8.Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық рух, ағартушылық-демократтық
сарынды талдап жазыңыз.
Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Ол
қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі ақындарының бірі де бірегейі. Абай Құнанбайұлынан
үлгі алып, шығармалары мен өлеңдерін де үлгі тұтқан болатын. Алғашқы өлеңдерінің
бірін «Алтын хакім Абайға» деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше
құрмет тұтқаны сезіледі. Ол өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз
мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынай жазды. Елін
білім алуға,өнер үйренуге шақырады. «Жазғы таң», «Өнер-білім қайтсе табылар»,
«Қазағым» , т.б. өлеңдерінде ақын сол тақырыптарды талқылайды. Мағжан
Жұмабаевтың ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасына ел мен жер тағдырына
алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін, халқын сүйді, туған жерін жүрегіне
жақын тұтты. Ол:
Басқа жүрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр, -
дей келіп,қазақ арасында мұндай ұмтылыстың жоғына қынжылады. Байлар да,
оқу оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр. Халықтың жайына
алаңдайтын ешкім жоқ. Оқудағы шәкірттерге де дұрыс білім берілмейді. Қыз
балалар малға сатылуда. Халық ішінде өзара дау-жанжал көп. Міне, Мағжанның
өкініші осылар еді. Осы мәселелердің бәрін өз өлеңдерінде қынжыла жазады және ол
өлеңдерінде заман шындығы, халықтың басынан өткен қиыншылықтарды ойға алу
арқылы түсіндіреді.
Ақын айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты, жолбарыстай
қайратты» қалыпта көргісі келді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш –
жастар. Сондықтан Мағжан үшін жастардың орны бөлек. Өзінің «Мен жастарға
сенемін» деп асқақтаған өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың
бойынан қайсарлық пен күштілікті, таза жүрек пен шыншылдықты, азаматтық рух
пен туған жерге деген махаббатты көреді және соған мақтанады. Ақын нені
жырласа да ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жырлайды. Сол себепті де
оның өлеңдері сырлы, сазды, көркем.
Міне, ақын барлық өлеңдерінде, жоғарыда айтып өткенімдей, сол кездегі
мәселелерді көтеріп ең бірінші халқын ойлап жазады.
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
9.С.Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз
көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
Қазақ әдебиетінде өзінің сыршыл өлеңдерімен артына өшпес із қалдырған
ақындардың бірегейі - Сәкен Сейфуллин. Оның лирикалық шығармалары оқырман
қауымды адалдыққа, нәзіктікке жетелейді. Сондай өлеңдерінің бірі - «Сыр сандық»
өлеңі. Ендеше, ақын нағыз досқа қандай қасиеттер тән деп есептейді?
Ақын өлеңде адал достық пен амал достықтың ара жігін ажыратып, тілге
тиек етеді. «Шырқ айналар шіркін тауық, Жемің болса қолыңда, - деп, уақытша
достарды тауыққа теңеп, қолында жемің болса ғана сенің қасыңда болатынын, ал,
жем таусылса жалт беріп жоқ болатынын айтады. Мұндай алдамшы достар
қазіргі уақытта да кездеседі. Атқарған қызметің, лауазымың жоғары болса немесе
қолыңда қомақты қаржың болса, амал достардың сені айналшықтайтыны анық.
«Әр адамның ішкі сыры, Берік қойма сақталған»,- дей келе, нағыз достарды
берік қоймаға теңейді. Менің ойымша, олар бір-біріне айтылған сырларын өз
іштерінде ғана сақтайды. Құпияны сақтай білу әр адамның қолынан келе бермейді.
Ендеше, ақын адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың
ара жігін аша жазып, адам үшін құнды байлық – достықты жан-жақты дәріптеп
жырлайды. Мұндай адал достар қазіргі таңда санаулы. Себебі, басыңа іс түскенде
иық тірейтін, арқа сүйейтін досың болса, өмірде кездесетін қиыншылықтарға бірге
төтеп беріп, небір белестерді бағындыра аласың. «Нағыз достар –Шыққанбық дос,
шыңға талай, Талай сырды ойланып...» деген тармақтарын сөзіме дәлел ретінде
айта аламын.
Қазіргі қоғамда адал дос пен арам досты ажырата білу қажет. Өзгеге мін таға
бермей, өз бойыңда нағыз досқа тән қасиеттерді қалыптастыра білу - ізгі қасиет.
Нағыз досқа тән қасиеттер деп адалдықты, құрметті, сыйластықты айтар едім.
Қазақ халқының болмысында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани өсиет
бар. Ол - достыққа беріктік, адалдық.
Қорыта келгенде, С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі арқылы бізге достықты
дәріптеп, оны бағалауды үлгі етті. Ендеше, досымызға адал болып, достығымызды
сақтай білейік!
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
10.Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұға мен Әбдірахманның
арманына жете алмаған трагедиялық халін сипаттап жазыңыз.
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі де бірегейі —
Бейімбет Майлин. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз
дәуірінің шындығын, қазақ елінің, әсіресе ауыл адамының санасындағы өзгерулер мен
жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделі оқиғаларын, әлеуметтік өмірдің
шытырман қайшылықтарын көрсетті. Кеңестік заманның алғашқы жиырма жыл
ішіндегі қоғамдық құбылыстардың еңбекші адамға тигізген әсерін, қазақ халқының
ғасырлар бойында қалыптасқан тұрмыстық, салттық болмысының, шаруашылық,
кәсіптік негізінің жойылып, оның орнына жаңа қүрылымдардың табиғи орын теуіп
болмаған кезеңінің сыры мен мұңын шебер суреттеді. Сондай шығармаларының бірі –
«Шұғаның белгісі». Повесте ең өткір мәселе – әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада
бірін бірі сүйген екі жастың – Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған
трагедиялық халі айтылады.
Шұғаның әкесі Есімбек бай қызын кедей жігіті Әбдірахманға бергісі келмей,
жастардың кездесуіне тыйым салады. Бұдан кейін түрлі жаланы сылтау етіп,
Әбдірахманды жер аудартады. Осындай қатыгез зорлыққа душар болған Шұға
қайғыдан, күйіктен қайтыс болады. Повестің мақсаты — жастардың бас
бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау…
Жастардың бас азаттығын көксеу, бүған кедергі келтіретін әдеттерді батыл
таңбалау — XX ғасыр басындағы демократиялық қазақ әдебиетіндегі басты
сарындардың бірі еді. «Шұғаның белгісі» повесінде оқиғалық өрілімдер, кейіпкерлердің
мінездемелері, диалогтер, сезім, көңіл күйлері Қасым деген адамның әңгімесі болып
беріледі. Мұндай әңгімелеу мәнері халық прозасының қалыпты баяндау тәсіліне
жақын. Бірақ қаһармандар мінезі мен әлеуметтік жағдайды талдау шығарманың
реалистік жазба әдебиет дәстүрінде жасалғанын көрсетеді. Шұғаның да,
Әбдірахманның өздеріне тән және дара сипаттары танылады. Шұға — айтқан
сертіне берік, сезімі мөлдір, пәк махаббатты қастер тұтатын жан. Ол өмір
күресіне түсіп шыныңпаған, зорлыңңа ңарсы көрсетер дәрмені жоқ, озбырлыққа
деген наразылығын ішінде сақтайтын биязы мінезді қыз.
Оның мүндай халі Қасыммен арасындағы төмендегі диалогтерден айқын
көрінеді:
«- Жайың қалай, тәуірмісің?
— Тәуір емеспін, — деді. Көзіме көзі түсіп кетіп, қамыққандай болды… — Тәуір
емеспін. Тәуір болуды тілемеймін де. Сәлем, сәлем айт, — деді. Жылап қоя берді.
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
Жастығының астына тығылған орамалымен көзін сүртті.- Тірі келсе, көресің ғой,
бірақ мен…
— …Бәріміз де көреміз. Ажарыңыз тәуір ғой, жазыларсыз, — дедім.
— Жазылып керегі не? Бәрібір мен баңытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің
дертім жанына батқан соң аяп отыр. Ертең сауықсам, қайта күйсеуден
тайынбайды…»
Шұғаның бұл сөздерінен сүйгені Әбдірахманнан айырылуды өмірге деген үміт
отының сөнгені деп санайтындығы сезіледі.
Қорытындылай келе, «Шұғаның белгісі» — жастардың теңдік, еркіндікті аңсап,
әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген
шығарма.
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
11.С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасында Сұлушаш пен Алтай арасындағы
ғашықтық сезім арқылы ақынның махаббатқа адалдық туралы ойын талдап
жазыңыз.
Әр ғылымның белгілі бір кезеңі жасаған жаңалығымен есте қалады. Әдебиет
тарихына да өзгеше бір серпін мен жаңалық әкелген Сәбит шығармалары, соның
ішінде «Сұлушаш» еді. Себебі, өзі көрген, сезінген, жүрегінің түбінен терең орын
алған нәрселерінің бәрін маржандай етіп тізіп, поэмаға енгізген Сәбит үлкен мадаққа
ие. Сондағы Сәбиттің «Сұлушаш» поэмасын жазудағы мақсаты неде? Сұлушаш пен
Алтай арқылы өзінің махаббатқа деген адалдығын жеткізу ме?
Поэманың басты кейіпкерлері – Сұлушаш пен Алтай екі түрлі әлеуметтік
ортадан шыққан. Олар бір-біріне ғашық болады, бірақ қоғамдағы салт-сана тәртібі
екеуінің қосылуына жол бермейді. Сұлушаш байдың қызы болса да, оның кедейлігін
мін санамай, оның адамгершілік қасиетін бағалайды. Мұның өзі С.Мұқановтың өз
өміріне тым қатты ұқсайды. Сәбит те сіңірі шыққан кедей отбасымен шығып,
өзінің еңбекқорлығының, бейнетқорлығының арқасында оқуымен алыса жүріп,
биіктерден көрініп тарихта аты қалған Сәбитке айналды. Ал, Сұлушаштың
поэмадағы прототипі – әйелі Мариям. Шығармада Сұлушашты суреттеуі өмірдегі
Мариямға қатты ұқсайды. Себебі,Сәбит екеуі қанша қиыншылық көріп, барар жері
болмаса да мойымайды. Әйелі Мариямның айтуы бойынша, ақынның әйеліне жиі
айтатын сөзі «шашыңнан айналайын,Мариям» болушы еді. Сәбиттің әйелімен қырық
жылдан аса бірге өмір сүруі мен осы поэманы негізге алсақ, Сәбиттің махаббатқа
кіршіксіз адал екенін байқауға болады.
Армандарына жету жолында жастар көп қиындық көрді. Озбырлардан қанша
қысым көрсе де, олар өз сезімдері жолында бастарын тәуекелге байлайды.
Махаббатқа адалдық - оларды неге болса да тайсалмай қарсы тұруға жетелейді.
Алтай мен Сұлушаштың озбыр топтан қашып шығып, қол ұстасып иесіз тауда
паналаған кездерінде, ашығып-торыққанда, оларға осы сезім қуат берді. Әлеуметтік
теңсіздіктеріне қарамай бір-бірін ұнатып, махаббаттарына берік болған екі
жастың бақыты баянды болмай, екеуі деқашып жүріп мерт болғаны қандай
өкінішті. С.Қырабаев: « «Сұлушаш» махаббат тақырыбына жазылған шығарма
емес,үлкен саяси әлеуметтік туынды»,-деуіне, бәлкім, келіспеуіміз де мүмкін. Бірақ,
сол кездердегі тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермеген қоғам мен заманды негізге ала
отырып, ақын шынайылық пен махаббатты көрсете білді.
Қорытындылай келе, «Сұлушаш» поэмасында автор әлеуметтік мәселелерді, екі
ғашықтың махаббат жолындағы трагедиялық тағдырын, олардың арасындағы
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
ғашықтық арқылы махаббатқа адалдық пен ардың тазалығын суреттейді. Сонымен
қатар, ақын жазған поэмасы арқылы өзін Алтай санап, Сұлушашына-Мариямға деген
мөлдір махаббаты мен оған адалдығын жеткізе білді.
12.Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы автордың характер
жасаудағы шеберлігін Игілік бейнесі арқылы дәлелдеп жазыңыз.
Кеңестік дәуірде кең өріс жайған, көпжанрлы, биік профессионалды қазақ
әдебиеті шеберлерінің алғы шебінде Ғабит Мүсірепов есімі аталады. Оның
қаламынан көптеген қызықты әңгімелер, очерктер, новеллалар туды. «Оянған өлке»
романы – жазушымыздың проза жанрындағы алғашқы күрделі еңбектерінің бірі. Осы
романдағы неғұрлым анығырақ көрінген Игіліктің бейнесін сомдаудағы ақынның
шеберлігі қандай?
Жазушы Игілік тұлғасын мүсіндеуге айрықша көңіл бөледі. Қыруар малы бар екі
байдың тар жерге тығыла қонып жатқанын көрсетіп, шиеленістің үстінен түсіру
шынында да тиімді тәсіл. Күш теңесіп, ерегіскен байлар мінездік ерекшелігімен
көрінбеуге реті жоқ. Авторлық баяндаулардан Игіліктің мән-жайын білеміз. Оның
екі баласы екі жерде болыс екені, Игіліктің он екі мың жылқысы бар екені айтылады.
Бұдан кейін де жазушы кейіпкердің өмірін, мінезін ашарлықтай мәлімет, деректі әр
жерде толықтырып, үстемелей баяндайды. Автордың айтуынан Игіліктің тағы бір
сырын танимыз. Оны автор: «Игілік жұрт көзін сүріндіретін істерді істеп салатын
да, өз басы оған мән бермейтіндей көрінгісі келетін»,-деп суреттейді. Сонымен
қатар ол өзінің байлығы мен салтанатын жүрт мақтағанды ұнататын, бірақ
сырттай белгі бермейтін адам. Жалпы алғанда, жазушының Игілікті өз тарапынан
мінездеуі едәуір орын алады. Сондықтан да мұны суреткердің характер жасаудағы
жүйелі тәсілі деп айтуға болады. Игілік тұлғасы өте қомақты, оның сөйлеуінен де
өзіндік өрнек бар. Осының бәрі қосылып келгенде, жазушының қаһарманды даралап
көрсету үшін көптеген сурет мүмкіншіліктерін пайдаланғанын аңғарамыз.
Қорытындылай келе, «Оянған өлке» әдебиет жұртшылығынан жоғар бағаға ие
болған. Шынында, бұл романнан жазушының суреткерлік шеберлігі арта түскен, өте
қиын тақырыпты меңгеру үшін көп іөзденгені анық аңғарылады. «Оянған өлкенің»
басты селкеуі, меніңше, құрылыстық, сюжеттік жүйелік жағында. Ал сюжет –
автордың алған тақырыбын, идеясын, образдар жүйесін, жалпы жарияламақ болған
мұратын қаншалық екшеп, талғап, болған-болмағанын байқататын таразы.
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
13.Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батырдың
ерлік істерін талдап жазыңыз.
«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Қасым Аманжоловтың ,,ғана емес, бүкіл
қазақ поэзиясының жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға
жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсетен ерлігі арқау болған. Ақындық
дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен.
Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір
үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла
жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды,
көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінәнді кешеміз"
деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді.
Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен
бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады.
Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев: "Жау қоршауында жалғыз
калып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар
шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге
лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады", – деп
жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын
образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін
көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік
азамат кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі.
Қаһарманның ішкі толғанысы ширыға келе, қаһарлы кекке, жан ашуына
айналады. "Намысты ұлан аласұрып" жау тобына автоматтан оқ жаудырады. Екі
жақ та өшіге өршеленеді. Осы бір өлім мен өмірдің күресін ақын зор ақындық
буырқаныспен суреттейді:
Қара толқын орман шашын
Жұлды талдап снарядтар.
Мәңгі мекен көл жағасын
Тастап, суға сүңгіді жар.
Қорытындылай келе, «Ақын өлімі туралы аңыз» Абдолла Жұмағалиевтің
батырлығы арқылы жас сарбазды жігерлендіру, өр рухты Отан қорғаушысы болуға
дәріптейді. Абдолла жалғыз өзі қалса да жігерленіп, ақтық демі, қасық қаны
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
қалғанша тұрды. Ерлікпен қаза тапты. Ол артындағы бауырлары мен қандастары
үшін соңына дейін барды, өзін құрбан етті.
14.Ә.Тәжібаевтың «Портреттер» поэмасындағы лирикалық қаһарман
тұлғасын талдап жазыңыз.
Үздік шығармалар беріп, әлемдік даңққа бөленген, көп салалы мол сырлы, алуан
әуезді қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің алдыңғы қатарында ауызға алынып,
құрмет етілетін қаламгерлердің бірі - Әбділда Тәжібаев. Оның шеберлік өрісіндегі
елеулі туындыларының бірі – «Портреттер» поэмасы. Бұл поэмадағы лирикалық
қаһарманның тұлғасы қандай?
Лирикалыққаһарман үниені аса бір ынтық көзбен шолады, өткен тарихты айөын
азаматтық зердемен ой тезінен өткізеді. Поэма барысында дәуір сипаттарын оқиға
ауқымында, шиеленісті тартыстар шешімінде ашуға автор аса ынталы емес.
Керісінше қаһарманның жан әлеміндегі боямасыз жеке шынайы түйсіну, сезім
тербелістері арқылы адам тағдырларының қоғамдық-әлеуметтік сілкіністер
аясындағы баянды, баянсыз халінен сыр ашуға ден қойған. Уақыт және уақыт
көлеміндегі адам тағдырларын ақын жинақы, шебер, кестелі тілмен, жанды
суреттеулермен, асқақ, өміршең адамсүйгіштік рухты ашады. Шығарма тіршілік
қуанышымен шаттанған қаһарманның төрт құбыласы түгел қалпында басталады
да, әрі қарай бір үйлі жанның өмір сәулесі солғындап, асқар тау әкеден, араға
жылдар салып, әке орнына әке болған бауыр – ағадан, ұзамай көз қуанған
қарындастан көз жазып қалуы айтылады. Одан әрі қайғылы жылдар өтінде
қасіреттен шөккенімен, қайтадан жаңғырған өмір шуағына жылынған қарт ана
тағдыры – төңкеріс, зобалаң, соғыс жылдарында, уақыт бедерінде тұтас бір халық
бастан өткерген тарих баяндалады. Лирикалық қаһарман бастан өткерген өмірдің
әрбір адамға етене қымбат сәттері, тым таным күйлері оқырмандарды
толқытады. Автордың ұтымды, ұрымтал тұстардан алып отыратын тіршілік
құбылыстары өтімді көркемдік шешім арқауларын түзеді.
Қорытындылай келе, адам, уақыт, ұрпақ сабақтастығы. Адамның өмірсүйгіш
рух қуаты. «Портреттер» осыны жаңа поэтикалық үлгіде қазақ поэзиясына алып
келді. Әбділда ақын поэзиясына тән негізі өміршең сипаттар шығармада тағы да
жаңа бір көркемдік арнаға бет бұрған болатын. Бұл уақыттың көркем бейнесі
кейпінде келесі буын ақындары ширата түскен өнімді тәсілге айналды. Адамның
замана арпалыстары аяулы өмірі туралы жаңа бағытта жантолқытар шығарма
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
жазу үрдісінің орнығып, жалғасуында Әбділда Тәжібаевтың «Портреттер»
поэмасы елеулі поэтикалық мәнге ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |