Басталуы 0–5 минут
Ортасы
6–15
|
Ынталандыру.
Педагог «Фермада» топтамасынан жұмбақтар жасырады.
Бүгін біз сендермен фермада не болатынын жəне көгөністер мен жемістердің пайдасы туралы білеміз жəне олардың ұзындығын білуді үйренеміз.
Өзектендіру.
ҰОҚ-ін ойын түрінде өткізеді. Көгөністің рөлін сомдайтын кейіпкерді таңдауды ұсынады. Кейіпкер тапсырмаларды орындауды ұсынады: Екі түсті бұршақтардан заңдылық құрыңдар.
1. Бұршақты біреуден аттап қойыңдар. Бұршақтарды бір-бірден кезекпен орналастырыңдар. Бұршақтарды солдан оңға қарай жəне оңнан солға қарай санаңдар. Оның заңдылықтағы реттік нөмірін атаңыз.
2. Енді бұршақтарды басқаша орналастырыңдар.
– Қандай жануарлар көгөністерді жақсы көреді жəне қандайын? – Қоян мен мысықтың құлақтары мен құйрықтарының ұзындығы туралы не айтуға болады?
Қоянның құлағы ұзын, ал мысықтікі – қысқа, қоянның құйрығы қысқа, ал мысықтікі – ұзын. Жаңғақты немесе бұршақты өлшем ретінде пайдалануға болады.
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ж) Педагог сəбіздің (суреттегі немесе шынайы) бойына бұршақтарды қоюды ұсынады. Олардың санын санауды ұсынады.
– Сəбіздің ұзындығы бұршақпен неге тең?
– Сəбіздерді қатар жəне бір-бірінің қасына қоймай, қай сəбіз ұзын екенін салыстыра аласыңдар ма?
Педагог көгөніс пен жеміс өсетін бақшаға көз салуды ұсынады.
Жаңалық ашу.
Əліппе-дəптермен жұмыс.
(Т) 1-тапсырманың суретін қарауды жəне қашаларды ұзындығы бойынша салыстыру ұсынылады.
– Екі затты ұзындығы бойынша қалай салыстыруға болады.
|
Көгөністер мен жемістер туралы жұмбақтар.
Əліппе-дəптер. Ойыншық көгөністер.
|