1. Мәтін мазмұнына лайықты даналық сөз a аталы сөзге арсыз таласар



бет3/3
Дата14.11.2022
өлшемі22,09 Kb.
#158087
1   2   3
Байланысты:
10 нұсқа

Көмбе дайындау
1. Даланың ыстық-суығына бірдей төзіп, оны тылсымын, құпия-сырын, құбылысын терең түсініп меңгерген қазақ баласы тамақты қазансыз-ақ істеп ішудің де түрлі жолдарын асқан шеберлікпен ойлап тапқан. Жайлауда ат үстінде жүрген қойшылар дәмді етті аңсаған кезде бір марқаны сояды да, қазан-ошақсыз-ақ пісіріп жеп алады екен. Мұндай тәсілді "көмбе" деп атайды. Кей жерлерде "жер қазан" деген атауы да кездеседі.
2. Көмбе дайындау үшін алдымен жерді жарты метрдей қазады да, оған от жағып, астын, екі бүйірін әбден қыздырады. Сосын оның күлін алып тастайды да, сойылған малдың етін өз қарнына салып, қарынның аузына қамыстан ұзын түтік жасайды да, ет толтырылған қарынды әлгі қазылған ыстық жерге салады. Оны ыстық топырақпен қайта көмеді. Топырақ үстінен ағаш, тал, көкпек сияқты қызуы мол отын жағады. Бірер сағат өткен соң, жер астындағы қарыннан түтік арқылы бу шығып қайнай бастайды. Бұдан кейін үстінен от жағу тоқтатылады да, ет топырақ қызуымен одан әрі өздігінен қайнап піседі. 2-3 сағат өткеннен кейін ет дайын болады. Қарын үстіндегі топырақты еппен ала бастайды. Одан әрі қарынға жеткен соң, оның үстіңгі жағын ойып жібереді де ішіндегі етті алады. Буға піскен еттің дәмі тіл үйіретіні айтпай-ақ түсінікті болар.
3. Бұл – көмбенің "қарын көмбе" деп аталатынтүрі. Ғалым-этнограф С.Қасимановтың айтуы бойынша, көмбенің "сылама көмбе", "қой көмбе", "жаужұмыр" сияқты түрлері бар.
4. "Сылама көмбе" дайындағанда қой етін терісін сыпырмай, жіліктемей, ішек-қарнын алып тастап, құйрық майларын осып, тұз салып алған соң, терінің кесілген жерлерін қайта тігеді. Терінің сыртына саз батпақты қалыңдап жағады. Қазылған әрі қатты қыздырылған жерге көміп пісіреді.Бұл тағам да 2-3 сағатта дайын болады. Ал тері сыртына жағылған саз оттың қызуымен кәдімгі қыш ыдысқа айналып кетеді.
5. "Қой көмбе" дегеніміз – қойдың терісін бітеудей сойып, мүшелеп (жіліктеп), тұздап, терісіне қайта салып, тағы да сол ыстық құмға пісіру. Көмбеге су құйылмайды.
6. Жоғарыда аталған көмбелер еттің сүйегімен бірге пісіріледі. Енді бір жерлерде ет сүйектен сылынып алынады да, сол мал терісіне, не қарынына салынып пісіріледі. Мұны пісіру үшін әрі ептілік, әрі үлкен шеберлік пен мол тәжірибе керек. Көмбені халқымыз тек қой, ешкі етінен емес, арқар, бұғы, киік, елік еттерінен де дайындаған.


13. «Көмбенің» анықтамасы
A) Отсыз ет пісіру
B) Оттың күліне ет пісіру
C) Қазансыз ет пісіру
D) Отынсыз ет пісіру
E) Топырақпен ет пісіру


14. «Көмбе» туралы зерттеу пікірі айтылатын бөлім
A) Екінші
B) Үшінші
C) Алтыншы
D) Бесінші
E) Бірінші


15. "Сылама көмбенің" қыш ыдысқа айналып кету себебі
A) Саз батпаққа аунағандықтан
B) Саз жағылып қалғандықтан
C) Қыш ыдысқа салынғандықтан
D) Сыртындағы сазға оттың әсерінен
E) Көлемі қыш ыдысқа ұқсағандықтан


16. "Қой көмбенің"ерекшелігі
A) Ыстық құмға пісіріледі
B) Ыстық суға салынады
C) Сазбен сыланып пісіріледі
D) Ыстық топыраққа пісіріледі
E) Сүйегінен ажыратып пісіріледі

17. Мәтін бойынша көмбе дайындалатын ет


A)Құс еті
B) Сиыр еті
C) Жылқы еті
D) Түйе еті
E) Елік еті

18. Мәтінде жауабы жоқ сұрақ


A) «Көмбе» әзірлеуде оттың күлін неге алып тастайды?
B) Сүйегін алып тастап пісіретін «көмбенің» түрі?
C) «Көмбе» қанша уақытта даяр болады?
D) Қыш ыдысқа айналып кететін «көмбенің» түрі?
E) Көмбені кімдер дайындаған?


19. «Көмбе» отына жағылатын ағаш түрі
A) Тал
B) Қайың
C) Жыңғыл
D) Шөңге
E) Терек

20. Мәтін мазмұнын ашатын мақал-мәтел


A) Ас – адамның арқауы.
B) Азаныңа келмеймін, қазаныңа келемін.
C) Айға жетпес асыңды, ауылдастан аяма.
D) Аз асты аяған, көп астан құр қалады.
E) Ас тұрған жерде, ауру тұрмайды.


10 нұсқа ОС

1

C

2

C

3

B

4

A

5

D

6

E

7

D

8

A

9

D

10

A

11

A

12

A

13

С

14

B

15

D

16

А

17

E

18

В

19

A

20

A


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет