1. М. Дулатов пен А. Байтұрсыновтың Алаш азаттығы жолындағы ерен достығы мен шығармаларындағы үндестікті дәлелдеп жазыңыз


Мұқағали Мақатаевтың «Қайырлы түн», «Мен



бет3/12
Дата04.12.2019
өлшемі3,96 Mb.
#52984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
50 esse Alash


26.Мұқағали Мақатаевтың «Қайырлы түн», «Мен

таулықпын»өлеңдеріндегі ұлттық бояу мен дала сипатын талдап жазыңыз.

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері сыршыл да өршіл болып келеді. Бұндай ауыр жүкті беліне алатындай бұл өлеңде қандай құдірет бар? «Қайырлы түн», «Мен таулықпын» өлеңдері бұл қатарға кіре ме? Бұл талқылауды қажет ететін мәселе.

Өлеңнен бар ғаламға, жер анаға, ақ аспанға, қойлы ауылға, ғалымдарға, бар тіршілікке тыныштық тілеп, түннің қайырлы болуын қалаған тіршілікке іңкәр ақынның өлеңі естіледі. Алғашқы шумақтарында ақын табиғатқа жан бітіре суреттеп онымен ашық сырласып, нәзік лирикаға жол берсе, өлеңнің орта тұсында ақынның позициясы көрініп азаматтық пафос жоғарылай түседі. Осылайша өлеңнің басты идеясы айқындалады. Ол – бейбітшілік, тыныштық идеясы. «Қайырлы түн» өлеңі осылай суреттелген. Автор «Мен таулықпын» өлеңінде тау деген алып жүрек екенін, киіктің сүтін ішіп ержеткенін, таудан жаратылғанын, табиғаттан нәр алғанын, өзінің тау ұлы екенің нақты ұйқаспен өрнектеп жазған. Ең соңында «қыранның қанатынан ұстап алып ұшып кетсем ғой» деген ой тастап кетеді.

Бұл өлеңдерден мен екі түрлі әсер алдым. «Қайырлы түн» өлеңінде ақын бүкіл қазақ жұртына қайырлы түн тілейді. Ал «Мен таулықпын» өлеңінде ұлттық сананы көтеретін, намысты шыңдайтын қанатты сөздер айтылады. Бұл екі өлеңдеде дала сипаты терең бояумен қалыптасқан. Өлеңдердің негізгі ұйытқысы ретінде табиғат пен дала бейнесі негізге алынған. Содан соң автор соларды суреттеу арқылы, өз патриотизмімен қатар ұлттық бояуды негіздейді. Табиғатпен қатар табиғаттағы ауарайы құбылыстарын, жануарларды, бәрін-бәрін суреттейді. Идеологиялық тұрғыдан қарағанда өлеңнің мақсаты айқын, бағыты бөлек. Мұқағали Мақатаев бар сұлулықты суреттеген.

Қорыта келе, Мұқағали Мақатаев өзінің «Қайырлы түн» және «Мен таулықпын» өлеңдерінде ұлттық бояумен дала бейнесін нақышына келтіріп сипаттаған. Қазақтың барлық ақын-жазушылары осындай қарқынмен, осындай идеологиямен өлең жазса, қазақ әдебиеті біршама деңгейге көтеріледі.

27.М.Шахановтың «Танакөз» поэмасындағы ұлы достықты дәлелдермен талдай отырып, қазіргі замандағы достық үлгісімен салыстырыңыз.

Мұхтар Шахановтың өлеңдері мне поэмалары өте көп. Солардың бірі де бірегейі – Танакөз поэмасы. «Танакөз» поэмасының басқа поэмалардан даралап тұратын қандай ерекшеліктері бар? Бұл талдауға тиіс мәселе.

Мұхтар Шаханов өлеңдерінің әрбір

жолы жігеріңді жандырып, рухынды асқақтатады. Ақынның өлеңдерінде

күрескерлік сарынмен бірге, адамзат өмірінің ағысын білдіретін, табиғаттың даму заңдылықтарын бейнелейтін, ойшыл өлеңдері бар. Шындықты, ақиқатты тануға шақыратын ақынның «Танакөз» поэмасы шынайы достық, адал махаббат, қайырымдылықты дәріптейді. Ақын қазақ халқының болашағы үшін жаны ауырып, қанатымен су сепкен қарлығаш секілді игілікті іс тындыруға, еліне жақсылық жасауға ұмтылған. Ақынның адамгершілік пен адал достық нысанасы болған осы идеяны жүзеге асыру бағытындағы шығармасы – «Танакөз» поэмасы. Бұл поэма қазақ жастарына, сол арқылы бүкіл қазақ ұлтына түзу бағыт сілтеді. Шынайылықты, адалдықты, ұлы достықты дәріптеген бұл шығармасында ақын жалаң насихаттың жетегінде кетпейді. Мұхтар ақын үшін байлықтың үлкені, оның ұғымындағы ұлы достық оп оңай қол жеткізетін нәрсе емес. Адамгершілігі мол кемел адам болу үшін ең алдымен адамға тән бірқатар ұлы достықты бойына жинақтай білуің шарт. «Танакөз» поэмасы осы ретте көпшілікке ғибратты бағыт сілтейді. Және де осы қасиеттердің әрқайсысының адам өміріндегі мән-маңызың түсіндіреді.

Поэма достыққа деген адалдықтың биік үлгісін көрсетеді. Ақын замандас өмірін әр қырынан суреттеп кейіпкерлерінің болмысынан ұрпаққа өнеге болар ой түзейді.

Поэма адамдардың тағдыры, мінезі, кейіпкердің ой-толғанысы арқылы ашылады. Ақын лирикалық қаһармандарының рухани биіктігіне сүйсіну арқылы оқырманнын да достық пен махаббаттың ұлы қасиетіне үнілуге шақырады. Басты кейіпкерлердің өмір сүрген ортасымен соғыстан кейінгі шындығы, әкеге деген сағынышы мен анаға деген құрметі, бір-бірінен жан аямас үш достың қарым-қатынасы аясында шығармада сәтті көрініс табады.

Қорыта келе, Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасы қазақ поэзиясының озық үлгісі ретінде әдебиетіміздің алтын қорына енді.



28.Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңіндегі сезім сырларын талдай отырып, өзіңіздің анаға, туған жерге деген сағыныш сезіміңізді жеткізіңіз.

Қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған, болмысы бөлек, рухы асқақ ақындардың бірі -Мағжан Жұмабаев.Тарихтан уақытша аты жойылсада халқының жүрегінен мәңгілік орын алған.Ол-лирик, ол-ақын, ол-эпик... Жинақтап айтар болсақ, сегіз қырлы бір сырлы аса ірі тұлға.Екі дүние аласапыран болып тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздіктің жақындағанын сезеді.Дегенмен оған жету оңай емес.Сенімінен гөрі үміті басымырақ ақынның осындай көңіл күйде жазылған өлеңдерінің бірі Сағындым.Өлең абақтыда отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді.

Қабырғасы қара тас абақты іші қара көлеңке.Кіп кішкене терезеден келіп жететін жарық та таза ауада шамалы.Осындай тар қапаста отырған ақын сары даласын, алыстағы апасын, туған елін, құрдастарын сағынады.Соңғы сағынары бостандық.Бостандықта өткен күнді сағындым, желдей зулап өткен күнді сағындым деп адам баласының еркін өмір сүруін аңсайды.Мұңнан гөрі жеке адамның көңіл күйіндегі кейбір толғанысты сәттердің суреті басымырақ.Мағжанның ұлтына деген махаббаты сезіледі.Алаш үшін не көрседе,ұлты үшін өлгені өзіне атақ екенін жеткізеді.Ертеңгі болашақтан зор, қиындықтың артында азат күндердің келеріне сенімі мол.Өлеңнен мейірімділік, қайсарлық, қайтаттылықты сезінуге болады.

Ана, туған жер, халқың әркімге болсын қымбат шығар сірә!Менің пікірімше қимас жандар сонда болғандықтан.Ойнап күліп өскен жер болғаны үшін.Туған жердің қадірін жырақта жүрсең түсінерсің демекші оған деген сағынышыңды сөзбен жеткізу қиын.Өмірдегі аяулы жан ол -ана. Бізге мейірім мен махаббат, жарық дүние сыйлады.Ол сезімдерді өмір бойы бағалап, аяулап өтуіміз керек.



Жалпы алғанда Мағжан Жұмабаевтың Сағындым өлеңі адам жүрегінің мың сан жүрегін шеберлікпен бейнелеген жауһар дүние.

29.Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятындағы Шұғаның трагедиялық халіне кім кінәлі? Өз ойыңызды нақты дәлелдермен жазыңыз.



30.Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында «Мәңгілік қазақ» бейнесі сомдала ма? Дәлелдеп жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет