Қазақ тілі
1-мәтін
Үлкендер жапон туралы ең жақсы әңгімесін ең алдымен балаларға, жастарға айтады. Олар бүгінге бас ауыртпайды, болашақты ойлайды. Жаны тыным таппай, жаңалық іздейді. 1.........., мұнда бәрі де жастар үшін жасалады. Ал жастар оған адал еңбегімен жауап береді.
Бұл елдің жастары өзін биік ұстайды, биікке ұмтылады екен. Токионың 2........ ортасында жастар көшесі, жастар алаңы бар. Бұл жердегінің бәрі жастарға арналған. Тамақ та, киім де арзан. Үкімет болашақтан үміт үзбес үшін жастарға бар жағдайды жасап қойған. Жастар осы жерде өзін қызықтырған, толғандырған шаруалармен айналысады. Провинцияда тұратын жастар, мектеп оқушылары жастар көшесін бір көруді армандайды. Сол үшін де мектеп оларға жағдай жасап, жақсы оқыған жастардың арман-тілектерін орындап отырады.
Жастардың арманы орындалар жер осы. Мұнда түрлі мерекелер, ата-анаға, бауырға қайырымды болу, оларды басың жерге тигенше сыйлау күндері өтеді. Жастардың алдында ең ақылды данагөй шешен шалдары, Нобель сыйлығының иегерлері, жазушылар, ақындар, актерлер жүректен шыққан сөздерін айтады. Үлкен кісілер мен жастар көп пікірлеседі, сырласады. Жапон жастары бүгінгімен қанағаттанбайды, болашақ 3........., мемлекеттің гүлденуі 3.......... жұмыс істейді.
Қазақ халқы да жастарына «Ақыл жастан» деп, үлкен үмітпен қараған. «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын!» - деген А.Байтұрсыновтың дана сөзі де жастарға ел тарапынан, мемлекет, үкімет тарапынан үлкен қолдаудың әрқашан керектігін есімізге түсіреді.
Бес жасқа дейін баласын патшадай көретін қазақ 15 жасқа дейін аямай еңбекке баулып, үйрете білген, 15 жастан кейін жастарға сенім артып, біліктілігін бөліскен, үлкен өмірге шыңдаған.
2-мәтін
– Домбыра Party туралы ең алғаш Facebook әлеуметтік желісінен естідім. Суреттер мен пікірлерді көріп, бұл жобаға қызыға бастадым. Біраз уақыттан кейін бұл жерден Нұрғиса ағамыздың жазған постын оқыдым. Ол жерде бұл кісі Лондонға келетінін және Домбыра Party ұйымдастыратынын жазып, осы жерде жүрген қазақтардың хабарласуын сұрапты. 1...., мен де бұл мәселе қашан шешіледі екен, нақты болатын уақыты мен жері қашан анықталады екен деп біраз уақыт күттім. Кейін анық-қанығын білдік. Сүйінші хабарды желі бойынша жан-жаққа тараттық.
Әрине, басында «Лондондағы Домбыра Pаrty-ге аз адам келіп, ұят болып қалмағай» деп те уайымдадық. 2 ..... жанымда жүрген қазақ студенттерінің көбісінің оқуы аяқталып, басым бөлігі елге оралған болатын. 3 .... 6 шілде – Астанамыздың туған күнінде «University College London» атты оқу ордасында өткен шараға, абырой болғанда, қырыққа жуық қазақ жиналды. Жиналып қана қоймай, Нұрғиса ағамызды қолдап, өздері де домбыраны қолға алып, өнерлерін көрсетті. Көшеде серуендеп жүріп, бізді кездестіріп қуанған қазақтар да болды. Домбыраның үнін естіп, арамызға келіп қосылып жатты. Біраз қазақ бауырларымыз шетелде жүріп, өз елін сағынғаны байқалды. Осы Домбыра Party арқылы елден жырақта жүрген қазақтардың көбісі өздерін Қазақстанда болып-қайтқандай сезінген шығар. 4 ..... айтылған әндер, тартылған күйлер шын мәнінде Қазақстанға деген сағынышымызды біршама басты деуге негіз бар. Осындай қазақтардың басын қосатын, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыратын, рухымызды асқақтататын бастамалар көбейе берсе екен деп тілеймін. Ал мен өз кезегімде Домбыра Party-дің Лондонда жалғасын табуын қадағалап, септігімізді тигізуге әзір екендігімізді баса айтқым келеді.
Іңкәр ОСПАНБЕК, Лондон қаласы. www.aikyn.kz/news/view/26245
Достарыңызбен бөлісу: |