Басталуы 0–5 минут
Ортасы 6–15
III. Тақырып бойынша жұмыс 16–25
|
Ынталандыру.
Педагог балаларды жыл мезгілдері туралы əңгімеге тартады.
Жұмбақ шешуді ұсынады.
Өзектендіру.
«Бұл қашан болады?»дидактикалық ойыны
Ойын барысы:
Барлық ойыншыларға педагог əртүрлі түсті 4 шаршыдан үлестіріп береді. Əр түс белгілі бір жыл мезгілін білдіреді, мысалы: сары – күз, көк – қыс, жасыл – көктем, қызыл – жаз. Педагог (немесе бала) қандай да бір мезгілдегі құбылыстың (мысалы, жапырақтардың түсуі). Балалар шапшаң сəйкес түсті (сары) шаршыны көтеруі керек.
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ)Табиғатты бақылай отырып, халық жыл мезгіліне байланысты көптеген жұмбақтар шығарды. Бір-бірлеріне жұмбақ жасыру ұсынылады.
Жаңалық ашу.
(Ұ) Педагог 1-тапсырмадағы «Жыл маусымдары» деген суретке қарауды ұсынады. Балалар маусымдарды жəне олардың белгісін атайды. Əрі қарай балалар өзінің таңдауын түсіндіре отырып, маусымдар мен сюжеттік суреттерді өз бетінше біріктіреді.
Жаңаны қолдану. (Ұ) «Болады, болмайды» дидактикалық ойыны.
Педагог белгілі бір жыл мезгілінің белгісін атап, допты лақтырады. Егер бұл белгі сəйкес келсе, бала допты тосып алады, егер сəйкес келмесе, допты тосып алмайды.
(Ө) 2-тапсырманы өз беттерінше орындайды.
(Ж) 3-тапсырма жұппен орындалады. Балалар маусым бойынша сəйкес келетін заттарды таңдап, суреттерді біріктіреді.
|
«Жыл мезгілдері»,
плакат
Кеспе материал
Əліппе-дəптер
Жиынтық полотно
Әліппе-дәптер
|