Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Осы ойыннан кейін педагог балалардың бұл жағдайды математика тілінде қалай жазуға болатынын білетін- білмейтінін сұрайды. – Бүгін біз адамдарға сандардың бір бөлігін қосқан жəне алған кезде сандар қалай болатынын жазуға көмектесетін жаңа таңбаларды білеміз.
Жаңалық ашу.(Ұ) Əліппе-дəптердегі 1-тапсырма бойынша жұмыс істеуге болады, не «үй» ойынымен ұжымдық жұмысты жалғастыруға болады. Педагог «+» жəне «–» таңбаларын алып, балаларға көрсетеді. Оларды суреттегі немесе ойындағы белгілі бір жағдайда сандардың арасына қоюды ұсынады. Сосын жиынтық полотнода заттар санайтын материалмен (бұл жағдайда екі түстегі шаршылармен) ауыстырылады: Жазбалар шығады. Педагог мұндай жазбаларды дұрыс оқуға үйренуді ұсынады. Хормен оқу тəсілі қолданылады. Бұл жазбаларды түрліше оқуға болатынына балалардың назарын аударыңыз. (Ж) Жұппен бұл жерге қандай сандарды жəне неге қою керектігін талқылауды ұсыныңыз. Қолданылатын сөздер: қосу, жиынтықтау, плюс, ... арттыру, азайту, шегеру, минус. Педагог оқу үлгісін ұсынады, балалар оның артынан қайталайды. Одан кейін балалар мысалдарды түрлішеоқиды.
( Ө) № 2 тапсырмада белгілерді айналдыра бастырып сызу берілген. (П) Жұп болып № 3 тапсырмада қандай сандарды жəне неге қою керектігі талқыланады. (Т) Топтарда ұқсас жағдаят жасаңыз. Балалар пойызбен жүріп бара жатқандарын бейнелейді. Олар бір-бірінен ұстайды. «Аялдамада» бір бала «шығады», ал қалғандары: «бесті бірге азайтқанда төрт қалады» дейді. Одан кейін қозғалыс жалғасады. Аялдамада тағы бір бала шығады. Ойын осылай жалғасады. Сонымен қатар сабақтарда алу мен қосу мысалдары үшін №7-9 полотно қолданылады. Одан кейін балалар орындаған жұмыс түрлерін естеріне түсіреді. Нені жеңіл жəне сəтті орындағанын, неден қателескендерін немесе қиналғандарын талдайды. Смайликтердің немесе басқа шартты белгілердің көмегімен өз жұмысының нəтижесін көрсетеді.
1-10 сандары бар карточкалар
Əліппе-дəптер, санайтын материал, сандары мен таңбалары бар карточкалар
Əліппе-дəптер, жиынтық полотно, үлестірмелі материал– сандары бар карточкалар