1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет10/68
Дата13.02.2023
өлшемі3,28 Mb.
#168604
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68
Байланысты:
umkd- ashdk agronomiya-3 2022-2023 (3)

Санын есептеу әдісі. Көктемгі бақылауларды топырақ 10 см тереңдікте 15 0С қызғанда, зиянкестің санын, түрін, жасын
анықтау үшін жүргізеді. Көпқоректі қоңыздарды есептеу үшін ересек бунақденелілерді және топырақтағы дернәсілдерді есептеу арқылы жүргізіледі. Ересек қоңыздарды көктемде ұшу кезінде бақылайды. Ол үшін қоңыздарды жинап, түрін анықтап, шоғырлану жерін анықтайды. Көктемгі тексеру арқылы зиянкестің қыстап шығуын анықтайды. Қатты қанаттылардың дернәсілдерін көлемі 50х50 см (0,25м2) болатын, 25-30 см тереңдіктен 8 топырақ үлгісін алу арықылы анықтайды. 100 гектардан жоғары жерден 12-16 үлгі алынады. Үлгілер шахматты ретпен алынады. Анықталған дернәсілдер санын қосып, 4- ке көбейтеді де, алынған үлгі санына бөледі. Нәтижесінде дернәсілдердің 1 шаршы метрге орташа саны анықталады. Егер 12 үлгіде 30 дернәсіл анықталса, бұл зиянкестердің қоныстану тығыздығы 1 шаршы метрге 10 данадан келеді.
Топырақтың сымқұрттармен залалдануын келесі шкала бойынша бағалайды: әлсіз деңгей – 1 шаршы метрге 5 дернәсіл, орташа деңгейі – 6-20 дана, қатты залалданған – 1 шаршы метрге 20 данадан жоғары.
Жаздық дақылдардың өскіндері жаппай шығу кезінде, күздік бидайдың түптену кезінде, жүгерінің 2-3 жапырақ кезеңінде егістіктің залалдануын тексереді. Қатарлы егістікте 10-15 жарты метрлік кескіндер алады. Ал жүгеріде 10 өсімдіктен 10 үлгі алынады. Үлгілер шахматты ретпен алынады. Әр үлгідегі барлық өсімдікті мұқият қарап шығады.Топырағы қатты қанаттылардың дернәсілдерімен қатты залалданған алқапта жүгері, картоп және басқа да дақылдарды себудің қажеті жоқ.Күзде қыстауға кететін зиянкестердің тығыздығын анықтау үшін бақылау жүргізеді. Бақылау үшін көктемдегі топырақ қазу әдісін қолдануға болады. Сымқұрттардың және жалғансымқұрттардың ЭЗШ 1 шаршы метрге 5-10 дернәсілден.
Тақтамұрттылар.Тақтамұрттылар туыстасынан (Scarabaeidae) ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретіндеріне: кравчиктер (Lethrini), кеуек қоңыздар (Dynastini), заузалар (Melolonthini) және тамыр кеміргіштер.
Төменде осылардың ішіндегі ең бастыларына ғана қысқаша сипаттама беріледі.
Тапал кравчик – Agrognathus tuberculifons Boll.Қазақстанда Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстарында таралған.Көгілдір жарқылы бар қара қоңыз. Басқа кравчиктерге қарағанда жотасы дөңес, қысқа денелі, ұзындығы 10-16мм. Ересек қоңыз фазасында ғана егіске зиян келтіреді. Көктемде қоңыздар егіннің жаңа щыққан көктерін қырқып, солармен қоректенеді. Әсіресе бидай, арпа, жүгеріні ұнатады.
Қоңыздар мамырдың аяғы мен сәуірдің бас кезінде шығады.Одан соң еркек қоңыз бен ұрғашы қоңызбірігіп 1 ортақ ін қазады. Інніңтүбінде (15-35см тереңдікте) олар бірнеше дернәсілдік камералар жасап, сонда жұмыртқаларын салады да, оларды қырқып әкелген өсімдіктермен толтырады. Дернәсілдері осы өсімдіктермен қоректеніп, жаздың орта кезінде сол камераларда қуыршақтанады. Жаңа ұрпақтың қоңыздары күзде шығады, бірақ олар жер бетіне көтерілмей, сонда қыстайды.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарын бұлардан басқа нағыз кравчиктер және Ceratodirus туыстарына жататын бірнеше түрлер де зақымдайды. Олар Шымкент және Жамбыл облыстарында кездесетін түркістандық кравчик, Қарағанды облысында кездесетін Яковлев кравчигі, Алматы облысының оңтүстік-шығыс жағында кездесетін Чичерин кравчигі, т.б. Түркістандық қи қоңызы –Pendaden dubius Ball. Қазақстанның қиыр оңтүстігінен бастап, Сарыарқа далалары мен Тарбағатай тау жотасына дейін тегіс таралған.Әсіресе Шымкент, Алматы, Жамбыл облыстарында көп
кездеседі де, едәуір зиян келтіреді.
Қоңыздың ұзындығы 16-28 мм,түсі қара немесе қара-қоңыр, жалтырап тұрады.Дене пішіні сопақша, арқа жағы дөңес, құрсақ бөлімі жалпақтау.Мұртшалары 10 буынды. Дернәсілдерінің ұзындығы 74 мм жетеді, түсі ақшыл келеді.
Тақта мұрттылардың бұл түрі 2 жылда 1 генерация беріп дамиды.Қоңыздарды егіс далаларында мамыр айынан бастап тамызға дейін кездестіруге болады. Ересек қоңыздар мен олардың дернәсілдерібидай, арпа,жүгері, қызылша, бұршақ, картоп дақылдарын, жеміс ағаштары мен сәндік өсімдіктердің жерге себілген тұқымдарын зақымдайды.
Жетісулық мәрмәрлі зауза –Polyphylla irrorata Gebl. Алматы, Жамбыл, Талдықорғаноблыстарында таралған. Көбінесе тау етектерінде және соларға таяу саз топырақты учаскелерде көп кездеседі.Қоңыздың ұзындығы 38 мм.Үстінен қарағанда мәрмәр түсті ақшыл дақтар аралас қызғылт қоңыз. дернәсілі сом денелі, ұзындығы 70 мм-ге дейін жетеді, түсі бозғылт келеді.
Бұл түр 3жылда 1 генерация беріп дамиды. Дернәсілдері саздақ және саз топырақты учаскелердімекендеп, жеміс-жидек және сәндік ағаштар мен бұталардың, қант қызылшасы мен картоптың, жүгері, көкөніс, бақша дақылдарының жер астындағы мүшелерін зақымдайды. Далалық дақылдардан әсіресе қант қызылшасын қатты зақымдап, оның сапасын нашарлатады. Қызылшаның тамыржемісі өте аз дәрежеде зақымданған күннің өзінде де оның қаттылығы 14-15% дейін төмендейді.
Тақта мұртты қоңыздардың зиянды түрлерінің осы жоғарыда келтірілгендерден басқа Қазақстанда таралғандары: ақ зауза(P.alba Pall), зиянды зауза (P.adspersa Motsch), түркістандық астық қоңызы(Cyriopertha glabra Gebl),т.б. Бұлардың барлығының дернәсілдеріәр түрлі өсімдіктердің жер астылық мүшелерін зақымдайды және олардың генерациясының дамуы 2-3 жылға созылады.
Күресу шаралары. Көп қоректі қатты қанаттылардың дернәсілдерінің өмір бойы топырақ арасында тіршілік етуі, өсіп-өніп дамуының көп жылға созылуы және ауыспалы егістің барлық танаптарына таралуы оларға қарсы күрес шараларын жүргізуді қиындатады. Дегенмен агротехникалық және химиялық күрес тәсілдерін үйлестіре, жүйелі түрде жүргізе отырып, зиянкестердің зияндылығын едәуір дәрежеде тежеуге болады. Ол үшін мына төмендегі агротехникалық шараларды жүзеге асыру керек:
Топырақты баптау шаралары ішінде сүдігер жырту, сүрі жерді өңдеу, отамалы дақылдар егісінің қатар аралықтарын қопсыту кезінде жүргізілген жөн.Топырақты әкпен өңдеу шыртылдақ қоңыздардың бірқатарын өсіп-өну жағдайын нашарлатады.Зиянкестер көп учаскелерді ерте таза сүріге қалдыру, оларды ұқыпты түрде бірнеше рет культивациялау. Егер ауыспал егісті сүріге қалдыруға мүмкіндік болмаса, онда сымқұрттар көп болған учаскелерге сымқұрттармен аз зақымдалатын бұршақ тұқымдастарын, қыша, қарақұмық, зығыр, тары дақылдарын еккен жөн.
Сымқұрттар мен жалған сымқұрттардың 1 шаршы метр жерге келетін саны 10- нан асатын болса, онда жүгері тұқымын сепкенде сонымен қоса топыраққа гектарына 40-50 кг есебімен базудиннің 5-10 % түйіршіктерін салу керек.
Көп қоректі тақта мұртшалардың дернәсілдерімен күресу тәсілдері техникалық, көкөніс дақылдарының маманданған зиянкестерімен күресу жүйесінде берілген.
Көпқоректі қабыршаққанаттылар.
Жұмыртқалары жартылай шар тәрізді, сүтті ақшыл, батыңқы, диаметрі 0,5 мм. Жас жұлдызқұрттарының түсі ақшыл, басы қара. Ересек жұлдызқұрттары сұр, ұзындығы 50 мм-ге дейін.
Соңғы жастардағы жұлдызқұрттары 15-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемле қуыршақтанады. Қуыршақтану кезеңі 2-4 апта. Көктемде қуыршақтарынан көбелектерінің ұшып шығуы оңтүстікте сәуірдің ортасында, оңтүстік шығыста мамыр айының екінші онкүндігінде байқалады. Көбелектерінің ұшуы 30-40 күн аралығында, түнде ұшады. Өсімталдығы 400- 800 жұмыртқа. Эмбриональды дамуы 3-10 күн. Зияндылық оңтүстік аудандарда қатты байқалады. Жылына 2-3 ұрпақ беріп дамиды.
1-ші және 2-ші жастағы жұлдызқұрттары жапырақтарымен қоректенеді. 3-ші жастағы жұлдызқұрты ішінара топыраққа кетіп тұрады. Көбінесе кешке қарай және түнде қоректенеді. Келесі жастағы жұлдызқұрттары түнде қоректеніп, күндіз тамырға жақын маңда 1-2 см тереңдікте болады. Қызылшада өскіндерін, жапырақтарын, түйіндерінің жоғарғы жағын кеміреді, күздік дақылдарда тұқымдарын, өскіндерін, кейін сабақтары мен жас өсімдіктердің жапырақтарын кеміреді. Жұлдызқұрттардың дамуы 1-1,5 ай жүреді, олар бұл уақытта 6 жастан өтеді. Қыстайтын жұлдызқұрттар 7-8 ай өмір сүреді. Күзде соңғы жастағы жұлдызқұрттары 10-12 күнде қоректенуін аяқтап, қыстауға кетеді. Қуыршақтары қызыл-қоңыр, ұзындығы 18-20 мм.
Лепті көбелек– Agrotis exclamations L. Жаппай таралып, зияндылық келтіреді. Солтүстік Қазақстанда бір ұрпақ, оңтүстік шығыста бір-екі, оңтүстікте екі ұрпақ береді. Өмірлік циклы температураға және ашық күннің ұзақтығына байланысты. Сондықтан Алматы облысында популяцияның бір бөлігі бір ұрпақ, бір бөлігі бір ұрпақ береді. Шілде айында лепті көбелектердің жаппай шығады, сондықтан да зияндылығы мал азықтық дақылдарының өскіндерінде қатты байқалады. Лепті көбелектің зияндылық келтіру сипаты, күздік көбелектің зияндылық келтіруімен бірдей. Лепті көбелек, жазғы жоғарғы ауа температураға және қысқы төмен температураға төзімді келеді.
Көп қоректі қабыршақ қанаттыларға қоңыр көбелектер немесе түн көбелектері (Noctuidae) тұқымдасының бірқатар түрлері мен қан көбелектері (Pyralidae) тұқымдасының біраз өкілдері жатады. Сонымен қатар кеміргіш қоңыр көбелектер және жер үстілік немесе 20 - сурет. Лепті көбелек. жапырақ кеміргіш қоңыр көбелектер болып 2 топқа бөлінеді. Төменде солардың ішінде ең бастыларына ғана сипаттама беріледі.
Күздік көбелек –Agrotis segetum Schiff.Ресейдің европалық бөлігінің Қиыр солтүстігінен басқа аймақтарының барлығында, Күнгей Кавказ бен Орта Азияда, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында таралған.
Көбелектің алдыңғы қанаттарының жалпы түсі ақшыл-қоңырдан қара- қоңырға дейін өзгеріп тұрады: бүйрек тәрізді, сына тәрізді, дөңгелек таңбалар жіңішке қара сызықпен орналасқан. Олардың екеуі сына тәрізді таңбаны кесіп өтеді де, қалған екеуі бүйрек тәрізді таңбадан төмен жатады. Артқы қанаттары ақшыл. Ұрғашыларының мұртшалары жіңішке қылшық тәрізді, ал еркектерінікі жуанырақ келеді, тарақ тәрізді. Қанаттарының өрісі 40-50 мм. Жұмыртқасы жарты шар тәрізді, диаметрі 0,5мм, үстіңгі жағындағы қырларының саны 16-20. Жаңа салынған жұмыртқаның түсі сүттей ақ,2-3 күн өткен соң оның сыртқы қабығында қызғылт шеңбер пайда болады. Жұлдызқұрт шығар кезде жұмыртқа қараяды. І-ІІІ жастағы жұлдызқұрттар күңгірт топырақ түсті сұр, жоғарғы жастағыларының эпикутикуласы жылтыр, арқасында бойлай орналасқан жіңішке қара жолақ бар,құрсағында 5 жұп аяқтары болады, маңдай тігістері желке шұқырында түйіседі, 4-жастағы жұлдызқұрттың ұзындығы 52 мм жетеді. Қуыршақтың ұзындығы 20 мм шамасында, түсі қызыл-қоңыр, анальді бунағы 2 тікенекті.
Күздік көбелектің 1 жылда беретін ұрпақтарының саны мекендеген жерінің ауа-райы жағдайларына байланысты.Мысалы, Шымкент облысында 3, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарында 2, ал Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 1 ұрпақ береді.
Күздік көбелек дамуы аяқталған жұлдызқұрт фазасында топырақтың тығыздығы мен жұмсақтығына қарай 5-25 см тереңдікте қыстайды.Көктемде орташа температуар 100С- тан жоғары көтерілгенде жұлдызқұрттар 5-6 см тереңдікте жер бесік жасап, сонда қуыршаққа айналады. Қуыршақтың дамуы ауа райы жағдайына байланысты 2-4 жетіге дейін созылады.
Көктемде көбелектердің ұшуы, орташа тәулік температурасы 15-170С болғанда байқала бастайды. Олардың ымырт жабылған кезде басталып, түн ортасында тоқталады.Ең қарқынды ұшу мерзімі түнгі сағат 10-12 арасында.Көбелектер күндіз әр түрлі заттардың астында, жер жарықтарына паналап жатады. Олар әр түрлі өсімдіктердіңгүл шырынымен қоректенеді. Бұл олардың өсімталдығын арттырады, әрбір ұрғашы көбелек өз өмірінде 200-2000- ға дейін жұмыртқа салады.Жұмыртқаларын бір-бірлеп немесе 3-5 топтап, жапырақ бетіне, қурап қалған сабаққа немесе топырақ кесектерінің үстіне орналастырады. Әсіресе егіс шырмауығы сияқты төселме сабақты өсімдіктердің жапырақтарына салуды ұнатады.
Жұлдызқұрттар алғашында сол жұмыртқадан шыққан жерде жапырақтың астыңғы бетінің жұмсақұлпасына кеулеп жеп қоректенуін бастайды.Екінші жастағы жұлдызқұрттар жапырақты кеміріп, тесіп нәтижесінде жапырақта ірілі- ұсақты тесіктер пайда болады.Үшінші жастағы жұлдызқұртта жапырақты шетінен бастап кеміріп жейді,4-5-6 жастағы жұлдызқұрттар күндіз әр түрлі заттарды паналап, болмаса бос топыраққа еніп жатады да кешке қарай шығып, сабақтың жер үстінетаяу бөлімін кеміріп жеп, өсімдікті біржола қырқып тастайды.Жұлдызқұрттар неғұрлым ересек болса, солғұрлым қомағай келеді.
Қоршаған орта температурасына байланысты 25-35 күннен кейін жұлдызқұрттар топырақ арасына еніп, қуыршаққа айналады. Одан 15-18 күннен кейін 2-ұрпақтың көбелектері ұшып шығады. Бұл ұрпақтың көбелектері мен жұлдызқұрттарының тіршілік әрекеті 1-ұрпаққа ұқсас. 2-ші ұрпақтың көбелектерінің қарқынды түрде ұшуы Қазақстанның оңтүстік-шығысында шілденің 3-ші 10күндігі мен тамыздың 1-ші 10күндігінен басталып, қыркүйектің басына дейін созылады. Жұлдызқұрттарының дамуы өте созылыңқы болады да олар қыстауға тек қазанның аяғында ғана кетеді. Оңтүстік Қазақстанда 2-ұрпақ маусымның аяғынан тамыздың ортасына дейін, ал 3-ұрпақ қыркүйек-қазан айларында дамиды.
Қазақстанда күздік көбелек әсіресе көктем кезінде отамалы дақылдардың көктері мен көшеттері үшін өте қауіпті. Осы кезде көбелектің 1- генерациясының өсіп-өніп дамуы мақта, қант қызылшасы, жүгері, темекі, көкөніс және басқа дақылдардың көктеп шығуына немесе олардың көшеттерін отырғызу кезеңіне тура келеді. Күздік көбелектің екінші генерациясының жұлдызқұрттары оңтүстік-шығыста жүгері, жоңышқа, көкөніс және басқа дақылдардың егінін зақымдайды. Қант қызылшасы мен сәбіздің және картоптың түйнектері және тамыржемістерімен қоректеніп, оларды бүлдіреді. Сонымен қатар сүрігесебілген күздік бидайдың көгін зақымдайды.
Күздік көбелектің дамуы арамшөптермен тығыз байланысты. Көпшілік жағдайда көбелектер жұмыртқаларын арамшөптерге салады және жұлдызқұрттар алғашында солармен қоректеніп, соңынан дақылдарға көшеді. Өсімдіктер неғұрлым жас болса, жұлдызқұрттар оларды солғұрлым қатты зақымдайды.
Күздік көбелектің сан мөлшерін реттеп тұратын факторлар – ауа райының жағдайлары, агротехникалық шаралар және оның табиғи жаулары. Қалың түскен қар жұлдызқұрттарды қатты аяздан сақтап, жақсы күйдеқыстап шығуларына мүмкіндік туғызады. Көктемде қуыршақтанар кезде ылғал шамадан артық болса, олардың қырылып қалуы мүмкін, керісінше құрғақшылық болса оларға қолайлы жағдай туады.
Тұтас бір маусым бойындағы жылылық жинағы жұлдызқұрттардың қысқа даярлығын анықтауға мүмкіндік береді. Жылылық жеткіліксіз болған жағдайда жұлдызқұрттардың тек біраз бөлігі ғана ең соңғы, яғни 6 –жастағы сатысына дейін дамып үлгере алады, ал қалғандары толық дамып үлгермейді де қысқы суықтарда қырылып қалады. Керісінше жылылық жеткілікті болса, олар тез дамып қысқа дейін толық жетіледі де қыстан күйлі шығады.
Күздік көбелектің жұлдызқұрттары саңырауқұлақ, бактериялық және вирус ауруларымен жиә ауырады. Қазақстанда олардың оқтын-оқтын жаппай қырылып қалуына себепші болатын гранулез вирусы едәуір тараған. Ал бұл түрдің табиғи жауларының ішінде өте кең таралғандары браконид тұқымдасына жататын апантелес пен рогас, шаншарлардан амблителес деп атайтын тоғышар- жәндіктер. Олар көбелектің жұлдызқұрттары мен қуыршақтарындатоғышарлық тіршілік етеді. Жыртқыш жәндіктер мен құстар да күздік көбелектердің жұлдызқұрттары мен қуыршақтарының тиімді жаулары болып есептеледі. Ал оның жұмыртқаларында трихограмма деп аталатын жарғақ қанатты жәндіктер тоғышарлық тіршілік етеді.
Лепті көбелек – Agrotis exclamations L. Қазақстандажаппай тегіс таралған. Көбелектердің қанаттарының өрісі 35-45 мм. Еркек көбелектің алдыңғы қанаттарының түсі сарғылт, сұр немесе қоңыр, ұрғашы көбелектікі қара-қоңыр. Бүйрек тәрізді және сына тәрізді таңбалар қосылып леп белгісі тәрізді таңба жасайды. Артқы қанаттарының түсі еркегінде ақшыл, ұрғашысында қоңыр. Сарғылт ақ түсті жұмыртқаларының диаметрі 0,7-0,9 мм, биіктігі 0,5 мм.
Дамуы аяқталған жұлдызқұрттар күңгірт-сұр түсті, ұзындығы 35-40 мм.
Қуыршақтың ұзындығы 16-20 мм, түсі ақшыл-қоңыр немесе қызыл-қоңыр.
Лепті көбелек Қазақстанның солтүстігінде жылына бір, ал оңтүстігі мен оңтүстігі-шыңысында 2-3 генерация беріп өсіп-өнеді. Оның жұлдызқұрттары күздік көбелектікіне қарағанда 5-7 күн ұзағырақ дамиды.
Лепті көбелектің дамуы үшін ауа райының ең төменгі жылылығы, яғни дамуының төменгі шегі 110С. Ал оның бір генерациясының толық дамуы үшін 7700 С тиімді температура жинағы керек. Тіршілік ету жағдайлары мен өсімдіктерді зақымдау сипаты жағынан ол күздік көбелекке өте ұқсас.
Шалғын көбелегі – Loxostege sticticalis L. Қан көбелегі туыстасына жатады. Батыс, Солтүстік және Орталық Өзбекстанда оқтын-оқтын зиян келтіреді.
Көбелектің қанаттарының өрісі 18-26 мм, денесінің ұзындығы 10-12 мм, алдыңғы қанаттарының түсі қара, қоңыр дақтары бар сұрғылт-қоңыр немесе ақшыл болады. Артқы қанаттары сарғылт-сұр, сыртқы жиектерін бойлай екі қара жолақ орналасқан. Астыңғы жағынан қарағанда қанаттары күңгірт-сары, сұрғылт, кейде қара дақтары бар ақшылдау болып көрінеді. Тыныштық қалыпта көбелек қанатын үшбұрыштандыра шатыр тәрізді жайып отырады. Ұрғашылары еркектеріне қарағанда ірі болады.
Жұмыртқасының пішіні сопақша келген, астыңғы жағы тегіс, үстіңгі жағы дөңес, ұзындығы 0,8-1,0 мм, ені 0,4-0,5 мм, түсі сүттей ақ, маржандай құлпырып тұрады. Төменгі жастағы жұлдызқұрттарының түсі мөлдір немесе жасылдау, басы қара, жоғарғы жастағыларынікі сұрғылт-жасыл, денесін бойлай орналасқан бірнеше қара жолақтар бар, олардыңбіреуі арқа жағында, қалғандары бүйір жақтарында. Жолақтардың аралығында жасылдау сары түсті ирек сызықтар жатады. 5-жастағы жұлдызқұрттардың ұзындығы 25 мм барады. Жұлдызқұрттар жібек тәрізді өрмек жіптен тоқылған қапшық пішінді ұзынша пілләнің ішінде қуыршақтанады. Піллә топырақтың үстіңгі қабатында жер бетіне жақын тік орналасады, ұзындығы 20-50 мм жетеді. Қуыршақтың басы қара, денесінің қалған бөлімініңсарғылттау қызыл-қоңыр, ұзындығы 8-13 мм.
Шалғын көбелегі едәуір қашықтыққа ұша алады. Көбелектер шағылысар алдында әрекетті болады.Кейде олар 10-шақты метр биіктікке дейін көтеріледі.Сол кезде оларды қатты соққан жел іліп әкетеді де ондаған, жүздеген километр қашықтыққа апарып тастайды.
Бұл зиянкестің өсіп-өнуіне, көбеюіне ауа райы зор әсер етеді. Оның дамуы үшін қолайлы температура 25Со,15-16Со температурада ұрық клеткалары пісіп-жетідмейді де, көбелектер жұмыртқа салмайды.
Қуыршақтарының салмағы белгілі болса, онда зиянкестің физиологиялық күйі туралы айтуға болады. Қуыршақтың орта салмағы 35 мг, бірақ бұл көрсеткіш даму жағдайларына байланысты 10-60 мг дейін өзгеріп тұрады. Тәжірибеге қарағанда салмағы 30 мг төмен қуыршақтардан бедеу көбелектер шығады.
Дәннің сұр көбелегі. Астық қоңыздары. Зиянды бақашық қандаласына сипаттама беру. Анықтау әдістері және қорғау шаралары.
Дәріс желісі: Дәннің сұр көбелегі –Apamea anceps Schiff. Зиянкес кең таралған және республиканың солтүстігінде масақты дәнді дақылдардың қауіпті зиянкесі болып табылады. Жұлдызқұрттары негізінен бидайдың, күздік қара бидайдың, арпаның, жүгерінің дәндерін зақымдайды. Өнімнің потенциалды шығыны 2-5 ц/га жетеді.
Көбелектерінің қанаттарының жайылғандағы орташа өлшемі – 35-40 мм. Денесінің ұзындығы 15-18 мм. Алдыңғы қанаттары бұлыңғыр-сұр-қоңыр түсті болып келеді. Артқы қанаттары ашық-сұр және сұр шет жақтары қарайған, мұртшалары жіп тәріздес. Аналықтарының жұмыртқа салған орны хитинді екі жақты, денесінің аяқ жағында қысқаш тәрізді, түсі қызыл-қоңыр болып келеді.
Жұмыртқасы шар пішінді, диаметрі 0,5 мм, сыртқы көрінісі көп қырлы болады. Жаңа салынған жұмыртқа мөлдір ақ түсті кейінірек ұрықтың даму барысына қарай қызғылт, ал жұлдызқұрт шығар алдында қоңыр түске айналады. Жұмыртқаларын масақ және гүл қабыршақтарының ішкі жағына салады. Бір жұмыртқалауында бірден 70жұмыртқа , көбіне 7-20 дана арасында болады. Өсімталдығы 100-200-600-800 жұмыртқаға дейінгі аралықта болады.
Жұлдызқұрттары 3 жұп көкірек және 5 жұп бауыр ақтары болады. Денесінің түсі даму ерекшелігіне байланысты бозғылт-жасылдан сұр-қоңыр түске дейін өзгеріп отырады. 8 жасқа дейін дамиды. Жұлдызқұрттарының жасын бас қабығының диаметрі арқылы анықтайды,
мм: I – 0,225-0,275; II – 0,300-0,375; III – 0,425-0,550; IV – 0,600-0,777; V – 0,875- 1,250; VI –1,375-1,875; VII – 1,950-2,500; VIII –2,500- ден жоғары. Соңғы
жастағы жұлдызқұрттарының ұзындығы 28-32 мм-ге жетеді.
Қуыршағы қызғылт және бозғылт-қоңыр, ұзындығы 15-18 мм. Қуыршақтың артқы жағында (кремастер) екі ұзын тікенек және төрт нашар дамыған қылшық болады. Жұлдызқұрттарының жаппай туылуы шілде айының үшінші онкүндігінде болады.
Дәннің сұр көбелегі барлық жерде бір ұрпақ беріп дамиды. Көбіне ең соңғы (VIII) жастағы жұлдызқұрттары топырақта жиналмаған сабан, жүйек астында қыстайды. Көктемде біршама уақыт қоректенгеннен кейін 4-5 см топырақ астында қуыршақтанады.Көбелектерінің ұшуы маусым айының ортасынан тамыз айының басына дейін жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет