1. Оқытушы туралы мәліметтер


Тақырыбы: Техникалық және майлы дақылдардың негізгі зиянкестерін оқып білу. Күресу шараларын ұйымдастыру



бет13/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Тақырыбы: Техникалық және майлы дақылдардың негізгі зиянкестерін оқып білу. Күресу шараларын ұйымдастыру.


Мақсаты: Техникалық дақылдардың зиянкестері. Таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын күресу шаралар жүйесі. Анықтау әдістері және қорғау шараларын үйрету.
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Техникалық және майлы дақылдардың негізгі зиянкестері

  2. Күресу шараларын ұйымдастыру.

Әдебиеттер:
Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. Оқу құралы, Эверо, Алматы, 2017. – 216 б.

  1. Сағитов А. О. және т.б. Аса қауіпті және зиянды организмдердің (зиянкестер, аурулар, арамшөптер) фитосанитарлық мониторингі (оқу құралы). Алматы: Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ, 2015. – 354 б.

  2. Технологические приемы и средства защиты полевых культур от болезней, вредителей и сорняков (НАУЧНОЕ РУКОВОДСТВО): ФГБНУ НИИСХ ЦЧП им. В.В. Докучаева, авторы – составители: Велибекова Е.И., Турусов В.И., Мосолова М.М. – Воронеж: издательство «Истоки», 2018. – 337 с. niidokuchaeva.ru

  3. Морозов Д.О., Коршунов С.А., Любоведская А.А., Мишуров Н.П., Коноваленко Л.Ю. Современные системы интегрированной защиты сельскохозяйственных растений: науч. аналит. обзор. – М.: ФГБНУ «Росинформагротех», 2019. – 92 с.file:///C:/Users/ww/Downloads/obzorintegrirovannayazashchita.pdf

  4. Список пестицидов, разрешенных к производству (формуляции), ввозу, хранению, транспортировке, реализации и применению на территории Республики Казахстан на 2022-2031 годы/ URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/agroindust/documents/details/65651?lang=ru



Дәрістің мазмұны: Кәдімгі қызылша бізтұмсығы Bothynoderes punctiventris Germ. Қоңыз түсі түссіз қоңыр, басы ұзынша құбырланып келген үстіңгі қанаттарының ортасында қара жолақ тартпа, ал олардың бітер ұшында ақшылдау төмпешігі бар. Ұзындығы 12-16 мм. Жұмыртқалары сопақша, ақ сары түсті ұзындығы 1,2-1,3 мм. дернәсілдердің түсі ақшыл аяқсыз, доға тәрізді шілген басы сары қоңыр. Денесінде көлденең жиынтықтар, ал арқасының бірінші кеудесінің сегментінде жылтыраған көлденең төмпешік бар, ұзындығы 30 см дейін. Қоңыздар топырақ арасында 10-50 см дейінгі тереңдікте қыстайды. Жер бетіне олар ерте көктемде, қызылша көктемей тұрғанда шығады.Қызылша көктеп шыққанша қоңыздар алаботалы арамшөптермен қоректеніп кейіннен қызылша егісіне көшеді. Зияндылығы өскін шыққан 2-3 жапыраққа дейін қауіпті, қоректеніп біткен соң мамыр айының басында ұрғашы қоңыздар жұмыртқаларын топырақтың үстінгі қабатына салады. Өсімталдығы - әрбір ұрғашы қоңыз 60-100 жұмыртқадан салады. Дернәсілдері қызылшаның және алабота туыстасына жататын өсімдіктердің тамырларымен қоректенеді, маусым-шілде айларында дернәсілдері өздерінің дамуын бітіріп топырақтан бесік салып қуыршақтанады. Қуыршақтық фазасы 2-4 апта. Жаңа қоңыздар жер бетіне шықпайды, ендігі көктемге дейін топырақта қыстайды.
Даму мерзімі біржылдық қызылша бізтұмсығы жұмыртқаларын алабота туыстас арамшөптермен зақымдалған жердің барлық жеріне салады. Қант қызылша егістіктері жиі суғарылып тұрғандықтан бізтұмсық дернәсілдері өледі, сондықтан суғармалы егіншілікте бізтұмсықтар қызылша алқабының шегінде болмай тек қана өскіндерге қауіп төндіреді.
Экономикалық зиян келтіру шегі - өскін шыққаннан 2-3 жапыраққа дейін 1 м2-де 0,2-0,3 қоңызы.
Бізтұмсық қоңызының вегетациялық кезеңдегі саны ауа райына тәуелді, жазы жаңбырлы және суық жылдары бізтұмсұқтардың дамуы тежеліп дернәсілдермен қуыршақтар қыстаудың алдында аурулардан қырылады. Ал, жазы –күзі жылы жылдары қызылша бізтұмсығы өзінің дамуын бітіріп үлкен қоңызға айналу фазасына өтіп үлгерді.
Оңтүстік және оңтүстік шығыста қант қызылшасын бізтұмсықтардың басқа да түрлері зақымдайды атап айтқанда кіші тамырлы, ақшылдау, жолақты, шығыстық және басқа.
Қызылша сұр бізтұмсығы Tanymecus palliatus Fabr. Барлық жақта таралған. Сұр бізтұмсық – полифаг, әр түрлі өсімдіктермен қоректенеді, астық туыстастан басқа. Ол қызылшаның көшеттерін, тұқымынан шыққан көктерін, күнбағысты, көпжылдық шөптерді, көкөніс, бақша және басқада дақылдарды зақымдайды. Өсіп-даму уақыты екі жылға созылады.
Қоңызы бірыңғай түсті сұр, басы қысқаша құбырланып келген (ұзындығы енімен бірдей) мұртшалары бүгілмелі, қоңыздың ұзындығы 8,5-12 мм (75- сурет).
Жұмыртқалары доға тәрізді, ақшыл ақшылсары, шамамен ұзындығы 1 мм. Дернәсілі аяқсыз, құрттәрізді, алғашында ақ, қыстан кейін сарылау, сарыбасты, соңғы сегменті жартылай цилиндірлі төмпешік, ұзындығы 10-12 мм. Қуыршағы босаңқы, сары-ақ , ұзындығы шамамен 10 мм.
Қоңыздары және әр-түрлі жастағы дернәсілдері топырақ арасында 10-50 см дейінгі тереңдікте қыстайды. Сәуір-мамыр айларында қоңыздар топырақ бетіне шығып әр түрлі өсімдіктермен қоректенеді, бірақ жұмыртқаларын топыраққа салады, шырмауықпен қалуен өсетін жерге өйткені, дернәсілдердің басты қорегі болып саналады. Жұмыртқалау кезеңінің созылуы мамыр-тамыз айлары.
Өсімталдығы - әрбір ұрғашы қоңыз 700 жұмыртқаға дейін. 18-20 күннен кейін дернәсілдер туылады, дернәсілдер әр түрлі өсімдіктердің тамырларымен аударылған жерлерде және одан терең 100 см-де қоректенеді. Дернәсілдер он жастан өтеді, жаздық ортасында қуыршақтары шығады.Тамыз айында жаңа қоңыздар пайда болады, келесі жылдың көктем айына дейін топырақта қалады. Қоңыздар қызылшаның жас жапырақтарын және тұқым жарнағын (ойып зақымдайды), тұқым жарнағының буыны және өсу нүктесін зақымдайды. Осындай зақымдалудың нәтижесі салдарынан өсімдіктер сирек өледі.
Дернәсілдері көпжылдық және екіжылдық арамшөптердің тамырларында дамиды (қалуен, шырмауық, түйетікен және басқалары), қант қызылшасын зақымдамайды.
Қызылшаның өскіндерінде қоңыздың экономикалық зиян келтіру шегі күнбағыста 0,2- 0,3 дана/м2, фазасында 2 - 4 жұп жапырақта 0,5- 0,6 дана/м2.

Кәдімгі қызылша бүргесі Chaetocnema concinna Mars. Кәдімгі қызылша бүргесінің қоңызының денесінің түсі қара металды, аяғы және мұртшалары қара. Дене пішіні сопақша, арқа жағы доңес болады, ұзындығы 1,9-2,4 мм. Қоңыздар топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Көктемде бүргелер ерте оянады.


Алғашқы кезде олар арамшөптердің алабұталар және қарақұмықтар туыстасымен, содан соң қызылша егістігіне ұшып сол жерде қоректенеді. Қызылшаға негізінен қыстап шыққан қоңыздар зиян келтіреді. Олар қызылша көгінің жас өскінімен және тұқым жарнақтарымен қоректенеді. Зақымданған жапырақтардың бетінде алғашында жартылай мөлдір түсті дақтар, кейіннен тесіктер пайда болады. Ондай жапырақтар сарғайып қурай бастайды. Осының нәтижесінде өсімдіктің дамиды кешеуілдейді немесе ол өсуін біржола тоқтады.
Қоңыздар жұмыртқалауға сәуірдің аяғы мен мамырдың басында кіріседі. Ұрғашы қоңыздар жұмыртқаларын жердің үстіңгі бетіндегі бос топырақтың арасына салады. Бүргелердің дернәсілдері әр түрлі өсімдіктердің майда тамыршаларымен қоректеніп, қызылшаға айтарлықтай зиян келтірмейді. Жаңа ұрпақтың жас қоңыздары маусымның аяғы мен шілденің бас кезінде шығады. Олар арамшөп және қызылша жапырақтарына аса қауіпті зиян келтіріп 1-2 апта қоректенеді де, кейін қыстауға кетеді. Жылына 1 ұрпақ береді.
Қызылша бүргесінің экономикалық зиян келтіру шегі өскіндер 1 м2/10 қоңыздан келсе егерде, 1 м2-дегі өсімдік саны 25-30 дана болған жағдайда.
Оңтүстік қызылша бүргесі Ch.breviuscula fald. Жаппай таралған. Негізі биологиясы және қант қызылшаны зақымдау сипаттамасы кәдімгі қызылша бүргесіндей, бірақ оңтүстік қызылша бүргесі жылына 2 ұрпақ беріп дамиды.
Оңтүстік қызылша бүргесінің түсі мыс –қолалы, металл жарқылы бар. Аяқтары және мұртшалары сарғыштау, алдыңғы кеудесі үшбұрышты, томпақ, ұзындығы 1,8-2,3 мм. Дернәсілдері құрт тәріздес, ақ, басы сұр және 3 жұп аяқ, ұзындығы 5 мм. Екінші ұрпақтың қоңыздары айтарлықтай зиян келтірмейді.
Батыс қызылша бүргесі Ch. Tibialis LLig. Орталық, Солтүстік-Шығыс Қазақстанда таралған. Даму циклі қант қызылшасын зақымдау оңтүстік қызылша бүргесімен бірдей. Зияндылығы өскіндердің шығуынан бастап және 3-4 жұп жапырақ кезінде байқалады.
Көрсетілген түрлермен қоса Орталық, Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда тамыр жемісінің бүргесі зақымдайды, жапырақта ұзынша сопақша тесік жасайды, жапырақтың астыңғы бетіне тиіспей қалдырады. Дернәсілдер тамырда қоректенеді.
Қызылшаның тамыр бітесі Pemphigus fuscicornis Koch. Қазақстаның оңтүстігінде таралған. Азықтық өсімдіктерге қызылшаның барлық түрі жатады
- қант қызылшасы мал азықтық, ас және де арамшөптердің алабұта туыстасының – алабұта, көкпек және де басқалары. Жаздық қанатсыз партеногенетикалық ұрғашылары жұмыртқа тәріздес, ақсары түсті, көгілдір балауыз өнізді болады. Мұрташалары 5 жұпты, денесінің ұзындығы 2-2,5 мм. Қыстайтын қанатсыз ұрғашыларының сырт белгілері жаздық тарымен ұқсас, айырмашылығы мұртшаларында - 6 жұпты болады. Бір жасар дернәсілдерінің денелері арықша, жасыл-сары немесе сарысұр болады, мұртшалары - 4 жұпты, денесінің ұзындығы 0,75-0,85 мм. Қанатсыз ұрғашылары жазда зиянкестің дамыған жерінде топырақта 15-75 смден төмен тереңдікте қыстайды, көктемде қыстап шыққан бітелер дернәсілдері туылады, 10-12 күнде дамып ұрғашылары пайда болады. Бір жастағы дернәсілдері - кезбелер жылдам, топырақтың бетіне шығып таралады.
Бітелер қызылшаның майда тамыршаларында дамиды және алабұта туыстасының арамшөптерінің сөлін сорады. Бітелердің пайда болған жерлерінде топырақта, тамырлардың айналасында ақшылсары өңез байқалады, бітенің дернәсілдері балауыз өңезімен пайда болады. Зақымдалған тамыршалар өне бастайды, өсімдіктің өсуі бәсеңдейді. Біте тамыржемістерінің өнімділігін, қанттылығын, қызылша өсімталдылығын төмендетеді.
Тамыр бітесі құрғақшылықты, жылылықты сүйеді. Сондықтан интенсивті кобею жолдары, жылдың жаңбырсыз, ауа-райының жоғары температуралы болуына байланысты.
Қызылшаның тамыр бітесімен қоныстануы топырақтың тығыздығы, алабұта туыстас арамшөптерінің болуы әсер етеді. Неғұрлым топырақ тығыз болса, соншалықты тамыр бітесінің коныстануы төмендейді.
Қызылшаның сабақ жемірі Lixus subtilis Sturm. Қызылша өсірілетін аудандардың барлығында тегіс таралған.
Бір жылда екі ұрпақ береді:қоңыздар өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қоңыздар қысқы мекендерінен сәуірдің аяғы немесе мамырдың басында шығып, қызылша егістігіне көшеді, жұмыртқаларын қызылша көшетінің және алабөта туыстасына жататын басқа да өсімдіктердің сабақтарына салады, жұмыртқа салған орнында, ұлпалардың өсуінен шодыр пайда болады. Шодырдың саны шамамен 5-6-ға жетеді, кейде бір сабақта 10- нан жоғары болады.
Туылған дернәсілдер өсімдік сабақтарының ішінде мекендеп, 1-4 см ұзындықта жол салып, сабаққа қарай жылжиды, нәтижесінде сабақтары сынып жапырақтары өледі. Бір сабақта беске дейін дернәсіл болуы мүмкін. Дернәсілдері 40 күнге дейін созылады да, сол қоректенген жерлерінде қуыршақтанып жол салып кеміріп шығады.
Қуыршақтану уақыты шамамен 15 күнге созылады. Жас қоңыздарының екінші ұрпағы, шілде-тамыз айларында туылып қызылшаның жапырағымен және арамшөптермен қоректенеді, содаң соң жұмыртқа салуға кіріседі. Қызылшаның сабақ жегісінің қант қызылшасын зақымдауы құрғақшылық жылдары қауіпті. ЭЗШ -1м2/1,5-2 дарақтан
Қызылша сауытты қоңызы. Қантқызылша егістігіне сауыттылардың екі түрі зиян келтіреді - кәдімгі сауытты қоңыз және алабұта сауытты қоңызы.
Кәдімгі сауытты қоңыздарының денесінің түсі қоңырсары немесе жасыл ұсақ дақтармен, дене тұрқы 6-7 мм, алабұта сауытты қоңызының дене тұрқы 4- 6 мм болады.
Дернәсілі сарыжасыл жалпақтау, дененің бүйірінде айтарлықтай ірі тісшелі өсінділері бар, осы өсінділердің артқы екеуі едәуір ұзын болып келген. Дернәсіл құрсағының ұшы жоғары қарай иілген. Қоңыздар қыстайды. Ерте көктемде олар қыстық орындарынан егістікке ұшады және алабұталылар туыстасына жататын арамшөптерге - көкпек және алабұтаға қоныстайды. Сәуір айында аналық дарақтар жұмыртқаларын үймелеп, арамшөптердің, алабұталылар туыстасының жапырағына салады да, жұмыртқаларының үстін өзінен бөлініп шығарылған жартылай мөлдір шажырқаймен жабады. Бір аналықтың орташа өсімталдығы, жеткілікті ылғалды кезде 200 жұмыртқа, ал құрғақ ауа райында 120 жұмыртқаға дейін салады. Эмбрионалдық дамуы 5-7 күнге созылады, ал дернәсілдің дамуы 15-30 күн.
Қоңыздары және дернәсілдері зиян келтіреді. Қыстап шыққан қоңыздар
тұқым жарнағын және жас жапырақтардың шеттерін жейді және жапырақтарға тесік жасайды. Кіші жастағы дернәсілдер жапырақтың төменгі жағында тұрады, дөңгелектеп жейді, бірақ жоғарғы эпидермисті зақымдамайды. Үлкен жастағы дернәсілдер тесіп жейді және жапырақтың шетін зақымдайды.
Дернәсілдер 2-3 апта ішінде дамиды, содан соң жапырақтардың арасында сары жалпақ тікенекті қуыршаққа айналады, екі аптадан соң қоңыздар шығады, жас қоңыздар тамызда қыстауға кетеді, орман алқаптарына ұшады, сол жердегі өсімдік төсеніштерінің астына кіріп қыстайды.
Қоңыздың экономикалық зиян келтіру шегі өскіндерде 1 м2-де 0,7-1 дана, дернәсілдері 4-5 жұп жапырақ кезеңінде бір өсімдікке 10-нан жоғары болады.
Түркістандық өрмекші кене. Табиғатта кең тараған. 240-тан астам мәдени өсімдіктер және арамшөптер түріне, оның ішінде мақта, қант қызылшасы, қытайбұршақ және бақша дақылдарына, жылыжайдағы өсімдіктерге қатты зиянын тегізеді. Денесінің ұзындығы 0,3-0,6 мм, бөлектенбеген 4 жұп аяғы бар, түсі сарғылтжасыл, күзде көктемде жылтыр қара дақтары бар қызғылттау. Еркектері ұрғашыларынан екі есе кіші. Оңтүстік шығыста 10 ұрпақ берсе, оңтүстікте 20 ұрпаққа дейін дамиды. Ұрықтанған ұрғашы кене топырақтың астында, өсімдіктер қалдықтарында, арамшөптерде, ағаштарда қыстайды. Кене үш даму сатысынан тұрады, дернәсіл, пронимфа және леконимфа, бір-бірінен денесінің вентральдық жағындағы түктерінің көлемімен саны жағынан айырмашылығы болады. Дернәсілдердің үш жұп аяғы бар.
Өрмекші кененің тобы республиканың оңтүстігінде наурыз сәуір айларында құрылады, ал егістікке мамыр-тамыз айларында қарқынды түсе бастайды. Өсімдіктер жапырағын өрмек жібімен шырмап, өрмекші кене жапырақтың астыңғы жағына шоғырланады.
Жапырақтың шырынын кенелер мен оның дернәсілдері сорып олардың құрғауына әсерін тигізіп өнімділігін төмендетіп сапасына әсер етеді. Соңдықтан мақтаның өнімділігі 70, қант қызылшанікі 40-50 ал қытайбұршақтікі 30-45 пайызға төмендейді. Кене мақта дақылының бір маусымында 13-15-ке дейін ұрпақ береді. Көзбен көру арқылы бірнеше аудандарда және орналасу жағдайын ескере, келесідей қолданылады: жеке - кейбір өсімдіктерде зиянкестің жалғыз түрлері ғана кездеседі; байқалатындай тығыздық – өсімдікте 2 – 3 зиянкес табылса; орташа тығыздық – өсімдікте 5 – 10 зиянкес табылса; қатты – өсімдікте 10 – нан жоғары бүрге табылса;
Систематика. Күнбағыс көбелегі – Homoeocosoma nebulella Hd.
Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) топ. Қан көбелектер (Pyralidae) тұқымдасына жатады. Ресейдің европалық бөлігінің далалық аймағында, Сібірде, Орта Азияда және Қазақстанда таралған. Зиянкес жылына 1 генерация беріп өсіп-өнеді.Көбелектердің алдыңғы қанаттары ұзын, орта шенінде 4 қара нүктесі бар, сұр түсті болады.Артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда енді, ақшыл түсті, тек жиектері және жүйкелері ғана қара. Қанаттарының өрісі 20-27 мм. Жұмыртқасы сүттей ақ, сопақша, қабығы жылтыр азадап «әжім» басқан, ұзындығы 0,8 мм, ені 0,4 мм. Ересек жұлдызқұрттардың ұзындығы 9 мм жетеді, арқасы ақшыл-сұр, бауыр жағы ақшыл. Арқасында денесін бойлай күңгірт немесе ақшыл-қоңыр түсті 3 жолақ ораналасқан. Басы қоңырқай-сары, көкірек қалқаны ақшыл-сары түсті. Тыныс тесіктерінің айналасы қара. Ұзындығы 15- 16мм. Қуыршағы ақшылдау қоңыр, кремастері 6-7 тікенекті болады, олардың ұштары түйреуіш басы тәрізді жуантық келеді, қуыршақтың ұзындығы 9-12 мм,ол ақ түсті тығыз тоқылған піллә ішінде жатады.
Дамуы.Зиянкес қоректенуін тоқтатқан ересек жұлдызқұрт стадиясында топырақтың үстіңгі қабатында қыстап шығады да көктемде қуыршаққа айналады. Көбелектердің ұшып шығуы күнбағыстың гүлдену кезеңіне тура келеді.Олар түнде ғана белсенді болады және күрделі гүлділер тұқымдасына жататын әр түрлі өсімдіктердің, солардың ішінде күнбағыстың гүл шырынымен қоректенеді.Жұмыртқаларын гүлдің ішіне салады. Олардан шыққан жас жұлдызқұрттар алғашында гүлдің ішкі бөлімдерімен қоректенеді.
Кейіннен олар (ІІІ жасқа көшкен соң) күнбағыс дәнінің сыртқы қабығын кеміріп ішіне енеді де, оның тұқымын жартылай немесе түгелдей жеп қояды.
Жұлдызқұрттар күнбағыстың дәндерімен қатар, оның зәмбілінің жиектеріндегі жапырақтарын да жейді, зәмбілдің түбіне көптеген жолдар салып, оны өрмек жіптермен шырмап тастайды. Егер осы кезең жауын-шашынды болса, онда күнбағыстың зәмбілдері шіріп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет