Түйнек бізтұмсықтары, ситондар Sitona lineatus, S. сrinitus.
Қаттықанаттылар (Coleoptera) тобының бізтұмсықтар (Curculionidae) туыстасына жататын қоңыздар. Қазақстанда ситондардың он түрі кездеседі. Олар дене құрылысы және тіршілік әрекеті жағынан бір біріне өте ұқсас.
Бұларға біржылдық және көпжылдық бұршақ туыстас дақылдарының бір шама маманданған зиянкестері кіреді. Асбұршаққа екі түрлі түйнектің бізтұмсықтары зиян келтіреді: түйнектің жолақ бізтұмсығы Sitona lineatus L. (сурет ) және түйнектің қылшықты бізтұмсығы Sitona crinitus Hbst.
Жаппай таралған. Қоңыздары басы қысқа үстіңгі қанаттарының ішіне кіріп тұрады түсі сұр немесе қоңыр, ұзындығы 3-4,5мм. Жұмыртқалары сопақша және дөңгелек басында ақшыл болады 2-3 тәуліктен кейін, жұмыртқалары қара болады өлшемі 0,2-0,3 мм. Дернәсілдері үлкен емес, құртсекілді, аяқсыз, иілгіш, басы ашық бурыл түсті, ұзындығы 5 мм дейін.
Бізтұмсықтардың дамуына көптеген жағдайлар әсер етеді. Қоңыздар көпжылдық бұршақ шөптерде қыстайды, қалған өсімдіктердің астында топырақтың беткі қабатында қыстап шығады. Ерте көктемде қоңыздар оянады. Ең алдымен көпжылдық бұршақ шөптермен қоректенеді содан соң жоғарғы температура 15 С0 дейін, біржылдық бұршаққа ұшады және қоныс аударады. Қоңыздардың қыстау орнынан шыққаннан кейін, жұмыртқа салу екі апта өткен соң басталады.
Аналығы жұмыртқаларын жапыраққа салады, жапырақта жұмыртқа нашар жабысады олар жерге домалап кетеді. Аналықтың тұқым салауы бірнеше рет және 100 шақты жұмыртқа салады. 10-15 күнде дернәсілдер жұмыртқадан шыға бастайды. Олар топыраққа еніп азотжинағыш түйнектермен қоректенеді, тамыр жіпшелерімен және басқа тамыр бөлшектермен қоректенеді. Бір дернәсіл 30-40 күнде 2-6 түйнекті жояды. Дернәсілдері топырақта қуыршақтанады да, үйшігін 2-15 см тереңдікке орналастырады.
Қуыршақтар 9-18 күнде қоңызға айналады. Жас қоңыздардың екінші жартысы маусым айында пайда болады, шығу кезеңі шілде және тамыз айларына дейін созылады. Ең алдымен біржылдық бұршақтармен қоректеніп, содан соң жиын терін кезінде көпжылдық бұршақ туыстас өсімдіктерге ұшады. Көпжылдың бұршақ өсімдіктердің жапырақтарының ерте өсіп жетілу әсерінен аз зардап шегеді, сонда да қоңыздар үлкен залалын тигізе алады, бірінші жылы бедені, жоңышқаны залалдайды.
Ең басты зардапты өсімдіктің жас жапырақтарын жеп қоңыздар тигізеді, біржылдық дәнді бұршақ дақылдарын залалдайды. Көбінесе олар қатты зақымдауын ыстық, құрғақ ауа райында, өсімдік өсуі тежеліп жатқан уақытта тигізеді.
ЭЗШ-гі бізтұмсықтардың шығуы кезеңі 1м2/ 10-15 қоңыз.
Асбұршақ бітесі Acyrthosiphon pisi Kalt. Жапай таралған. Асбұршақтан басқа олар басқа дәнді бұршақ дақылдарын залалдайды.
Жас аналығы жасыл түсті, қызыл-бүрыл көзді, мұртшалары денесінен ұзын. Құрсағының қырында ұзын шырынды түтікшесі бар құйрығының соңында ақшыл көрінер-көрінбес сызық жүргізілген. Дене ұзындығы 4,-4,5 мм.
Тамыр бөлігінде, сабағында, көпжылдық бұршақ туыстас өсімдіктерде жұмыртқа кезеңінде қыстап шығады. Маусым айында үшінші ұрпақ дернәсілдері қанатты аналық таратқышқа айналып, бұршақ және сиыр жоңышқа егістіктеріне ұшып барады. Бастапқы кезде асбұршақ бітесі ең жас өсімдіктің гүлінің үстіне орнығығып шырынын сорады. Нәтижесінде жапырақ оралып солып қалады, сабақтары оралып қалады, нашар өсіп ал бұршақ дамымай қалады. Өнім төмендейді. Қатайып кеткен өсімдікте қанатты бітесі пайда болады, көпжылдық бұршақ туыстастарға ұшып барады. Осы жерде күзде қанатсыз аналықтар мен аталықтар пайда болады. Шағылысқаннан кейін аналықтары қыстайтын жұмыртқаларын салады. Даму мерзімінде біте 5-8 ұрпақ береді. Жылы жаңбырлы ауа-райы кезінде бітелер жаппай көбейеді.
Бітенің ЭЗШ-гі шанақтану даму кезеңінде асбұршақтың 20 пайызы өсімдікке әлсіз қоныстанады немесе 100 рет аулағыш қақпатормен сермегенде 250-300 біте.