2-мәтін
Кітап- білім бұлағы. Кітап- білімнің қайнар көзі. XXI ғасырда кітапсыз өмір сүру мүмкін емес. Кітап бізге білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын әлемнің, табиғаттың жаңалықтарын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Себебі, компьютер адамның денсаулығына, әсіресе көзіне зиян. Бізге компьютерге тиісті уақытымен ғана отыру қажет.
Болашақ адамның өз қолында - кітапхананың әлі де болса маңызы бар. Адам баласының байлықтарының бірі – білім қазынасы.
Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиетарқылыда жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлауданда тиылар едік», - деген еді Ғабит Мүсірепов.
Осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да ... », - деп атап көрсеткен Шекспир. Қазіргі кезде балалардың өзбетімен кітап оқу қызығушылығы азайды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғаламтор, компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз.
Біздің мақсатымыз: балаларды кітап оқудан алыстатып алмаудың жолын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру.
4-мәтін
Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің болашағы. Осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шыға қояр ма екен деген ой мазалайды. Ал бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда
ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, – деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек».
Сондықтан баланы нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.
5-мәтін
Өнер – халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір, тіршілік құбылыстары, адамның көңіл-күйі, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Қазақ халқының басынан өткен замандары, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттықөнері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тарихқа айналды. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.
Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, оныңөмірі мен толғаныстарын баян етіп келе жатқан саласы – ән мен күйі. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең»
деп Абай атамыз айтқандай, дүниеге шырылдап әнмен келсе, өмірден өтерде де жоқтаумен қош айтысады.
Халқымыз дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, барлық оқиғаларды ән-әуенмен жеткізе білген.Қыз ұзату, үйлену тойлары, ойын-сауықтардың бәрі де ән-күй аясында өткен. Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмір іздеген Қорқыт, ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби, бейбіт, тыныш өмірді аңсап желмаясымен дүниені кезген Асанқайғы бабаларымыз үміт-армандарын музыка тілімен жеткізді.
Сөйтіп, халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс-тіршілігімен бірге жалғасып келеді.
6-мәтін
Отбасы –әр адамның ұясы. Адам ең алғаш дүниеге келген сәтінен бастап, отбасының қамқорында болады.
Мемлекет отбасынан құралады. Сондықтан отбасында балаға берілетін тәрбиенің орны ерекше. Себебі ұлттық салт-дәстүрлер, Отанға деген патриоттық сезім, жақсы қасиеттер отбасында қалыптасады. Отбасында жақсы тәрбие алған бала, болашақта еліміздің жақсы азаматы болады. Бала ата-әжесінің, әке-шешесінің тәрбиесін көріп өседі. Бала жақсылықты да, жамандықты да отбасынан алады.
... – адам өмірінің тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының маңыздылығын көрсету үшін, 2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. 2013 жылы қыркүйек айының екінші жексенбісі «отбасы күні» болып жарияланды.
1-мәтін
Әлемде барынша кең қолдау тапқан жасанды тіл. Оны варшавалық окулист Лазар Маркович 1887 жылдан бастап, оны жыл бойы көз майын тауыса отырып құрастырып шыққан. Қазір жер бетінде осытілде сөйлей алатындардың саны 2 миллионнан асады. Оларды көбіне эсперантофондар деп атайды. Көптеген еуропалықтар «кез келген білімді адамөзінің ана тілі мен қатар эсперантоны да игеруге міндетті» деп есептейді.
Олардың ойынша, бұл жасанды тіл жаппай қолданысқа енетін болса, әлемде тіл үшін болып жатқан тартыстар азайып, түбінде барша халықтар бір-бірімен аудармашысыз-ақ тілдесе алатын болады. Әдетте, шетелдіктер аралас некеден туылған балаларын эсперанто тіліне бейімдейді. Әр жылы эсперанто тілінде жүздеген кітаптар жарық көріп, фильмдер түсіріледі.
Қазір бұл тілдің болашағымен Бүкіләлемдік эсперанто қауымдастығы (UEA) айналысып жүр. Эсперанто алфавиті ... тіліне негізделіп жасалған, 28 әріптен тұрады. Ал сөздік қоры әлемде кең тараған бірнеше тілдерден жинақталған. Эсперантоның басты ерекшелігі – қай жағынан да (грамматикалық, фонетикалық) үйренуге оңай.
(интернет материалынан)
2-мәтін
Арыс өзенінің Сырдарияға құятын сағасында «Сарыкөл» деген шағын көл бар.Осы көлдің жағасында 1927 жылы Қалдаяқ деген кедей келіп, қамыстан күрке салып, осында мекендеп қалды.Татарлардың гармонын, қазақтардың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келді.
Оу, Қалдаяқ, ұлды болдың! –деген хабарды естіп, үйіне асығып келген әкеге шүберекке ораған
нәрестені ұстата қойыпты. Нәресте болса да, ересек адамның қолын сезе қойған бала шар етеді.Басқа балалардай шыңғырып жыламай, бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн шығарған ұлына қарап:
Мен сені хиссадағы Шәмшид патшаның атымен атағалы жүр едім. Бірақ
даусың патшанікі емес, әншінікіне ұқсайды екен, - депті Қалдаяқ.
Оу, Қалдаяқ, балаң адамдардың емес, әннің патшасы болса да, тақияңа тар келмес,- депті оған Құдайберген деген құрдасы.
Айтқаның келсін, Шәмшид болсын,-депті сонда баладан басқа байлығы жоқ, әрі кедей, әрі өнерпаз әке.
Шәмшид деген ат алған бала содан отыз жыл өткен соң, Шәмші Қалдаяқов болып өсіп жетіліп, «вальстің королі» атанатынын сол тұрғандар білген жоқ.
3-мәтін
Адам үшін ең қымбат нәрсе –уақыт. Ол алтыннан да қымбат.Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы.Адамның құр босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес.
Кісінің іскерлігі уақытты босқа жібермеуден басталады. Біз көбінесе сол уақытты бағалай білмейміз.
Уақыт ақсүйектікті мойындамайды.Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат.Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана биіктерге жетеді.Саналы адам уақыттың өмірді жасайтын негізгі құрал екенін жақсы түсінеді.
Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Ісіңнің өргебасуы
өзіңе ғана байланысты.Өз уақытын пайдалана білген адам бір істі жоспарлауға үйренеді.Уақыттың ысырап болуы – шығын.
Үнемі кешігіп жүретін жалқау адамға іскерлік әлемінде орын жоқ.Уақыттың бағасын біл.
Жалқаулықтан бойыңды аулақ ұста.Өзіңді-өзің тәрбиеле.
4-мәтін
Сұлулықты әркім әр түрлі түсінеді, ол туралы жалпы түсінік те бар. Табиғаттың берген сұлулығы бар. Ал адамның сыртқы сымбат сұлулығы кімге де болсын ұнайды, қызығамыз.
Жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің ең сұлуы – адам көрінеді. Әр адамның бет-бейнесі, мінез-құлқы әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Кейбір адамның бет-бейнесі айта қаларлық сұлу болмаса да, өзіне тартып тұрар бір қасиеті болады. Ол қасиет – адамның адамгершілік қасиеттерімен тығыз байланысты ішкі жан дүние сұлулығы. Өмірде сұлу адамдар өте көп, бірақ... сұлу адамдар көп деп айта алмайсың.
5-мәтін
Мен еліміздің шекарасын білемін.Кейде экономикалық аймақтары мен облыстарын шатастырамын. Оны сендермен бірге қайталаймын.
Қазақстан мемлекетінің жері кең-байтақ. Қазақстан – Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік болып бірнеше экономикалық аймаққа бөлінеді. Құрамында 14 облыс бар және республикаға тікелей бағынатын 2 қала бар.
Қазақстанның
жерінен Тобол, Есіл, Ертіс, Нұра, Зайсан, Алакөл, Марқакөл, Жайық, Талас, Шу, Іле, Ақсу, Балқаш атты көл-өзендер ағады.
Әр өңірдің топырағы мен ауа райына байланысты өсімдіктері де әр түрлі. Оңтүстік құмдарда бұталар, сексеуілдер өседі. Қазақстанның Солтүстігінде ақ қайыңды, қарағайлы ормандар кездеседі.Алтайда қылқанды ормандар сақталған. Батыста қарағаштың және теректің тоғайлары кездеседі.
Байтақ Қазақстанның жер реңі әр түрлі. Шексіз дала, басын қар басқан биік тау. Ыстық құмдар мен ну ормандар да кездесіп жатады. Республикада жер бетіндегі барлық климаттық құбылыстар кездеседі.