48. Этносаяси шиеленістер. Этносаралық келісімнің Қазақстандық үлгісі. Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы даудамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси-әлеуметтік егес, дау-шарларға қарағанда ол өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе. Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте әр түрлі тілде сөйлейтіндердің (Бельгия, Швейцарияда), әр түрлі дінге сенетіндердің (Индиядағы сикхтар, мұсылмандар, индустар; Ливанда христиандар мен мұсылмандар), әртүрлі ұлттар (бұрынғы Кеңестер Одағында), әртүрлі нәсілдер (Оңтүстік Африка елдерінде) арасында болуы мүмкін. Әдетте мұндай кақтығыс әртүрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады. Өз ұлтының екілдері езгіге, қысымшылыққа түсіп отыр деп ұққан этнос халқының арасында үгіт жүргізіп, ұлттық ынтымақтастық білдіре бастайды. Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік-таптық сатына жоғары денгейде тұрады да өздерінен басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда артықшылықтармен, жеңілдіктермен пайдаланады. Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, ұлта- ралық жанжалдарға жол ашады. Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі – этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз ұлттың өкілдері өз алдына автономия алу, тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:1.автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;2.белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;3.өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу. Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі — түптеп келгенде езінің мемлекеттігін орнату. Мұндай ұлтаралык кақтығыстар қазіргі таңда жеткілікті. Мысалы, Солтүстік Ирландия мен Англия, фузиндер мен абхаздықтар, осетиндер мен ингуштар арасындағы, Таулы Карабахтағы, Молдавадағы және т.с.с. жанжалдар. Олардың негізінде жергілікті халықтан басқа ұлт өкілдерінің саяси және азаматтық құқықтарының қысымшылық көруі, ұлттық егемендік, ұлттық-мемлекеттік құрылым мәселелерінің және т.б. жатыр.
49. Мемлекеттің пайда болу теориялары мен концепциялары. Мемлекет пен құкықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Осы құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм ілімі мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа – қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым – мемлекет пайда болады. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жағдай туғызу үшін құрылған. Сондықтан кандай да мемлекет болсын тек қанауды максат тұтып, бай, яғни үстем таптың игілігін көздеп, соның мүддесін қорғайды. Ф. Энгельс "Отбасы, жеке меншік және мемлекеттің пайда болуы" деген ғылыми еңбегінде мемлекет пен құқықты үстем таптың құралы деп таниды. Социалистік мемлекет те таптык мемлекет. Бірақ ол сан жағынан қоғамның басым көпшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |