Жоспар
Жоспарланғануақыт
|
Жоспарланған іс-əрекет
|
Ресурстар
|
Басталуы 0–5 минут
|
Ынталандыру.
Мұғалім балалармен олардың сүйікті ойындары туралы əңгімелеседі. Осы ҰОҚ-де олар достарымен тағы да қызықты ойындар ойнайтындары туралы хабарлайды.
Өзектендіру. Педагог бір (немесе бірнеше) кестені қарауды ұсынады. Бұл заттардың қандай ортақ белгілері бар? (Дəмі, иісі). Əр топқа не қосуға болады?
|
Үлестірмелі материалдар,
№28-32 кесте.
|
Ортасы
6–15
|
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ) Педагог сипаттама бойынша жасырылған затты табуды ұсынады. Мысалы:
Жабайы жануар, орманды мекендейді, үлкен, жүні жалбыраған, балды ұнатады.
Жабайы жануар, айлакер, қызғылт –сары түсті, əдемі құйрығы бар.
Жəндік, түрлі түсті қанаттары бар, гүлге ұқсайды.
Қызыл түсті көгөніс, дөңгелек, адамдар оны салат пен борщқа салады.
Тəтті, кішкентай, əдемі қағазға салынған.
(Ұ) Педагог №1 тапсырманы орындауды ұсынады. Біз заттарды белгілері бойынша іріктеп, артығын алып тастауды үйренеміз жəне оны бекітеміз.
(Т) «Затты тап» ойыны. Ойын топпен жүргізіледі. Əр команда (топ) бір затты жасырады. Ал басқа командалардың (топтардың) мүшелері «иə» немесе «жоқ» деген жауаптар беруге болатын сұрақтар қояды.
Өткен материалмен жұмыс. (Ө) Жұмысты бастаудан бұрын педагог жұптарда № 2 тапсырмадағы фигуралардың реттілігін талқылауды сұрайды. Одан кейін балалар өздігінен фигуралар тізбектерін аяқтайды.
|
Үлестірмелі материалдар
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |