуі. Ойыңызды талдап жазыңыз.

Өткен ғасырлар қазақ халқы үшін оңай тимеген кезеңдердің бірі болған. Патша өкіметінің қазақ халқына азап көрсетіп, бір түйір азығына дейін тартып алып кетіп, тыныштығын бұзған. Ол қорлыққа төзбей шекара асып кеткен қандастарымыз сансыз, тіпті күні бүгінге дейін тұған жеріне сағянышы жол салып оралып жатқандары қаншама. Сол ғасырлардағы ауыр кезеңді Қабдреш Жұмаділов Қаздар қайтып барады шығармасында тамаша сүйреттей білген. Менің ойымша ақын өз шығармасында адамның тұған жеріне деген махаббатты, сағынышы оны қандай болсын сынақтан құламай өтуіне арқау болады. Дәл осы сезім Қабдреш Жұмаділовтың #Қаздар қайтып барады» шығармасында, кезінде бір атын өкіметке қимай тұған өлкесін тастап отбасымен шекара асып кеткен шалдың қырық жылдан кейін өз еліне оралуына дәм болады.

Тұған жердей жер болмас ,тұған елдей ел болмас#деп бабаларымыз бекер айтпаған. Барлығынан, отбасынан, жалғыз жапырақ немересінен айырылып, өзге елде сыймай кеткен шалдың қырық жыл бойы кеудесін тесір бара жатқан арманы оны алыс жолдың азабына, сынағына төзіп, тұғаа жеріне қайта оралуына жол салады.Шіркін, адам баласы қиналғанда тәніне де, жанына да сая болатын тұған жерінің топырағы, жусанының иісін иіскеп, ауасымен тыныс алу ғой. Жолындағы Етікшінің асуы да, аш қасқырдың қызыл көздеріде, сыздатып ауыртып жатқан тәні де, шалдың #Тұған жерімді бір көрсем екен#деген үмітін тұншықтыра алмайды, бұл дегеніміз атамекенге деген сүйіспеншіліктен, махаббаттан, сағыныштан тұған күш қайрат.Ауылына келгенде шал бар өмірін көз алдына келтіреді, жеті жасынан мінген аты, бірге ойнаған құрбы~құрдастары, әкесі келеді. Сол кезде шал нағыз бақытын табады, не жыларын, не күлерін білмей кеудесін керемет күй билейді.

Қорытындылай келе.

Апырай! Тұған жер-ай!

Теңдесер кім

Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.

Кіндігімді байлаған қазағым-ай

Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім-деп ақиық ақындар жырлағандай кіндік қаның тамып, туып өскен мекеніңді табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көрүге хақылымыз.Тұған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Тұған жер бәрімізге ыстық.Тұған жердің шұқыры, ағашы, құмы бәрі де сен үшін асыл дүние.Сондықтан да, оған әлем де ешбір жер теңгергің келмесі белгілі.

25.Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасындағы бала Тұрардың бойындағы қайсарлық мінез қазіргі балалардан көріне ме? Нақты дәлелдермен салыстырып жазыңыз.

Бала-болашақтың кілті.Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше мән берген.Баланы жастайынан неге баулысаң,өскенде соны дамытуға ат салысады.асты Тіпті,ақынжазушыларымыз да бала тақырыбын өз шығармаларына арқау етті.Қазақ әдебиетінде балаларға арналған тың туындылар көптеп кездеспейді.Соған қарамастан аз да болса сапалы туындылар ақын-жазушылардың шығармаларынан табылады.

Соның бірі-Шерхан Мұртазаның «Тұтқын баласы”. “Қызыл жебе” романынан үзінді ретінде баршаға таныс.Басты кейіпкер-Тұрар.”Тұтқын бала” шығармасы арқылы ақынның ойы қандай?Әкеге,тегіне деген ізеттілікті осы шығарма арқылы қадыр-қасиетіне жетеміз бе?

Әкесін құтқару мақсатында барлығына көнуі екінің қолынан келе бермесі анық.Қанша қорлық көрсе де ,әкесінезиян тигізгісі келмейді.”Ана тезекті бір бүйіріні қалдырмай қолыңмен салып,тіліңмен жалап,тез ауланы тазарт!У-у,бандит!”,-осындай секілді қаншама сөз естісе де берілмеді.ӨЗге бала болса не істер еді?Түрме маңына келмей кетуші еді.Міне,Тұрардың басқа балалардың айырмашылығы осында.

Әкесі бандит болғандықтан,көп ешкім жақтыра қоймады.Бірақта,бала білімге қатты құштар еді.”Әттең,Аркашаның орнында мен оқыр ма едім,кітаптан бас алмас едім”,-деп,бала қиялға беріледі.

Оқу мақстаныда ол ол өз тегін жасыруға да мәжбүр болды.Амал не? Оқу керек болғасында.Баланың құштарлығы оны әп-сәтте оқуды үйретті.Қатарының алды болды.Бірде,Мерке учаскесінің тергеушісі келгенде,көзге ерекше түсті.Семашко мырзаның тілмашы қызметін атқарды.

Оқу бітті.Диплом алар сәт.”Мына өз куәлігімді былай толтырдым.Менің шын аты-жөнім.Каторгаға кеткен әкемнің алдында мәңгі қара бет болмас үшін осы әрекетке бардым”-деген сөзі ерекше әсер етеді.Біршама жыл уақыт өтсе де, тегін ұмытпады.Мен бұл сөзді ата бабаға деген құрметі ретінде танимын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет