42.Қадыр Мырза Әлидің «Домбыра» өлеңіндегі домбыра мен қазақ егіз ұғым екенін
дәлелдеп жазыңыз.
Сонау алпысыншы жылдары туған әдебиетке жаңа бір қуатты толқын
басталып, өнер мұхитының көкжиегі кеңейіп сала берген еді. Сол дарын иелерінің бірі
– Қадыр Мырза Әли. Оның өлеңдерінің поэтикалық қуатын күшейтіп тұратын
ерекшелігі – ондағы ұлттық сипатты танытатын ұлттық мазмұн мен пішіннің
бірлігінде, ұлттық дәстүр мен образды ойлаудың жаңашылдығында. Қазақ
поэзиясының көркемдік дәстүрінен мол сусындаған ақын өлеңдерінде тың ой, жаңа
ізденіс, рухани кеңдік, көркем суреттер мен шынайы образдар көптеп кездеседі. Ақын
поэзиясындағы дала, домбыра, бесік, тау, тұлпар, киіз үй сияқты ұғымдар символдық
мәнге айналған ұлттық көркем дәстүріміз.
Қадыр ақынның «Домбыра» өлеңінің алғашқы шумағы қанатты сөзге айналып
кеткені де белгілі.
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Домбыра аспабының қаншалықты қадірлі екенін Қадыр Мырза Әлі екі-ақ ауыз
сөзбен осылайша түйіндейді. Расында да қазақ поэзиясындағы домбыра бейнесі –
ежелгі жыр-дастандардан бүгінгі жас толқынға дейін жырланып келе жатқан
мәңгілік тақырып. Қашаған жыраудың «Қолымдағы ағашым – Алып жүрген
домбыра. «Домбыра – күнә» деген сөз – Тек бір айтқан дабыра. Пайғамбарым
туғанда, Бесік болған бұл ағаш. Ыбырайым Кәғбә салғанда, Мешіт болған бұл ағаш.
Ықырам үйдің алдында, Есік болған бұл ағаш» деп төгілте жырлағаны – домбыра.
Ілияс Жансүгіровтің «Күй», «Күйші» поэмалары – қазақтың асыл өнері күй мен
ұлттық мұрасы домбыраға жырдан қаланған ескерткіш. Одан берідегі Жұмекен:
«Үйден алыс шыққанда мен екі аманат қалдырам. Бірі – ұлым, өзіңсің, екіншісі –
домбырам», – деп, ұлы мен ұлтының мұрасының қаншалықты ардақты, қаншалықты
құнды екенін өлеңі арқылы көрсетеді. Бұл қаламгерлерден өзге де қазақ өлеңінің
тарихында домбыраны жырға қосқан ақын көп. Әрқайсысы әртүрлі стильде
жырласа да, ортақ тақырып, ортақ мұңның бір ұқсас тұсы бар, ол – ұлтының ұлы
аспабына деген иісі қазақтың құрметі, сезімі мен ойы.
Домбыра шертілгенде қазақтың кең–байтақ сахарасы, сұлу табиғаты, самал
желі мен үрлеген бораны, көлдегі аққуы көз алдымызға келеді. Бұл – қазақ күйінің
ерекшелігі. Орыс зерттеушісі Г.Н. Потаниннің «маған бүкіл қазақ даласы ән салып
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
тұрғандай көрінеді» деген сөзі соның бір дәлелі. Қос дауыс сарынынан бүкіл қазақ
жұртының қуанышы мен қайғысы, арман–мүддесі, философиялық сарын, азаматтық
үн, жалпы айтқанда, тарихы күй болып төгіледі. Қадір Мырзалиев өлеңінің: Бір
ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік. Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады
кереңді ─ деген жолдары осыны айғақтайды.
43.Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі
ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
Әлемдегі ең мейірімді, ақ ниетті абзал жанның бірі - ақ әже. Немересін ақ
бесікке бөлеп, «Бесік жырымен» әлдилеген ізгі жандардың өмірдегі орны қашанда
бөлек. Осы ардақты әжелер жайлы талай қаламгер сыр шертті. Сондай бір туынды
- М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңі. Өлеңді оқи отырып, көз алдыма
жүзінен жылулық лебі ескен, көзінен мейірімділік шуағын төккен, басына ақ кимешек
киген қарт ана елестеді. Сол Мұқағали әжесінің бейнесі бүгінгі әжелер бойынан
табыла ма деген ой мені толғандырып та кетті. Осы сауалға өзімше жауап іздеп
көрейін.
Алғашқы ойымды әже мен немере арасындағы үзілмес сезімнен бастағым келеді.
Ол қандай құдіретті сезім десеңші! Бұған дәлел ретінде:
Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем, - деген ақын сөзін алғым келіп отыр. Бұл сөзден
әжесінен айырылса да, немеренің сарқылмас сағынышы мен махаббаты сезіледі.
Әжесінің бұл дүниеде жоқ екендігін білсе де, оны өлді деуге жүрегі қимайды. Иә,
әркімге де әже қымбат. Мен де әжемді жанымдай жақсы көрем. Кішкентай кезімде
әжемнің ертегісін естімей жастыққа басым тимеуші еді. Ешкімге айтпаған
сырымды соған айтам, жұбанышты содан табам. Міне, әже мен немере арасындағы
үзілмес сезім деп осыны айтар едім. Өз әжем мен өзге әженің ұқсастықтарын
іздей келе, әлемдегі әжелердің бәрі бір-біріне ұқсас па деп те қалам. Яғни, әже
тәрбиесін көріп өскен ұрпақ ұлтының берік тірегі болары анық деп нық айта алам.
Осы пікірімді батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «немерелеріне ертегі
айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын» деген сөзімен
өрбіткім келеді. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп
өспеген баланың көкірек көзі көр болатыны сөзсіз. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей,
ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлмейтін әжелеріміз де арамызда бар. Жаһандану
дәуірінде кейбіреулер ата-баба бесігін электронды бесікпен алмастыруды ұсынып
жүр. Әженің бесік жырын естімей өскен баладан ертеңгі күні ұлтжанды азамат
шығуы неғайбыл. Меніңше, бұл - ұлттық тәрбиеге балта шапқандықтың белгісі.
Өкінішке орай, қоғамда кейде олар жайлы кереғар пікірлер де ара-тұра кездесіп
қалады. Бұрынғы заман мен қазіргі заманның әжелерінің арасында алшақтық бар
дейді. Сонда қандай алшақтықты сөз етіп отыр? Заман қалай құбылса да, әже мен
немере арасындағы ұлы сезім өз мәнін ешқашан жоғалтпайды деп ашына айтқым
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
келеді. Ол уәж жауапкершіліктен қашқан, өз құлқынын ғана ойлағандардікі. Бір сәт
ойланып көрейікші. Бұрын қарттар үйі деген болушы ма еді? Айтуға ауыр
тіркестердің бірі. Сол қарттар үйінде көздері жаутаңдап, ұл-қызын сағынышпен
күткен қарияларды көргенде, өзіңді қоярға жер таппайсың. Безбүйрек, қатыгез
адамдар қайдан шығады екен деген ой туындайды. Олардың орны бұл жер емес қой.
Кешегі күні баласы үшін шыр-пыр болып, жар құлағы жастыққа тимей
жанталасқан қариялардың орны төр емес пе? Көпке топырақ шашпайын, дегенмен
ата-ана қадіріне жете алмаған қатыгездерге өкімет тарапынан бір шара қолдану
керек те шығар, бәлкім.
Заман өзгеріп, қарыштап дамысақ та ұлттық бейнемізді жоғалтып алмайық,
құндылығымызға адал болайық. Түйгені көп қарияларымыз асыл қазына екеніне күмән
келтірмейік. Әженің әлдиіне қаныққан ұрпағымыздың өрісі кеңейе берсін.
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
44.М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге
қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
Өмірдің мәні мен сәні болған махаббат тақырыбын сөз етпеген ақын кемде кем
шығар.Соның бірі қара өлеңнің хас шебері – Мұхтар Шаханов. Оның қаламынан
туған «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі кез келген жастағы адамға ой саларлық үлгіде
жазылған деп ойлаймын. Сондықтан да, бұл шығарманың өзектілігі ғасырлар өтсе
де, жойылмақ емес.
Автордың: Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады, - деген ойы – ғашықтық сезіміне
берген бағасы деп білемін.
Ақын сезімнің шырғалаңына түсіп қалған жас қыздың оқиғасын өлеңіне арқау
ете отырып, ғашықтық сезімнің құдіретін жеткізіп көрсетеді.Өлеңде ақын
ғашықтық сезімнің құдіретін неге ашып көрсетті? Кейінгіге үлгі боларлық құнды ой
түйінін бергісі келгендіктен деп ойлаймын.
Ақынның: Ғашық жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді. «Жыға алмайды оны
жұрттың өсегі. Бұған дәлел - құдіретті "Қорлан" әні кешегі- деуі ақынның адамзат
атаулының өмірінде болатын қасиетті сезімге ара түсуі сияқты көрінеді.
Ақынның айтар ақылымен нақылы да осы Қорлан әнімен бір арнаға тоғысады.
Автор елу бір жыл ғашықтықтың азабын тартқан Естай ақынды негізге ала
отырып, оның махаббатқа адалдығымен достықты қадірлеген ізгі жан екенін
айтады. « ...Ғашық болып өлу қандай мәртебе» деген жолынан Тірі күнінде қолы
жетпеген арманын мәңгілік ұйқыға кетер алдында да бір сәт есінен шығармай көз
жұмудың өзі жұмыр басты пендеге мәртебе екендігін мен де мойындаймын.
Ғашықтық сезім дегенде , өз басым аманатқа қиянат жасамау деп
ұғамін.Себебі, нағыз ғашықтар бір-біріне уәде береді, серттеседі.Міне, осы жағдай
ақынның өлеңінде де белең береді. Естайдың елу бір жыл қолында шабыт берген
жүзігін өзімен бірге жерлеуін досына тапсырады.Міне, осы тұсы нағыз ғашық
жүректің сертке беріктігін көрсетпей ме?
Қорытындылай келе, ақын жүрегінің ғашықтық сезімін осынша шабытпен
жырлауының себебі , сүю бақытының кез келгенге бұйыра бермейтін бақыт екендігін
түсіндіруінде деп ойлаймын.Сондықтан да, ғашықтық сезімнің қадіріне тіріде жете
берейік дегеім келеді.
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
45.Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге
асқандығын дәлелдеңіз.
«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Алаш
ардақтыларының көтерген ұлттық идеяларының қазіргі таңда жүзеге асқандығы
қаншалықты көрініс тапқан? Бұл өзекті мәселе болғандықтан,жан-жақты
талдауды қажет етеді.
Алаштықтардың «Алаш» атауын таңдауы да жайдан-жай емес. Алаш жаңа
елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық
тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады.
Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеямен байланысты. Міне, осы тұста
алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы,
Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан
Тынышбайұлын тілге тиек ете аламыз.
Алаш ардақтыларының армандаған өзекті мақсаттары: бірінші – ұлттық
болмысымызды сақтау, тәуелсіз ел болу; екіншісі – ұлттық тарихымызды ұлықтау;
үшіншісі – туған тіліміздің мәртебесін көтеру. Оған дәлел ретінде қозғалыс
көшбасшысы Ә. Бөкейхановтың жобасы бойынша, мемлекет толықтай
экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізілуі тиіс болған. М. Дулатов «Оян, қазақ!» деп
жар салса, Алаштың тағы бір қайраткері Х. Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел
– ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт» депті. Қазақтың
елдігі мен тұтастығын аңсаған Алаш қайраткерлерінің идеясының бір дәлелі – бүгінгі
таңда мемлекетіміз тәуелсіз ел болып, 20 жыл ішінде әлем таныған, мойындаған ел
болдық. Н.Назарбаевтің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және
осы заман» атты тарауында алаш ардақтыларының идеясының жалғасқандығын
айтады. Менің пайымдауымша, Елбасы Алаш зиялылары арманын іске асырды. ХХ
ғасырдың 90-ыншы жылдарының басында тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасының
қалануы. Көк байрағымыз желбіреуі, бүкіл әлемді мойындатуы. Өз тіліміз, дініміз
бар. Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше, біз, әрбір азамат осы жүз
жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі
ретінде берік орнығуына үлес қосуға тиіспіз.
Қорыта айтқанда, Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
жүзеге асқандығының дәлелі - Мәңгілік Ел. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз –
Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді,
бола береді де.
46.Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды
дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
Кез-келген адамнан оның өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. Ең
көп таралған жауап: «Мен тек бақытты болғым келеді». Менің ойымша, біз бәріміз
сол үшін дүниеге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не? Меніңше, ең бастысы шынайы
бақыт біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы-қасіреттің болмауында емес, қуаныш
пен қанағатты сезіне біліп, өмірге шаттануда.
Жүрегімде махаббат ән тербейтін,
Бағалайық бақытты, жан тербейтін.
Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер,
Оралмайды, жан құрбым, өмір кетер, - деген Қ.Жүнісовтің «Бағалайық
бақытты» өлең жолдары мені күн сайын жаңа белестерді бағындыруға жетелейді.
Өмірдің қайталанбас сәттерінен ләззат алып, қиындықтармен жалыққанда көңілді
бекер түсірмей, онымен күресу – бақыттың бір қыры.
Осы өмірде мен үшін әрқашан бақыт сыйлайтын адам бар. Ол – менің қадірлі
анашым. Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. В.Гюго айтқандай:
«Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең
жылы ұя». Расында да, менің анам мені құшақтап, құшағына алған кезде мен
әлемдегі ең бақытты адам екеніме күмәнсіз сенемін. Сондай-ақ, біз үшін барын салып
жүрген асқар тау – әкем. Сонымен қатар, бауырларым, олардың менің көңілімді
аулауы, көмектесуге тырысқандары, мені бақытқа бөлейді. Яғни, бірінші бақытым –
отбасым.
Бақыт деген – адамдар үшін өмір сүру және оларды бақытты ету. Қарапайым
мысал: ауыр шелектермен келе жатқан қарт әжеге көмектесу. Қарттар үйіне келіп
қарт адамдардың бір сәт болса да, көңілін аулау бақыт емес пе? Барлық игі істер
сенің жүрегіңдегі тыныштық, нағыз адамгершілік сезімдігін оятады.Сонда сенің
жолың тазарып, бақытқа бөленесің.
Қорыта келсем, адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны
қатты аңсауы, оған қол жеткізуі, әр адамның өз қолында. Менің бақытты немесе
бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл-күйіме байланысты.
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
Ендеше, мен өз ойымды, яғни өз бақытымды басқара аламын. Шынымен мен
бақыттымын. Мен өзіме ,жақындарыма, достарыма, істеріме, болашағыма сенемін.
Соңында М.Мақатаев өлеңімен аяқтасам деймін:
Бақыт деген – әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген – дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
47.«Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін...»
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елі мен
өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық
шақтан бастап ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін отан
ошақ басынан басталады. Туған жер ,туған көше,туған қала мен үшін туған жер.
Менің отаным кішкентай болса да,мен үшін аса қымбат жер Жаркент қаласы. Дәл
осы жерде менің көңілді де ,шаттықты уайымсыз балалық шағым өтуде. Туған
жерді ұзаққа қимайсың.
Сен әрқашан өзің бармасаң да,оймен қиялдап таған көшені,есіктің алдында
«атаңның үйге кір деген”сөздері еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. Кәзір
бой жеттім ,бірақта өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көшем
менің кішкентай отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін,оның бүгіні мен
болашағымын. Сонымен қатар,туған жерім қасиетті де құтты қоныс. Ол мені
құшағында мәпелеп өсіріп қана қойған жоқ, тәлімін ,тәрбиесін берді. Оның төсінде
үйренгенім мен түйгенім көп. Ондағы жасыл түгі басылмаған керіліп жатқан
керейшық кең дала мені сабырлық пен алмақтылыққа, кеңпейілділікке тәрбиелейді. Ай
жаныңда тыныштық сыйлап,анда-санда әрлі-берлі сипап өтіп, қытырыңа тиетін,
барары мен келер жері беймәлім ерке жел еркіндікке үйретсе,сыңғыр күлкісі еріксіз
еліктіретін бұрымды өзен –ару бір байыппен сылдырап ағып,сабырлық пен
байыптылыққа баулыйды. Төбесі көкті тіліп бұлтпен сырласқан маңғаз таулардан
рухани биіктікті,жайқалған жасыл желігінен өмірге сүйіспеншілікті,жылы
жүзділікті қыбыр-жыбыры таусылмас жәндігінен еңбекқоршылықты үйрендім.
Қарап тұрсақ адамдықтың өзін еңбегінің өтеуін сұрамайтын аңғал даладан үйренеді
екенбіз. Туған жер төсінен жырақта жүріп,сағынып келіп құшағына ден қойғанда
еріксіз елжіреп,тұла бойыңның шымырлайтындықтан да туған топырағыңды
аңсағаннан ғана емес оның көкейіңе салған адамдақ ұстанымын да сағынғандықтан
болар.
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
Қорытындысына келсек ,туған дала төсіне жүгіріп шығып, о шеті мен бұл
шетіне көз жүгіртіп,айналаңа көз салсаң ,ақиық ақын М. Мақатаев атамызша
«Пай!Пай!Пай! Киелі неткен жер!»-демеске еш шараң қалмаитындай.
48.Менің мақтанышым – Астанам (Астананың 20 жылдығына орай)
«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөөдерді
құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды
көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан
Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жасқа толды.
Ару Астанамыздың көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа
үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағыта
ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. Ару Астанамызда орналасқан әсем ғимараттың бірі -
«Пирамидаға» тоқталсақ оның ішін былай қойғанда сыртының өзі ерекше бір әлем
емес пе?.
«Бәйтерегіміздің»- өзі неге тұрады? Онымен қоса «Мұз қалашығымыз» тағы
бар. Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ уақыт жеткізе
алмайтын іспеттіміз. Астананың ауыз толтырып айтар жері көп екені бәрімізге
аян. Яғни , ару Астанамыздың халық тамашалап, қызықтап көрер жері көп. Бұл
дегеніміз Астананың не бәрі 20 жылда қол жеткізген жетістіктері десек артық
айтқан болмас едік.Не бары 20 жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген ару
Астана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы
жарық қалалар қатарына қосылды. Астана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып,
жаңаша бағытта көрпкейіп, гүлденуде.
Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол
жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін.
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
49.Табысты болу - адамның бәсекелестік қабілетінің көрінісі.
Кез келген адам табысты болғысы келеді. Және бәсекеге қабілетті болудан да
бас тартпайды. Сонда табыс пен бәсекеге қабілеттілік дегеніміз не? Оны қалай
жасауға болады? Өз ойымды фактімен жеткізіп көремін.
Бұл терминдер көбінесе бизнес саласында жүрген азаматтарға арналған. Бұл
туралы Иманғали Тасмағанбетов былай деген: «Табысты болуы үшін жастар
талапты болуы керек. Білімін сағат сайын шыңдап отыруы қажет. Бір мектеп, бір
университетпен шектелуді заман талабы көтермейді.» Ал бәсекеге қабілеттілік –
бірнеше деңгейде қарастырылатын экономикалық категория:
тауардың
бәсекелестікке қабілеттілігі; тауар өндірушінің бәсекеге қабілеттілігі; салалық
бәсекеге қабілеттік; елдердің бәсекеге қабілеттілігі. Бұл деңгейлердің арасында
тығыз іштей және сырттай тәуелділік бар: елдік және салалық бәсекеге
қабілеттілік діттеп келгенде нақтылы тауар өндірушінің бәсекеге қабілетті тауар
шығаруына байланысты. Президент жаңғыру табысты болу үшін әрбір азамат өз
еліне пайдалы болу керек деп есептейді. Президент табыс туралы тағы былай деген:
«Үштұғырлы тіл» жобасының маңызын түсіндірген кезде берілген қазақ тілін —
мемлекеттік тілі ретінде, орыс тілін — ұлтаралық қатынас тілі ретінде, ағылшын
тілін — жаһандық экономикада ықпалдасудың табысты тілі ретінде үйрену.
Аталған үш тілді меңгеру үшін жасалған тең дәрежедегі жағдайларды жасау,
олардың қызмет көрсету дәрежесінің тең емес екенін, қызмет көрсету
жүктемесінің тең емес екенін және, соңында, олардың мәртебесінің тең еместігін
білдірмейді. Менің ойымша, табысқа жету үшін алдымен мақсат қою керек. Содан
соң мақсатқа жететін жоспар болу керек. Содан кейін қадамдар жасап, табысқа
жетесің. Зор табысқа жеткен кез-келген адам бәсекеге қабілетті бола алады.
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – басқа ірі компониялармен дәрежеңнің тең болуы.
Немесе басқа адамдармен бірдей қабілетке ие болуың керек. Басқаша айтар болсақ,
сенің қолыңда сені көрсететін затың немесе билігің болуы керек.
Қорыта келе, қазақтардың барлығы бәсекеге қабілетті болу керек. Себебі,
қазақтар бұған лайықты.
50.Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғырудың ең басты шарты.
Ұлттық болмыс дегенде бірден көз алдыңа жайлауда тұратын, малын бағатын,
киіз үйде тұратын қазақ хандығы кезіндегі қазақтар елестейді. Бір жағынан ойлап
қарасаң, қазақтар үшін жанын берген желтоқсан ққрбандары есіңе түседі. Сонды
қазақты қазақ қылып тұратын ұлттық болмысы қандай?
Біріншіден, қазақ тілі – қазақтардың ана тілі, ұлттық болмыстың сипаты
болып табылады. Қазақтардың барлығы қазақша білуі керек. Әйтпесе, несіне қазақ
болып жүр? Екіншіден, қазақтардың салт-дәстүрін біліп, күнделікті қолданып,
тозығы жеткенін қалдырып отыруы керек. Үшіншіден, киім үлгісі. Меніңше, ұлттық
нақыштағы ою-өрнекті күнделікті киімге жапсырып жүрсе несі айып. Төртіншіден,
тағы да наурызда жасалатын және ойналатын ұлттық ойындар. Күнделікті
болмаса да, анда-санда алтыбақан, бәйге жарыстырып, ақсүйек тапқанға не
жетсін? Қазіргі таңда Қазақстанның кейбір жерлерінде нағыз қазақтарша өмір
сүретін кісілер бар. Олар Алтайда, Тарбағатайда, Жетісуда өмір сүретін қазақтар.
Ол кісілер қыста саятшылық құрады, ұлттық мерекені тойлайды, ұлттық ойынды
ойнайды, ұлттық киім киеді, ұлттық тағамды жейді және заман көшінен қалып
жатқан жоқ.
Елбасымыздың да айтқысы келгені осы. Қазақтарды рухани жаңғырту арқылы
ұлттық болмысты сақтау. Рухани жаңғыру аясында Қазақстанда біршама іс-
шаралар атқарылып жатыр. Мысалы, біз кезіндегі Ахмет Байтұрсынов қалдырып
кеткен латын қарпіне көшкелі жатырмыз. Әрі жер-жердежыр мүшәйралар мен
айтыстар өткізілуде. Бұнымен қоса қазақ даласында көкпар, бәйге, асық ату сияқты
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
ойындар қайта жаңғыруда. Бұның барлығы 2017 жылы 12 сәуірде шыққан «Рухани
жаңғыру» жолдауының жемісі.
Қорыта келе, «жүз адам бар жерде жүз түрлі пікір бар» демекші өз ойымды
айтайын. Егер қазақ жерінде ұлттық болмысымызды жаңғыртатын жобалар
көбейсе, орыстанып бара жатқан қазақтар қайта қазаққа айналар еді. Және сол
жобаға қатысамын деген қазақтарда кішкене болсын патриотизм болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |