маңыздандыру.
Мақсатты
болжам.
3–5 мин.
ҰОҚ-ның ортасы
III. Тақырып
бойынша жұмыс
6 – 27мин.
|
Ынталандыру.
Педагог «Анамызбен бірге тамақ əзірлейміз» ойынына
тартады.
– Аналарың (əжелерің) бақшада (фермада, бақта) өсірілгенөнімдерден қандай дəмді тағамдар əзірлейді?
– Сендер асүйде оларға көмектесесіңдер ме?
– Сендер не істеп көрдіңдер?
Өзектендіру.
Тапсырмаларға кіріспес бұрын, суреттер жұбын ұсынады,
оларда қайсысы ауырырақ екенін белгілеу керек.
Əрі қарай педагог сұрайды:
– Мына жануарлардың қайсысы сүт береді?
– Түйе беретін сүт қалай аталады ? (шұбат)
– Жылқының сүтінен не жасайды? (қымыз)
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ) Бүгін біз шартты өлшемнің көмегімен заттарды
салмағы бойынша салыстырамыз. Тек бірдей заттар ғана
өлшем бола алады. 1-тапсырманы орындауды ұсынады.
Жаңалық ашу.
(Ө) 2-тапсырманы орындауды ұсынады, онда ең ауыр
(жеңіл) затты анықтау керек.
– Салмақты салыстыру үшін не істеу керек? (Өлшемдерді
санап, санын салыстыру.)
Жаңаны қолдану.
(Т) Шартты өлшемнің көмегімен өлшеу бойынша
тəжірибелік жұмыс ұйымдастырады.
Балалар топқа бөлініп, тəжірибелік жұмысты орындайды. Сыныптағы жабдыққа байланысты сыныпта əрқайсысы 1-2рет өлшейді, нəтижесін карточкаларда көрсетуге болады.
3-тапсырманы өз бетінше орындауды ұсынады.
(Ж) 4-тапсырманы орындауды ұсынады, онда ауыр жəне
жеңіл өнімдерді жапсыру керек.
Ілгері деңгейдегі балаларға күрделірек тапсырма ұсынуға
болады: Болат, Қайрат, Күлəш жəне Мақпал бір-бірден
жеміс немесе жидек алды.
– Кімнің жемісі ең ауыр?
– Кімнің жемісі ең жеңіл?
|