63. Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаттары:
А) қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу
В) жастардың экологиялық көзқарасын , санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.
С) экологиялық мәдениет қалыптастыру
Д) қоғамдық пайдалы еңбекті қалыптастыруға тәрбиелеу
Е) табиғатты қорғауға баулу
64. Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
А) қоғамдық маңызды және мәнді сана формасы туралы білімдер жүйесін меңгерту
В) мектеп оқушыларын көркем өнер шығармашылығына араластыру
С) оқушыларда мәдени мінез-құлық және тәртіптілікті қалыптастыру
Д) оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру
Е) оқушылардың ақыл-ой қабілетін дамыту
65. Экономикалық тәрбиенің ұйымдастыру формалары:
А) сабақ, саяхат, үй тапсырмасы, қоғамдық пайдалы, өнімді еңбек
В) тәрбие сағаты
С) қосымша сабақтар
Д) практикалық жұмыс, эксперименттер
Е) лабораториялық жұмыстар, жаттығулар
66. Экономикалық тәрбие әдістері:
А) үйрету, көрсету, машықтандыру
В) баяндау, семинар
С) талдау, болжау
Д) экономикалық сөздік жасау, жаттықтыру, тәжірибелік жұмыстар, ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс
Е) кеңес беру, қорытынды жасау
67.Құқықтық тәрбиенің формалары:
А) сөздік,ақпараттық,техникалық
В) сөгіс,ескеру,ұғындыру
С) ұқтыру,машықтандыру,оқыту
Д) құықтық лекториялар, кинолекториялар, заңтану мектебі, білім беру клубтары
Е) ынталандыру,күрт өзгеру,іс-тәжірибеге енгізу
68. Құқықтық тәрбиенің мақсаты:
А)Жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және оларды сыйлау, өз Отанын қорғауға әрқашан да дайын болатын азаматты тәрбиелеу.
В)Ақыл-ой күштерін және дене күштерінің жұмыс істеу қабілеттерін көтеру
С) оқушыны экономикалық біліммен қаруландыру, экономикалық саясатты ұғындыру, экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту
Д) ) қоғамдық маңызды және мәнді сана формасы туралы білімдер жүйесін меңгерту
Е) адамгершілік сезімін, сана, мінез-құлық нормаларын меңгерту
69. Оқушыларға мемлекет, мемлекеттік құрылым және құқық , құқықтық нормалар жайында жан-жақты біліммен қаруландыру, мемлекетік заңдарға құрметпен қарау, жеткіншектердің мінез-құлықтарын заң талаптарына сай қалыптастыру
А)Құқықтық тәрбиенің мақсаты
В) Құқықтық тәрбиенің міндеттері
С)Факторлары
Д)Әдістері
Е)Жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |