Жоспар
Жоспарланғануақыт
|
Жоспарланған іс-əрекет
|
Ресурстар
|
Басталуы 0–5 минут
|
Ынталандыру.
Лексикалық тақырыпқа кірісу үшін педагог əжелер туралы, көбінесе олар үйде қандай жұмыстарды орындайтыны жəне балалар оларға қалай көмектесе алатыны туралы əңгіме жүргізеді. Көбінесе пəтерді жинағанда заттарды орын-орнына қояды. Өзектендіру. Педагог сұрақтар қояды: – Заттар қандай белгісі бойынша жиналған? Түсіндіріңдер. –Топтардың əрқайсысына тағы не қосуға болады?
|
Үлестірмелі материалдар
Электронды жиынтық полотно, №34 кесте
|
Ортасы
6–15
|
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ)Жиынтық полотнода педагог заттар жиынын құрастырады.Мысалы, музыкалық аспаптар жиыны, киімнің жиыны.
(Ұ) – Заттарды қарап шығыңдар. Оларды қандай ортақ сөзбен атауға болады? (Музыкалық аспаптар). –Мұқият қараңдар, екінші топтағы заттарды қалай атауға болады? (Киім) Барлығы дұрыс па ? Балалар ойыншықты – асықты байқауы керек, ол киімге жатпайды. -Бүгін біз заттарды белгілері бойынша іріктеп, артығын алып тастауды үйренеміз жəне оны бекітеміз. Өздік жұмыс. (Ұ) Əліпби-дəптердегі № 1 тапсырманы орындауды ұсынады. Карточкалардың əрқайсысындағы заттар жиынын атаңдар (дөңгелек заттар, текшелер, ойыншықтар). Топтардың əрқайсысына тағы не қосуға болады? Балалар сызықтармен жалғап, өз нұсқаларын ұсынады.
|
Жиынтық полотно. №12
Əліппе-дəптер.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |