1. М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса» өлеңіндегі идея үндестігін дәлелдеп жазыңыз


Қ. Жұмаділовтың «Тағдыр» романындағы «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата03.04.2020
өлшемі0,67 Mb.
#61442
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
50 Esse Zharatylystanu

21.Қ. Жұмаділовтың «Тағдыр» романындағы «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір- 

бірімізді сөге жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» - деген түйін 

сөзге әкелген қандай құндылық? 

 Қабдеш Жұмаділовтың Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған 

туындысы - " Тағдыр" романы. Шығармадағы  «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді 

сөге жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» - деген сөзге әкелген қандай 

құндылық? 

Адам бойындағы құндылықтар өте көп: адамгершілік, имандылық, 

ұлтжандылық, мейірімділік. «Адамгершілік- асыл қасиет»  десек, Демежанның 

білімді де намысты болуы, үлкендерді сыйлауы аймақ басшысы Ши–амбымен және 

ұстазымен қарым- қатынасынан көрінеді.Оның қарапайым адамдарға қол ұшын 

созуы, істеген жақсылығы-ұшан-теңіз. Қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін 

жақсартуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, ұстазына деген құрметі мен 

сүйіспеншілігі жайында сөз болады. Аймақ басшысының: « Мемлекеттің тілін, заңын 

білетін сен сияқты азаматтар біз үшін қашанда қадірлі» деуі тегін емес. Бүгінгі 

жаhандану заманында адамгершілік өресі биік адамдар азайып бара жатқандай.  

Менің ойымша, оған жастардың батысқа еліктеуі, рухани құлдырауы, жат діни 

ағымдардың құрығына түсіп қалып жатқан жастар көптеп кездеседі. Жан-дүниенің 

байлығы - өз қолымызда екенін ұмытпайық!  

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

 Қазіргі таңда адамдар бойында көптеп кездесе бермейтін ұлтжандылық 



қасиет романның басты кейіпкері Демежанға тән.    "Ұлтым - қазақ, соны ғана 

білемін, қолымнан келсе иісі қазаққа жақсылық жасағым келеді ,"- дейді. Туған халқы 

үшін Маншың өкіметінің зорлығына қарсы күресуі, елі үшін жер, су сұрауы сөз 

етіледі. Бұған дәлел ретінде шекара сызығын  бөлу кезінде бел шеше кірісуін айта 

аламыз. Жат жердің топырағында жүрсе де, ұлты үшін күрескен Демежан сияқты 

азаматтар бүгінгі тәуелсіз елімізде саусақпен санарлық десем де болады. Солардың 

бірі де, бірегейі -  Мұхтар  Шаханов. 

          Әдебиеттанушы ғалым Ш. Елеукенов былай дейді: «Тағдыр- ұлтжанды 

қаhарманды биік өреге көтерген роман» Демежанның халқының елдігін, ауыз бірлігін 

сақтап қалу жолындағы тер төгіп, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік 

ортаның шындығы бүгінгі таңда да маңызды. Болашаққа қарай жол тартқан уақыт 

керуенінде халқымыздың мәртебесі қашанда биік болғай деп тілеймін!  

            Қорытындылай келе, роман бүкіл ұлт тағдырын суреттейді. Аймақ 

басшысы Ши-амбы Демежанға: «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге 

жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» - дейді Құлжаға қоныс аудара 

бара жатып. Бұдан шығатын қорытынды: адам баласының тек ізгі ниеті мен игі 

істері ғана мәңгі ұмытылмайтын құндылықтар екенін аңғаруға болады. 

  Халқы үшін еңбек еткен, адамгершілігі жоғары тұлғалар  халық жүрегінен 

мәңгі орын алады. Пенделіктен аулақ болып,  сыйласып  өткенге не жетсін ! 

 

22.О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі Қоңқай шал бейнесі арқылы нені 

меңзейтінін сипаттап жазыңыз. 

Публицистика, поэзия, проза жанрларын әдемі тоғыстырған қазақ әдебиетінің 

жаңашыл дара жазушыларының бірі де бірегейі – Оралхан Бөкей. Өмірге құштар өр 

мінезді қаламгердің адамды асқақтата жырлаған өзекжарды шығармалары 

ұлтының рухани игілігіне айналды. Оның жазу өнеріндегі шеберлік шыңдау 

ізденістері мен көркемдік табысы тұрығысында өзіндік мәні бар шығармасы – «Қар 

қызы» повесі. «Басқаша» жазуға құштар болған шығармашылық ғұмырбаянындағы 

жұртшылық назарын аударған елеулі туындысының бірі. Шығармадағы Қоңқай 

шалды жартылай жұмбақ күйде ұстаған автор концепциясы туралы үзілді-кесілді, 

біржақты тоқтам жасау қиын. Жұрттан жырақ өмір сүретін осы Қоңқай шал 

бейнесі арқылы Оралхан Бөкей нені меңзейді? 

Былығы көп қоғамнан тысқары өтіп жатқан тірлікті айыптау сарыны 

шығармада басымдық ала қоймаған. Қаптаған ел ортасында жүріп-ақ оқшауөмір 

сүретіндер жетіп артылады. Жазушы бір мәнде Қоңқай шалды «арқаланып» 

қоғамдағы кереғарлықтарды, келеңсіздіктерді меңзейді. Кейіпкердің ой ағыны , ішкі 

сезім сөзі арқылы әсер сіңіру – автордың оңтайлы көркемдік тәсілдердің бірі. 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

Шығармадағы Қоңқай бейнесінен, сонымен қатар, жалғыздық пен кеңістік 



нышаны танылады. Қоңқай бейнесін Оралхан Бөкей шебер бейнелейді. Оның екі тау 

арасында жападан-жалғыз тұратыны, аң аулап тіршілігін жасап жүретіні оның 

жалғыздығының анық көрінісі: «Шал әлденесін ұмытқандай далаға шығып кетті. 

Сол баяғы қалпы – көйлек-дамбалшаң, аяғына ештеңе кимеді.Осы бір сақалы өңірін 

жапқан қапсағай шал үшін мынау табиғаттың қысы, жазы – тіпті төрт мезгілі 

бірдей секілді ғажап адам еді. Осы жасына дейін қыңқ етіп ауырмаған, тоңып – 

жаурау дегенді білмейтін, ормандағы аң екеш аң секілді ғажап адам еді. Елмен 

аралас-құраласы жоқ, қоршаудан қашып шыққан бұғыдай саяқ ғұмыр кешті. Сонау 

аппақ кеңістікке барар жол мен ызаң шу, қым-қуатты өмірдің екі ортасында 

шекара, бекет іспетті, міне жарты ғасырға осы жаман үйінде жападан-жалғыз 

тіршілік құруда». 

Қоңқайдың өмірі – шығарманың басты өзегі. Өмір бойы жалғыз ғұмыр кешу 

қарғысына ұшыраған Қоңқай – жалғыздықтың бейнесі: «Шыр етіп жерге түскеннен 

бастап қоғам үшін, өзге біреулер үшін шырпы басын сындырып көрмеген Қоңқайда 

еңбек кітапшасы деген атымен жоқ-ты. Ешбір жерге өтініш жазып жұмысқа 

тұрған емес; ешқашан да жиналысқа қатысып, тіпті үйлену, шілдехана секілді 

жиын-тойда болған емес. Осы елдің тойын қойып, топырақты өліміне қатыспаған 

қаңғыбас Қоңқайда дін, идея, бір нәрсеге сену секілді үлкен ұғымдар атымен ада – 

өзімен-өзі, оқшау өмір сүріп жетпістен асып барады». 

Қорытындылай келе, жазушы Оралхан Бөкей шығармалары оқыған сайын 

тереңдей түсетін, бұйығып жатқан сырлары мен бұғып жатқан құпиялары шешіле  

түсетін жұмбағы мол дүниелер. Ол шығармаларда қойылған неге, біз кімбіз деген 

салмақты сауалдар бүгін де, ертең де, сан жылдар өткен соң да әр ұқпақтың 

алдынан көлденеңдеп шығып отырары даусыз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23.Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр 

Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы сипаттап жазыңыз. 

Батыр дегеніміз – алып күштің иесі. Батырдың қасиеттерін көрсететін -оның ерлік 

істері. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанының патриоттық мәні зор. Ақын 

бұл дастанда жас батырдың ерлік істерін жеткізуге тырысқан. 

Дастандағы 

басты кейіпкер Еспенбет - батырға тән өзінің ерлігімен көрінеді. Оны ақын: 

«Еспенбеттей ер туса, Ер күтетін ел қайда?» - деген жолдармен жеткізеді. Бұл 

ақынның елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеясын 

анықтайды. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» - деген аталы сөз - 

Еспенбет бойындағы өр рухтың қайнар көзі болып табылатыны анық. Себебі, оның 

ерлік ісінің бастау алар кезеңі  балалық шағындағы арманынан басталады. 

Біріншіден, Еспенбет  Ақбөртені мініп, қару асынып, жау қайтаруды ойласа, 

екіншіден, «Еліме барып, ұл болсам» - деп армандайды. Міне, осы арманы оны ерлікке 

жетелейді.  

Күндердің күнінде  Қабанбай бастаған батырлар ескі бір кекті қайтару үшін 

қалмаққа қарсы аттанбақ болады. Мұны естіген Еспенбеттің бастан кешкен күйін 

ақын:  

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

«Басталар қашан соғыс» деп –  



Белін шешіп жатпады, 

Түнде кірпік қақпады. 

Ерлік қысқан кеудеге,  

Ішкен асы батпады,  - деп  елінің еркіндігі мен бейбіт өмірін көксеген жас батыр 

бейнесін шынайы суреттейді.   Ал, ұрыстың шешуші сәтінде қазақтың жеті 

батырын жеңген қалмақ батырымен  өзі сұранып, жекпе-жекке шығады.  

Осылайша, Еспенбеттің батылдығы арқасында  қазақ халқы жеңіске жетіп, үлкен 

олжаға кенеледі.  Ел мүддесі мен намысын ойлаған ер Еспенбет бұл жолы да тоқ 

пейіл әдетінен таймай, көл-көсір олжадан ештеңе алмайды.  Міне, осындай ерлік 

істер арқылы оның халқына қызмет ету арманы орындалады. Ақын халыққа қамқор, 

елге тірек болам деген нағыз ер осы Еспенбеттей болу керек деп оның батырлығын, 

ақыл-парасатын, қанағатшылдығын, мәрттігін өзінің замандастары мен кейінгіге 

үлгі етеді.  

 

Қорытындылай келе, дастандағы Еспенбеттің әрбір ерлік ісі – оқырманға үлгі.  

Үлгі болып қана қоймай, елін, жерін жаудан қорғау туралы ойлауға түрткі болады. 

Еспенбет бойындағы ерлік істер – болашақ ұрпаққа мәңгі өнеге.  

 

 

 

 

 

 

24.Махамбет жырлары – асқақ рухтың үні. Ойыңызды нақты дәлелдермен 

талдап жазыңыз. 

Махамбет-халық арасында келеңсіз құбылыстарды,келелі істерді өлеңіне арқау 

еткен өр рухты,асқан ақындығына қалың жұртшылық бас иген ақын.Ақын өлеңдері –

саяси бағыт.Менің ойымша,Махамбет ақын өзгеде жоқ,өзінде ғана бар құдіретті 

қасиетімен батырлар тарихында да,ақындар тарихында да жарық жұлдыздай 

жарқырап жеке тұратын теңдесі жоқдара да,дана тұлғада екі арман 

кетті,біріншісі-елдікғекіншісі-ерлік. 

 

Елдік –қай дәуірдің болмасын асыл үні.Махамбет жырларында 

егілу,сарнау,зарлау сарыны жоқ.Отаршылдық тәртібі бұғау болып 

басқакиілгенімен,одан құтылып шығудың реті жоғын көрсе де Махамбет, 

егілмейді.Бұғауға көнгісі келмей бұлқынады.Жалаулы найза алып,жау тоқтатар 

күнді аңсайды.Елдік аманы сол-тар қапасқа тап болған халқын еркіндікке жеткізе 

алмады.Халқын тәуелсіздікке жеткізу жолында ақынның асқақ рухын: 

 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

“Еділдің бойы ен тоғай, 



Ел қондырсам деп едім”-деген жолдардан айқын көруге болады.Ақынның барлық 

дерлік өлеңдері бостандық пен әділдікті жақтайды,халқына рух береді. Дауылпаз 

ақынның ерлік арманы сол-ата жаумен қан майданда айқасып,қаруын қапысыз 

сілтеп,қан кешіп жүріп мерт болмады,бұғып келген қарақшының қолынан қапыда 

кетті.Осы орайда ақын Сағат Әбдуғалиевтің мына бір өлең жолдары есіме түседі: 

 

“Бөрілермен бөрілерше белдескен, 

Сен менен бақыттысың,Махамбет!”.Демек,елі үшін айқасқан ақынның еш 

арманы жоқ. 

 

Қорытындылай келе,ғасырлар,жылдар алмаса келе талай оқиға көмескі 

тартары заңдылық.Ал Махамбеттің ісі мен жырларына ондай қауіп төнбек 

емес.Оның өлең ағыны-өмірдің өзіндей тоқтаусыз.Ақынның жыр-толғауы бір 

кезеңнің баяны ғана емес,күллі адамзатқа тән азаттық пен теңдіктің өшпейтін 

ұраны.Махамбет сонысымен мәңгілік. 

 

 

 

 

 

 

 

25.«Сүйінбай мен Қатағанның айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі 

сөздер мен әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлеледер 

арқылы жеткізіп жазыңыз. 

«Сүйінбай мен Қатаған айтысы» өнер өлкесіндегі саф алтын қазына болып 

саналады. Қазақтың бар баласы айтылатын бұл айтыстың мақсаты – елімізді, 

жұртымызды бірлікке шақыру. Өткір сынның үстінде тұрған Сүйінбай  өрттей 

өршіген Қатағанға қалайша бейнелі сөздер мен әсірелеулерді қолданып, өршелене 

өрлеп, жалтақсыз жауап қайырды? Мен осы сауалға өз көзқарасымды білдіргім 

келеді.  

 

Сүйінбай озық ойлы, өткір тілді, сөзді  астарлы оймен көркем жеткізетін 

айтыскер ақын. Өйткені, дәлел ретінде «...Топ бастаған бұлбұлмын, Сөз бастаған 

жүйрікпін, Судан шыққан сүйрікпін, Бәйгеден озған дүлділмін... Шығарма Қатаған 

үніңді!»-деп, Сүйінбай бірден Қатағанның мысын басып, қанатын қайырады. Міне,  

бұдан ақынның шалқар шабытын, теңеулерді ұтымды пайдаланғанын байқадым. 

Бірден қарсылысының бетін қайтарды. Еңсесін тіктеуге мұршасын келтірмеді.  

Тұтқиылдан тұқыртуға ынталы екенін танытты. Міне, нағыз ақынға тән қасиет.  

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

 



Қатаған бір сөзінде өзін алмас болат қылышқа баласа, Сүйінбай өзін жай 

алмас құрыш қылыш емес, сабы алтыннан соққанын айтады. Бұл жерде, меніңше, 

Сүйінбай өз деңгейін биіктете, айбынын асыра түсті. «Қарсы шапқан қырғиға, 

Ажалы жеткен торғайсың...,», «Ажалы жеткен қарғасың, Бүркітпенен ойнадың...», 

«Жауған қардай борайын, алды-артыңды орайын...» - деп, өнері шоқ болып қызып 

тұрған Сүйінбай қазақ елінің мәртебесін көтеру әрқашан абырой екенін танытты, 

шапшыған, шабытты Қатағанның аптығын басты. Ақын басынан бұлт аса алмас 

шың секілді көрінді. Осыған орай, менің ойымша, қазіргі заман айтыскерлерінде өткір 

тіл бар, бетке айту жоқ, жалтақтап, шенділерден қорқып, халық көкейінде жүрген 

мәселелерді айналшықтап өтеді. Сірә, жүрегі «Отан» деп соққан от тілді, орақ 

ауызды бүгінгі айтыскер ақындар Сүйінбайдан үлгі алса, игі үстіне игі болар еді. 

 

Сонымен қоса, әсірелеу тәсілін де шабытпен кәдеге жаратады. «...Қабағын 

шытса Сүйінбай, Тарту қылып тартарсың, Қойныңдағы жарыңды. Айдап алып 

берерсің, Алдыңдағы малыңды, Малың түгіл барыңды!...» -деп, қарсылас ақынның 

намысына тиіп, ту сыртынан пышақ сұққандай әсер берді. Өзінің намысын 

таптатпау үшін осы үдетулер сынды көркем де, мәнді сөздер үлкен басымдылыққа 

ие. Бұл айтыста маған Сүйінбай ұстанған бағыт қатты ұнады. Өз күшіңе сеніп, сөз 

қадірін түсініп, намысты қолдан бермеуге жетеледі.  

  Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдірсем, сөздердің өткірлігі, қызулығы, 

көркемдік бейнелі сөздердің молдығы Сүйінбай айтысының бойында тұнып тұр. 

«...Қазақ деген батыр ел, Ешкімге намыс бермеген...» деп өзі айтқандай, Сүйінбай 

қазақ халқының беделін арттырды.     

 

 

26.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің өзектілігі туралы 

ойларыңызды талдап жазыңыз. 

Шортанбай Қанайұлы «Зарлаған заманның» өкілі. Өз заманының халқының 

жағдайын ойлап, өзекті мәселелерді қозғайды. Осы өзекті мәселе «Зар заман» 

ақынының жырында қалай көрініс тапқан екен және қозғалған өзекті мәселелер 

қазіргі кезде қандай деңгейге жетті? 

Ақынның қозғаған бірінші мәселесі – жеңілтек қыздардың мәселесі. Менің 

ойымша, бұл мәселе бүкіл әлемді ойландырады. Соның ішінде, қазақ қыздарына 

мүлдем жат нәрсе. Сөздеріме дәлел ретінде мына бір өлең жолдарын мысалға 

келтірейін: 

Қызың киді биқасап, тергеп кимей байқастап,  

Кешкі тұрым болғанда, құлан менен бұландай  

Үйде тұрмас ойқастап. 

Бұл қыздардың басты жауы батысқа еліктеушілік. «Әр ұлттың салты басқа, 

иттері қара қасқа» демекші, Еуропаға еліктеудің қажеті шамалы. Еліктеудің өзі 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

жаман және жақсы болады ғой. Шет елдің жаман жақтарына еліктегенше, жақсы 



жақтарын неге қайталамаймыз, айта берсек, таусылмайды. Мысалы, Жапония – 

дамыған технология елі, Еуропа – туризм елі, Түркия – сапалы киім отаны, тіпті 

Өзбекстанның өзі тәуелсіздігін алмай тұрып 13 млн еді, қазір 30 млн-ға жетті.  

Екіншіден, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда, ашық аспанның 

астында тәуелсіз еліміздің 1731 жылдан бастап Ресейдің қол астына кіруі. Ұлан-

байтақ жерімізге солтүстік кәпірлердің, қиыр шығыстан корейлердің келуі 

халқымыздың таза қанын бұзды. Жеті атаға дейін қыз алыспаған ата-бабамыз 

ұлтымыздың генін жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде, ырым, тәрбиелік 

мәнін жоғары етіп қалдырды. Генетикалық жағынан қарасақ бұл дұрыс.  

Реформа мен қанаудан көз ашпаған халқымыз не көрмеді? Қазақ жері Ресей үшін 

«Еуропа мен Орта Азияға апаратын алтын қақпа» болса, Еуропа елдеріне «таза 

шикізат базасына» айналды. Ақын: 

Кетейін десе, алды тар, тұрайын десе, кәпір бар, 

Қайсы бірін айтайын, қазақтың ұлы қамалды 

Қамалмай енді неғып тұр,. Тау басынан қазақ жаңылды,- 

деп күйіне жырлайды. 

Үшінші қозғалатын мәселе жемқорлық пен халықты қанау мәселесі. 

Жарлының жаны берік екен, 

Мал үшін он екі ай қой бағып, 

Жалғыз тоқты алады. 

Жарлының тынышын 

Құрттай санап мал алды, 

Ел қамқоры сандалды,- 

деп байлардың кедейлерге деген арақатынасы туралы ашық айтады. Солардың 

барлығы да бірінің ауызына бірі түкіріп қойғандай, билік тарапынан ширек ғасыр 

бойы қазақ ұлтына деген тасбауырлық пен қатігездік туралы отбасында, оңашада 

ашына айыптап сөйлегенде керемет те,ал баспасөзде, қоғамдық жиындарда, елдің 

алдына шығып сөйлеуге жұмылған ауыздарын ашпайтындары таң қалдырады. Сонда 

әділет қайда? Әлде президент елде болып жатқан жағдайды естіп-көрмей ме? 

Тәуелсіздік алғаннан бері әуелі «дамыған 50 елдің» қатарынан, сосын «дамыған 30 

елдің» біріне айналдық. «EXPO 2017», «Рухани жаңғыру», әрине, істеліп жатқан 

еңбекті айтпасақ болмас, бірақ бұл аз. Неге бізге Жапония, АҚШ, Ұлыбриятания 

секілді елдердің қатарына қосылмасқа? Осыған кедергілер көп. Қазақстанның 

шикізатты өндіріп, өңдегеннің орнына, шет елдерге өндіріп беріп, өзіміз он есе 

қымбат бағамен сатып аламыз. Қарыздарымыздың 15 млрд-қа жеткені, екінің 

бірінің басында кредиті бар екендігі өтірік пе? Жұмыссыз сенделген қазақ жастары  

көп. Осыдан кейін қалай шет елге жұмыс іздеп бармайды?  

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

Қорытындылай келе, санасыз қаракөз қыздарымыз есін жиса, еңбекқор қазақ 



жігіттері одан әрі талаптанса, Қазақстанның болашағы зор деп үміттенемін. 

Ақынның мақсаты да, арманы да осы шығар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

27.Ш.Уәлихановтың зерттеуші-ғалым екендігін еңбектері арқылы дәлелдеп   

Шоқан Уәлиханов – ұлы ағартушы, қазақтың ғұлама ғалымы, тарихшысы.  

Этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің 

тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ халқының ғалымы және 

ағартушысының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады деп айтуға болады, себебі 

Шоқан өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстарға жетіп, 

қазақ ғылымының негіін салушы адам ретінде аты бүкіл әлемге танылды. 

Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын 

бекетінде дүниеге келген. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған. 

Шоқан кейін орыс мектебі тәрбиесінде өскен. Мектептегі оқуын бітірген соң, Шоқан 

Омбыдағы Кадет корпусына түседі. Кадет корпусы ағартушы-ғалым үшін ғылым 

саласындағы талантын ұштауда орны ерекше, себебі Шоқанның көптеген зерттеу 

жұмыстары Кадет корпусында оқып жүргенде жүргізілген болатын.  

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

Шоқан жазғы демалыс уақыттарында ел ішіндегі аңыз әңгімелерді, халық 



жырлары мен поэмаларын жазып алумен шұғылданған. Осыған дәлел, Шоқанның 

алғашқы жазып алған шығармаларының ішінде «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жыры 

болған. Ғалым өзінің ерекше дарындылығымен көзге түскен болатын, сондықтан ол 

тек қана халық мәдениетіне көңілін бөлген жоқ, сонымен қатар сол кезеңдегі 

саяхатшылардың өмірі мен ісіне қатты қызығушылық танытқан болатын. Осының 

арқасында ол саяхатшы болуды, соның ішінде Орта Азияны аралап, зерттеуді 

мақсат етіп қойған болатын. Өзінің мақсатын жүзеге асыру үшін Шоқан 1855 

жылы Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралап, қазақ халқының 

тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында құнды материалдар жинап 

қайтады. Осыдан кейін Шоқан «Тәңір», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы»  

деген еңбектерді жазған болатын. 1856-1857 жылдары аралығында Шоқан Қырғыз 

елін зерттеу экспедициясына қатысып, кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария 

тарихын зерттеумен шұғылданады. Осы сапарлар барысында ғалымның танымал 

«Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының 

күнделіктері» атты еңбектері дүниеге келеді. Бұл еңбектерде жергілікті 

халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті және қырғыздар Ұлы жүз қазақтарының 

этнографиясы жайлы сөз етіледі. Шоқанның бұл еңбектері оның ағартушы-ғалым 

ғана емес екенін, сонымен қатар зерттеуші-ғалым екенін дәлелдей түскендей. 

Қорыта келе, Шоқан Уәлиханов қазақ тарихында қалдыран іздері әрқашан 

кейінгі ұрпақтың есінде болады деп ойлаймын, себебі Шоқан – өз еліне шын берілген 

қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға. 

 

 

 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет