1. М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса» өлеңіндегі идея үндестігін дәлелдеп жазыңыз


Ы.Алтынсарин әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі екендігін дәлелдеп



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата03.04.2020
өлшемі0,67 Mb.
#61442
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
50 Esse Zharatylystanu

28.Ы.Алтынсарин әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі екендігін дәлелдеп 

жазыңыз. 

Халқымыздың ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған 

зиялылар көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы, ұлт тарихында аты мәңгі 

өшпейтін кемел тұлға – Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай әңгімелері өз заманының 

келелі мәселелерін қамтыды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, 

адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке және де тағы басқа ізгі 

қасиеттерді үйретуге шақырады. Осыған дәлел, Ыбырайдың «Қазақ 

хрестоматиясына» енгізген, тәлімдік мәні зор әңгімелері: «Қара батыр», «Байұлы», 

«Жиренше шешен», «Тазша бала туралы ертегі», «Таза бұлақ» және тағы басқа ұлы 

Ыбырайдың шығармалары. Осы «Қазақ хрестоматиясына» енген Ыбырайдың көркем 

шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

санасына әсер ететін, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап 



көрсетті. Осы арқылы ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін 

жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар 

аударғанын көруге болады. Ыбырай әңгімелерінің негізгі қайнары халық тұрмысынан 

алынған. Ол өмірді және адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс суреттеп

шындықтан алшақтамаған деуге болады, себебі Ыбырай әңгімелерінің кейіпкерлерін 

шынайы өмірге тән әрекеттері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты. 

«Ыбырайдың әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі» деп айтуға толықтай негіз бар. 

Себебі, оның көптеген әңгімелері тәрбиелік мақсатта жазылғаны бізге мәлім. 

Ыбырайдың әңгімелерін қарап отырып, оларды тақырып жағынан еңбек пен өнерге 

баулитын және адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп 

қарастыруға болады. Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы – еңбек. Ол еңбек 

адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға 

келмейді де еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбиі негізі адал еңбекте деп тұжырым 

жасайды. Осыған дәлел, оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар. 

Мысалы, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Байлық», «Әке 

мен бала», «Асыл шөп» және «Қыпшақ Сейітқұл» сияқты әңгімелері өзінің 

өнегелігімен ерекше мәңгі тәлім берер күші  мол көркем шығармалар. 

Жазушының келесі бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. 

Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен 

ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына көптеген асыл 

қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл 

тақырыпта да жазған Ыбырайдың әңгімелері бар. Мысалы, «Бақша ағаштары», 

«Таза бұлақ» және тағы басқа да әңгімелерінде тәрбиенің ізі жатыр деп толықтай 

сеніммен айтуға болады. 

Қорыта келгенде, Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды болса да, олардың 

ішіндегі тәрбие берер терең мағыналы сөздердің болуы, әр әңгіменің тағылымдық 

мәніне ерекше көңіл аудару ұлы ағартушы Ыбырай шығармаларының өзіндік 

ерекшеліктері бар екенін анықтауға болады. Оларды түсініп оқыған адам ғана ұлы 

ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

29.Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең – сөздің патшасы» 

өлеңдеріндегі үйлесім тапқан ән мен өлең құдіретін талдап жазыңыз. 

Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны, аудармашысы болып табылады. Ұлы 

ақынның «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең – сөздің патшасы» деген ұлы өлеңдері 

көптің көңіліне ой салатын өлеңдері болып табылады. Бұл өлеңдер талдауды қажет 

етеді. 

Бірінші «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңіне талдау жасап көреді. «Құлақтан 

кіріп, бойды алар...» Абайдың өлең, ән-күй туралы жазылған идеялық жағынан өте 

күшті, көркемдік қасиеті де соған әбден сай келген тамаша шығармасының бірі. Бұл 

өлең Абайдың көркем шығарманы, ән-күйді жоғары бағалағандығының анық айғағы. 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

Өлеңнің бірталай жері Лермонтовтың туындысынан жолма-жол тәржімаланып 



алынғанымен, алайда жаппы алғанда Абайдың өз шығармасы. Ал «Өлең – сөздің 

патшасы, сөз сарасы» өлеңіне де кезек келді. Ол – қазақ оқушысына ертеден даңқты 

көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі өлең. Бұған шейін 

ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған 

жоқ-ты. Ең алдымен бұл өлеңде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары, әлеуметтік 

тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді. 

Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт-санасын 

танытады. Ең алғашқы сөздерде өлеңге көркемдіктің шартын қойып, эстетикалық 

жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы – поэзия екенін 

биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады. Ал 

шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатыны сөз болады. Шын жақсы өлең өзі де 

даналықтың айғағы дейді.

 

Бірақ өзіне шейін қазақ көпшілігіне жайылып жүрген өлең 



бұны қанағат еткізе алмайды. Айтушы да, тыңдаушы да надан болғандықтан 

поэзияның зор қасиеті тумай да, танылмай да жүр дейді.Келесі бір-екі шумақта 

Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен дәлелдейді. Мұсылманшылықұғымынша 

еңбеделді деген жайларды дәлелдейді. Тәңірінің өзі, пайғамбары, мұсылмандарға 

ұстаздықетуші әулие ғұламасы –бәрі де өлеңді қадірлейтін боп аталады. Бірақ 

қатты ескертетін нәрсе, Абай бұл жерде ислам дінін мадақтау үшін жаңағыларды 

сөз етіп отырған жоқ. 

Қорыта келе, Абайдың бұл өлеңдері қазақ әдебиетінің төрінен ойып тұрып орын 

алды. 

 

 

 

 

 

 

 

30.А.Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке 

қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын деректер арқылы дәлелдеп 

жазыңыз. 

«Адамзаттың Абайы» атанған хакім , дана да, дара ақын, ойшыл Абайдың 

артына қалдырған мұраларының бірі – қара сөздері.Абайдың қара сөздері күллі 

адамзат баласына арналған.Себебі, өзінің қара сөздерінде жақсылық пен жаманның, 

естілік пен ессіздіктің парқын ажыратып көзіңе көрсетеді.Көрсетіп қана қоймай, 

нағыз, толық адам болу жолын ұсынады. 

Ақынның естілік пен білімділікті дәріптейтін қара сөзінің бірі – он тоғызыншы 

сөзі.Абайдың он тоғызыншы қара сөзінің өзектілігі неде жатыр?  

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

Біріншіден, Хакім Абай бұл қара сөзінде дүние танымы бойынша сананың, 



ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің ғана нәтижесі мен тәрбиеден 

туындайтын нәрсе деген ой тастайды.Яғни, адам баласының туа салып есті болмай, 

көріп, естіп, ұстап көре біле білімді болатынын айтады.Сонымен қатар, естіліктің 

жеке өзі ғана іске жарамайтынын тілге тиек етеді.Себебі, естілердің сөзін 

ескермесең, жақсы мен жаманның арасын ажырата алмасаң, құр естіліктен пайда 

жоқтығын ескертеді. 

Екіншіден, есті сөздерді есіткенде салғырттанып, шайқақтамау керек 

дейді.Себебі, өмірде кейбір адамдар естілердің айтқан ақылын есіткен соң, шыға 

бере ұмытып кетеді.Осылайша, бұрынғы өз қалпына түседі.Мұндай адамдарды ақын 

сөз танымайтын, сөздің мәнісін ұғынбайтын адамдар деп ойлайды.Одан да шошқаны 

баққан жақсы деп, сөз танымайтындарды қатты сынға алады. 

Расымен де, ақын айтқандай, өмірде сөзді ұқпайтын адамдар кездеседі.Ондай 

адамдар өзімдікі жөн деген өзімшіл пікірмен жүреді.Ал, қоғамда мұндай адамдардың 

айналасына зиянын тигізетінін білеміз.Өзімдікі жөн деген адамда сабыр да, сақтық 

та болмайтыны белгілі деп ойлаймын. 

Ойымды қорытындылай келе, мың жерден білімді болып тұрсаң да, есті сөзді 

ескеріп, қажетіңе жаратпасаң, білімділігің  түкке тұрғысыз деп ойлаймын.Себебі, 

жақсылыққа жақсылық, естілікке естілік қана үйір болады.Есті сөзге сүйініп, көңілге 

түйінгенде ғана мәніне терең бойлап, өміріңе жаратады екенсің.Ендеше, Абай 

айтқандай, естілердің сөзін ескеріп жүрейік. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31.Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің 

әлсіздігін талдап жазыңыз. 

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы Ескендір қандай адам? 

Ақылдылығымен, айласымен, көрегендігімен, талапшылдығымен, мақсат 

қойғыштығымен атағы жер жарған, ешікімді өзіне бағындырмай қоймаған даңқты 

тұлға. Керемет! Осыншама ұлы қасиеттерге ие  атақты патшаның бойында міні 

бар ма, әлсіздігі бар ма?! 

 Иә, бар! Және ол әлсіздіктері аз да емес! Ғұлама Абай оның жауабын поэманың 

өзінде бізге ұғындырып та берді.  Ақын патша ұлылығын көрсете  отырып, сол 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

«ұлылықтың» астарында әлсіздіктің жасырынып жатқандығын дәлелдей жазады. 



Македониядағы бала күнінен «ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ» бала. Әкесі 

өмірден кеткен соң жиырма жасқа әлі толмаған жігіт билеуші болды. Өзін алып 

билеуші санаған Ескендірге оның мемлекеті  өте кішкентай болып көрінді: «өз 

жұрты аз көрініп, көршілерге көз алатып қарады оңды-солды». Осылайша,  дайын 

билікке оп-оңай қол жеткізген Ескендірдің бойындағы көрсеқызарлық оты тұтанды. 

  Ескендір неғұрлым көп жерді жаулап алған сайын оның ашкөздігі мен 

қатыгездігі өрши түсті. Бұл-заңды құбылыс. «Алтын көрсе, періште жолдан таяр»,- 

деп халық та айтқан емес пе?! Ешқашан  қылышы майырылмаған Ескендір енді үсті-

үстіне масаттана береді. Жолында не кезіксе, соның барлығы ұлы  жеңімпаз 

Ескендірге тиесілі болуы тиіс! Тіпті, кішкентай бұлақ та оның ашкөздігін  

тоқтатпады:  

«...Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп,  

Талқан қылып шаһарын алыңыздар!». Көрдіңіз бе, жойқын билеушінінің екпінін 

ешкім де тоқтатпайтын сияқты! 

         Тойымсыздық, ашкөздік, қанағатсыздық, қатыгездік, өзінен басқаны 

көрмеу, өзгені мойындамау, қырып-жою ұлылық па? Жоқ, бұл барып тұрған 

қасиетсіздік, осалдық, патшаның өзі байқамаған сорақы әлсіздігі! Поэманың 

ақырына қарай: 

«...Тоя ма адам көзі мың-мың санға... 

...Қанша тірі жүрсе де өлген күні 

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен...» деген жолдарда Ескендірге ақылшысының 

сынай айтқаны патшаға терең ой салады. Ешкімге құлақ аспаған даңқты билеуші 

дана  Аристотельдің әрекеті мен ақыл сөзінің алдында осылайша алғаш рет 

мойұнсынды. 

    Қорыта келе, Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында ақын зұлымдық пен 

мейірімсіздікті ақылға жеңдіреді. Поэмадан ұлылық пен даңқ иесі болу-ашкөздік, 

қанағатсыздық, жауыздық, менмендіктен жасалмайтындығы жайлы дана ой түюге 

болады. 

 

 

32.Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ 

қызына керағар мінездерін талдап жазыңыз. 

Шәкәрім Құдайбердіұлы –  әдебиетіміздің алтын қорына өзінің асыл мұраларын 

қалдырып кеткен қаламгердің бірі.Ел арасындағы аңыздарға негіздей отырып, «Еңлік- 

Кебек» поэмасын жазып қалдырды.Әдебиетті парақтар болсақ, Шәкәрім сияқты 

аңыз негізіндегі ғашықтар тағдырына қалам тартқан қаламгерлер санаулы 

ғана.Шәкәрімнің бұл дастанының өзектілігі неде? Менің пайымдауымша,  рулық 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

тартыс кезінде болған бұл оқиға қазақ халқының салт- дәстүрінің беріктігін 



дәлелдейтін туындыға негіз болған. 

       Поэмадағы бас кейіпкер – Еңлік қыз.Еңліктің қазақ қызына тән кереғар 

мінезі дастанның қай тұстарынан көрінеді?  Біріншіден, Еңліктің  қазақ  қызына тән 

кереғар мінезі үйге келген  танымайтын  қонаққа сыр білдіргені, қонаққа өз төсегін 

дайындағаны  қазақ қызының бойына жат қылық деп есептеймін.Бұрын-соңды қазақ 

қызы өз төсегін ер адамға салып бергенді қойдым, қыздың төсегіне ешкім де 

отырмаған.Сол себепті,  поэманың басында-ақ  Еңлік өзінің кереғар мінезін көрсетіп 

қойды деп ойлаймын. 

Екіншіден, Еңліктің қазақ қызына керағар мінезі Кебекке ол көрсеқызар, 

жеңсікқой қыз болып көрінуінен де байқалады.Бірақ, бұл мінезін Еңліктің өзі 

басындағы ауыр мұңын айтып жуып-шайғандай болады. Еңліктің:  Ей, батыр сен 

жатырсын, ұйқың қанбай,Мен жүрген бір сорлымын бағым жанбай, -деп жігітке 

өзінің бірінші болып тіл қатуы қыз балаға тән ұяңдықты жоқ етіп тұр емес пе? 

Еңліктің бұл қылықтарын басындағы ауыр мұңынан деп ақтағанмен де, әке мен ана 

тәрбиесін көрген қазақ қызы арына дақ түсіріп тұрғандай көрінеді маған.Сондықтан 

да, өз басым Еңіліктің бұл жат қылықтарын қолдамаймын. 

 Ойымды қорыта келгенде, дастанда Еңліктің қазақ қызына кереғар жат 

мінездері көп жерінен байқалатынын айтқым келеді. Қазақтың қызы әкесінің 

рұқсатынсыз жігітпен сөйлеспеген, қазақ қызы атастырылған жары бола тұра,  

жігітке өз сезімін бірінші болып   білдірмеген.Сондықтан да, әр қазақтың қызы қызға 

тән ибалы, инабатты қалпын сақтаса деген тілегім бар.Және қазақ қыздарын 

осындай жат қылықтардан аулақ болуыға шақырамын! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

33.Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңіндегі Абайды үлгі етудің 

себебін талдап жазыңыз. 

         «Жастарға» өлеңі –Шәкәрімнің ағартушылық нысанын жария еткен әйгілі 

туындысы. Абай көтерген адам болуға ,азамат болуға шақырады.Ал қазіргі таңда 

Шәкәрім айтқан Абайдың толық адам болу қасиеттері жастар бойынан табыла 

ма? Осы сауал төңірегінде мен өз көзқарасымды ашып көрсетсем деп едім. 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

       Қазақ халқының тарихы  мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған , Ұлы Абай 



мектебінің  дәстүрін жалғастырушы Шәкәрім Құдайбердіұлы "Жастарға" деген 

өлеңінде өз ортасынан білімді,әрі ойшыл жан деп Абайды ғана таныған . Біріншіден, 

оның өнеге көрген ортасы Абай әулеті еді. Екіншіден, жетімдік көрмей өсуіне себеп 

болған Абайдың тағылымы еді.Сондықтан да жастарды адалдықты сүюге, 

арамдық-қулықтан қашуға,үлкеннің ақылын тыңдауға шақырды.Осындай игі 

қасиеттерді  бойына сіңіріп өскен жастар жалын жүректі,өршіл намысты,биік 

рухты болса,ол елдің  еңсесі де биік болмақ . 

      Шәкәрім  «Жастарға»өлеңі  арқылы жастарды  Абай арқылы  түзеткісі 

келді. Абайдың арман-мұратын  білім,ғылым үйренуді , адал еңбек  

етуді,адамгершілікті,әділдікті ту етіп  көтеру,надандық,алауыздықтан  аулақ 

болуға шақырады.Оны ақын "Жастарға" өлеңінде: "... Бір білімді данышпан жан 

табалық, 

 ... Ал енді олай бола кімді алалық?... 

 ...Жалыналық, Абайға жүр, баралық!"- дейтіні де сондықтан. Ол жастардың 

өмірлік мақсаты туралы айта отырып,өзінің  өнерпаздық  бағытын да айқындайды. 

«Қазақта қай жақсы бар сөз саларлық?» деген сауал қойып,кім болса да үлгі аларлық   

«білімді,данышпан»,шынайы ғалым Абай дейді. Шәкәрім өмір бойы  ақ пен 

қара,әділдік пен зұлымдықтың  құрбаны болып  өтті. 

      Қазақ  қашанда жамандығын жасырып,жақсылығын асырып  айтқан халық 

қой.Десек те, жастар тәрбиесінің  көлеңкелі тұстарын жасырып,қоғам өмірі үшін 

аса маңызды бұл мәселеге атүсті  қарауымыз  өз тамырымызға балта шабумен 

бірдей.Соңғы кезде замандас құрбыларымның бойындағы теріс қылықтарды,қазақи 

бояуға  мүлдем ұқсамайтын  жат бейнелерді көріп қынжыламын. Дегенмен, 

бостандығымызды  баянды етер  болашақтың барыс жүрек ,Қырандай күшті, 

арыстандай айбатты,жолбарыстай  қайратты бар  жастарымыздың  ел игілігі 

үшін  атқарылып жатқан  бастамалардың  басы-қасында жүргені де 

қуантады.Сондықтан, тәуелсіз мемлекеттің  іргетасын  қалаушы «Сенде бір кірпіш  

дүниеге,кетігін тап та бар  қалан»,-деп Абай атамыз айтқандай,Отанымның  

өркендеп өсуіне  бар күш-жігерімді  аямаймын. 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай  түйінін айтар болсақ, Шәкәрім шығармаларында 

айтылған  Абай бойынан  үйренерлік адами   құндылықтарды  басты орынға 

қойса,нұр үстіне нұр болар еді.Ұлттың бүгіні мен келешегі-белсенді жастардың 

қолында. 

34.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни 

көзқараспен талдап жазыңыз. 

Адамзат қоғамының осы уақытқа дейін ұлы құндылығының бірегейі-

адамгершілік. Сол адамгершілік атауының тамырына нәр берген құтты құнар 

қайырымдылық пен мейірімділік. Егер адамның бойында мұндай ізгілік болмаса, 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

біреуге біреу ақ сезіммен, таза пейілмен жан шуағын төкпесе, тіршіліктегі 



жамандық атаулының тоңы жібімейді. Осындай ойға қонарлық, үлгілі, өнегелі, 

сөздерді асыл мағынада Мәшһүр Жүсіп Көпеев атамыз қалдырып кеткен екен. 

Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіптің көп қырлы талант екені 

елге мәлім. Қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған 

білімдар адам болғаны анық. 

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама»өлеңінің астарлы ойы, менің ойымша, 

адамгершілік пен мейірімділікке арнап жазылған. Бұлбұл мен Қаршығаның өзара 

үдеуіне ақын атамыз"Адамның да ішінде адалы бар»,-деген сөзге келістіргендей.Кіп-

кішкентай гүлге ғашық болған парсының «Сандуғашы»,қаршығаның жанында бірдей 

болса да , айырмашылығы неде?-деп сұрайды.Қырағы құс қаршығаның жауабын оқи 

отырып, өзімше түсінгенім: Адамға,ұят, иман, сабыр-қазық, 

Қанағат, рақым, шапағат өмірге озық 

Ақыл, ой-ар, намыстың күзетшісі 

Бұған сенсең кетпейсің жолдан азып. Адам ешқашан жаман болмайды. Адамның 

мінез-құлқы, іс-әрекеті жаман бола алады.Адамдардың ішінде мінезі қатып қалғаны 

да болмайды. Істеген әрбәр ісі, сөйлеген әрбәр сөзі тікелей адамның өзіңе 

байланысты немесе өзінің жүріп-тұрып жүрген ортасына байланысты.Өз ортаңның 

елеулі де , сыйлы мүшесі болғың келсе, ең алдымен, адамгершілікке, мейірімділік пен 

қайырымдылыққа жақын болу керек.Осы қасиеттер арқылы өзіңді ғана емес, 

қоршаған ортаңды да өзгерту қиынға соқпайды деп ойлаймын, Осы өлеңді оқи 

отырып, бұлбұлдың жауабын талдау арқылы жазылған «Ғибратнаманың» 

қазақылық әсері мол екенің байқадым. «Тізе бүгіп тірі жүргенше, тік тұрып өлген 

артық» -деген сөзі есіме түсіп кетті. Бір жол өлеңнің мағынасы сондай зор... 

Ойымның соңында, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде Абай 

атамыздың сөзін қолдансам деймін. «Адамның жақсысы-адамға сүйіспеншілікпен 

қарайды»,-демекші адамның жақсысы болайық! Ынтымағымыз бен бірлігіміздің, 

адамгершілік пен сүйіспеншілігіміздің күшімен одан әрі көтеріп, өзге елдің алдында 

үлгі болайық! (293) 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет