46. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси шиленістердің алдын алу технологиялары. Субъектілердің арасындағы қақтығыстың тоқтауымен шиеленіс аяқталады. Алайда, бұл жағдай көпке созылмай, шиеленіс қайта басталуы мүмкін. Шиеленіс толық шешімін тапқанда ғана, оның толық аяқталуы қамтамасыз етіледі. Əрине, бұл қоғамдағы барлық шиеленістер толық шешіліп, келісім орнайды деген сөз емес. Өмірде екі жақтың уақытша келісімге келуі немесе жартылай шешімі табылатын шиеленістер жиі кездеседі. Сол сияқты шиеленісті күшпен басып тастау да жиі орын алатын жағдай. Мұны шиеленістің шешілуі деп түсінбеу керек. Р.Дарендорф атап көрсеткендей, басып тасталған шиеленіс қатерлі ісік тəрізді, оның асқынуы əбден мүмкін. Əлеуметтік шиеленісті толық шешу үшін оны туғызған себептерді жою керек. Бұл жерде айта кететін бір жағдай – субъективтік себептерден туындайтын шиеленістерді шешудің қиындығы. Эмоцияға байланысты шиеленістер толық шешілуі үшін екі жақтың адамдарының бір-бірлеріне деген көзқарастары толық өзгеруі керек
47. Қазіргі жағдайдағы саяси дағдарыстан шығу тәсілдері. Кейнс экономиканы дағдарысқа қарсы реттеу жөнінде бірнеше нақтылы шаралар ұсынды. Ол мемлекеттік шығындарды азайту немесе арттыру, экономикалық конъюнктураға байланысты салықтар мен банк пайыздарын кеміту немесе көбейту арқылы экономиканы жалпы мемлекеттік реттеу (макрореттеу) механизмін жасады. Дағдырыс жағдайында "сұранысты қампиту", яғни өндірісті ынталандыру мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салық пен банк пайызын азайту, ал экономиканың "қызып кеткен" және инфляция жағдайында шығындарды азайту, салықтарды және банк пайызын көбейту ұсынылды. Мемлекеттік реттеудің бұл шаралары "тоқта-жүре бер" ұстанымы леген аталды. Әлемдік экономиканың, әсіресе – қаржының, ғаламдануы. Мұнай бағасының өзіндік ерекше қалыптасуы және оның бүкіл қаржы сферасына әсер етуі. Баға қалыптасуының «классикалық» тәртіптен ауытқуы. Банктердің және трансконтиненталды корпорациялардың шексіз үлкейіп кетуі нарықтық қатынастардың қозғаушы күші – бәсекелестікті басып тастауы. Халықаралық қаржылық институттар қызметтеріндегі тығырыққа таяну. Ұлттық банктердің жұмысын реттеу және бақылау ісіндегі кемшіліктер. Қазақстан экономикасындағы дағдарыстың ерекшелігі – ол монетарлық емес, құрылымдық екенін көптеген отандық ғалымдар мойындап отыр. Сондықтан жалғыз қаржылық манипуляциялар арқылы ғаламдық дағдарысты түпкілікті жеңіп, дамудың тұрақты жолына шығу мүмкін емес. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылдың 6 наурызындағы жолдауында елдің дамуының негізгі бағыттарының бірі инновациялық экономиканы құру және оның шикізаттық емес секторын дамыту болып қала беретіні аталып өтті. Қазақстандағы қалыптасқан технологиялық құрылым әлемдік стандарттардан алыс. Қазақстанда өндіріс негізінен ескі технология және ескірген техникаға негізделеді. Экономиканың құрылымында қазіргі заманға сай ғылыми сиымды өндіріс жоқ. Реформа кезеңінде экономикаға тартылатын инвестиция көлемі өскені және Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы жақсарғаны байқалды, ол өз кезегінде елдің қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін жақсы базаны қалыптастыруға көмек берді. Бұл жағдайда жасалған индустриалды – инновациялық стратегия елдің экономикасын жақсартудың маңызды факторларының бірі бола алады. Индустриалды–иновациялық дамудың негізгі мақсаты болып өңдеуші өнеркәсіп және қызмет көрсету сферасында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауар, жұмыс және қызметтерді өндіру, өндірілетін өнімге халықаралық сапа стандартын енгізу табылады.