Тілдік мақсаттар
|
Дағдыларын дамыту: -заттардың пішіні мен түсі туралы сөйлемдер құрастыра алады. Пəндік лексика жəне терминология: -шеңбер – дөңгелек, сопақ – сопақша, үшбұрыш – үшбұрышты, шаршы – төртбұрышты (шаршы тəріздес), тіктөртбұрыш – тік- төртбұрышты
Пікір алмасуға арналған сұрақтар: –Айналамыздағы қандай заттар дөңгелек (сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) пішінді? –... бейнелеу үшін қандай түстерді аласыңдар? –Пішіні, түсі бойынша бірдей (əртүрлі) фигураларды атай аласыңдар ма? Жазу: -жиектеу, бояу.
|
Алдыңғы білім
|
Шеңбер, үшбұрыш, шаршы. Түс: қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Басталуы 0–5 минут
|
Ынталандыру. Педагог біздің айналамыздағы көп затқа геометриялық пішін тəн екені туралы əңгімеге тартады. «Сиқырлы дорба» ойыны ұсыналады. Педагог мөлдір емес дорбаға ағаш немесе картоннан жасалған фигураларды (сопақша, текше, цилиндр) салады. Балаларды шақырады, олар алдымен дорбадағы фигураны қолмен ұстап немесе көздерін жұмған күйде көреді. Оның атауын айтады. Топтағы балалар көмектеседі. Одан кейін педагог фигураны шығарып, үстелге қояды. Өзектендіру. – Фигуралар қалай аталады? Кеспе материал немесе жиынтық полотно пайдаланылады (балалар оларға белгілі фигураларды атайды, педагог нақтылайды жəне ықтимал қателерді түзетеді). Жиынтық полотнодағы фигураларды көрсетеді. «Не қандай нəрсеге ұқсайды?» ойыны.
|
Жиынтық полотно
|
Ортасы 6-15
|
Мақсат қою (проблемалық жағдай). Бүгін біз фигуралар мен заттардың пішіндерін ажыратып, олардың кейбіреуін құрастырып жаттығамыз. Жаңалық ашу. (Ұ) Сендер əртүрлі геометриялық фигураларды тауып, оларды атауды үйрендіңдер. – Ал сендер мынандай фигураларды құрай аласыңдар ма? Суреттерге қараңдар, ұл балалар жолдарды салып жатыр. – –Олардың пішіні қандай? (Т) Əрі қарай педагог1- тапсырманы орындауды ұсынады, онда қолда бар материалдардан көрсетілген фигураларды құрау керек. Топта тəжірибелік жұмыс ұйымдастырады, балалар санау таяқшаларын, арқандарды, кесектерді, жолақтарды жəне басқаларын пайдаланады. Фигуралар үстелге қойылғаннан кейін педагог фигуралар туралы жұмбақтар оқиды.
|
Санау таяқшалары, арқандар, кесектер, жолақтар.
Əліппе-дəптер.
Фигуралар туралы білетін жұмбақтарын айтады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |